ВАВИЛОНКА – өзен.
|
Шүлбі бөгенінің солт-нде, Үбі өз-нің аңғарында, Шемонайха ауд-нда.
|
ВОЙЛОЧЕВКА – өзен.
|
Қалба жотасының шығыс бөлігінде, Көкпекті ауд-нда.
|
ДАҒАНДЕЛІ – өзен.
|
Ақшатау жотасының батысында, Аягөз ауд-нда.
|
ДАҒАНДЕЛІ – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт.-батысында, Аягөз ауд-нда.
|
ДАРАӨЗЕК – өзен.
|
Сәуір жотасының солт.-батыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
ДӘУБАЙ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ДОСБОҒАЛЫН – көл.
|
Қалба жотасының солт-нде, Ертіс өз-нің аңғарында, Ұлан ауд-нда.
|
ДРЕСВЯНКА – өзен.
|
Өскемен қ-ның батысында, Ертіс өз-нің аңғарында, Ұлан ауд-нда.
|
ЕГІНБҰЛАҚ – өзен.
|
Қалба жотасы мен Тарбағатай жотасы аралығында, Кіндікті өз-нің аңғарында, тарбағатай ауд-нда. “Жағасында егін салынған бұлақ не өзен” деген мағынаға ие атау.
|
ЕГІНБҰЛАҚ – өзен.
|
Күршім жотасының оңт.-батысында, Күршім ауд-нда.
|
ЕГІНСУ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд-нда. Егіннің суы дегенді білдіреді.
|
ЕКІАША – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт-нде, Үржар ауд-нда аңғарында, Жарма ауд-нда. Гидронимдік термин негізінде қалыптасқан.
|
ЕЛҚҰДЫҚ – құдық.
|
Балқаш к-нің солт.-шығысындағы, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ЕЛОВКА – өзен.
|
Сарымсақты жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
ЕМЕЛ – өзен.
|
Шығыс Тарбағатайдың сілемі мен шекарадағы (Қытайда) бұлақтардан басталады да Алакөл к-не құяды. Өзен Үржар ауд. жерімен ағып өтеді. Оның ұзындығы - 254 км (оның 91 км-і Қазақстанда), су жиналатын алабы 21,6 мың км2, жылдық орташа су ағыны 11,4 м3/с (Шағантоғайдың құяр тұсында).
|
ЕРБОЛ – құдық.
|
Шыңғыстау жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда. Тереңдігі - 25 м, шығымы 400 л/с. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ЕСПЕ – өзен.
|
Зайсан к-нің солт.-батысында, Көкпекті ауд-нда. Еспе атауы қаз. есу етістігінен - “ес” етістігінің қимыл тұлғасы, -пе қосымша. “Ақпа,сусымалы”, “бос” деген мағынадағы атау.
|
ЕСПЕ – өзен.
|
Қалба жотасының батыс бөлігінде, Жарма ауд-нда.
|
ЕСПЕ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Балтатарақ өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ЕСПЕ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Бұғаз өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда.
|
ЖАЙДАҚ – бұлақ.
|
Арқарлы тауларының солт-нде, Дағандалы өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Бұлақ тегіз, жазық, ашық, жадағай, жайпақ жерде орналасқандықтан осылай аталған болу керек.
|
ЖАЛАҢАШ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Үржар ауд-нда. Өзен жағасы қу тақыр дала, ешқандай өсімдік өспегендіктен осылай аталса керек.
|
ЖАЛҒЫЗТАЛБҰЛАҚ – бұлақ.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ЖАЛПАҚ – көл.
|
Беген а-нан оңт.-батысқа қарай 21 км жерде, Бесқарағай ауд-нда. Көл маңындағы қырқалардың сырт көрінісіне қарай “жалпақ” аталса керек.
|
ЖАЛПАҚ – бұлақ.
|
Балқаш к-нің солт-нде, Қараүңгір тауларында, Аягөз ауд-нда.
|
ЖАМАНСОР – көл.
|
Күршім жотасының оңт.-батысында, Күршім ауд-нда.
|
ЖАЛАНАШ – құдық.
|
Сасықкөл к-нің солт.-батысында, Үржар ауд-нда.
|
ЖАНАМА – өзен.
|
Қалба жотасының оңт. беткейінен басталып, Шар өз-не құяды. Өзен Шығыс Қазақстан обл-ның Жарма ауд. жерімен ағып өтеді. Оның ұзындығы 70 км, су жиналатын алабының аумағы 816 км2. Жана (у) етістегі мен –ма (сын есім қосымшасы) аффиксінің қосылуы арқылы жасалған: “жолды жанай ағатын өзен” мәнін береді.
|
ЖАНАН – көл.
|
Семейтау тауларының оңт.-батысында, Шаған өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта.
|
ЖАҢАБЕК – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ЖАРЛЫ – өзен.
|
Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда.Өзен жағасы тік жарлы боп келгендіктен қойылған атау.
|
ЖАРМА – өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-батысында, Жарма ауд-нда. Жар түбірі көптеген түркі тілдерінде кездеседі. Түркі тілдеріндегі негізгі мағыналары “жарқабақ”, “тік жаға”, “жыра”, “жартас” екендігін ескерсек, қарастырып отырған Жарма топониминің түбірі жар элементтінің негізінен “тік жаға, жар” және “жару, жыру” мағыналарындағы етістік-есім (синкретикалық) түбір сөз екендігі айқындалады. Топоним етістік жар тұлғасынан туындап, “жыртылған, жарылған; жыра, жыралы жер” мағынасын білдіреді.
|
ЖАРСУ – өзен.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда.
|
ЖАРТАС – өзен.
|
Қалба жотасының солт-нде, Ертіс өз-нің аңғарында, Ұлан ауд-нда.
|
ЖАРТАС – өзен.
|
Семейтау тауларының батыс бөлігінде, Семей қ-на қарайтын аумақта.
|
ЖАРЫҚҚҰДЫҚ – көл.
|
Семейтау тауларының оңт.-шығысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. “Терең сайдағы, өзектегі құдық” мәніндегі атау.
|
ЖЕМЕНЕЙ – өзен.
|
Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда. Қалмақ тілінен енген атау.
|
ЖЕТІБАЙ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ЖОҒАРҒЫ БАЛЫҚТЫКӨЛ – көл.
|
Қалба жотасының оңт.-батысында, Жарма өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.
|
ЖУАНДЫҚ –өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-шығыс бөлігінде, Көкпекті ауд-нда.
|
ЖҰМБА – өзен.
|
Қалба жотасының оңт. бөлігінде, Көкпекті ауд-нда.
|
ЖҮЗАҒАШ – өзен.
|
Зайсан к-нің солт.-батысында, Көкпекті ауд-нда.
|
ЖЫҢҒЫЛДЫ – көл.
|
Мыржық жотасының шығысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. Жағалауында жыңғыл өсімдігі көп өскендіктен осылай аталған.
|
ЖЫРА – өзен.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай аду-нда.
|
ЖІҢІШКЕ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-батысында, Жарма ауд-нда. Өзеннің ені тар, жіңішке болғандықтан қойылған атау.
|
ЖІҢІШКЕ – өзен.
|
Нарым жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
ЖІҢІШКЕ – өзен.
|
Сауыр жотасының солт.-батыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
ЖІҢІШКЕСУ – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарындағ Аягөз ауд-нда.
|
ЗАЙСАН (Жайсаң)– көл.
|
Оңт. Алтайда, Шығыс Қазақстан обл-ның аумағында орналасқан. Көл солт-гінен Нарым мен Күршім, оңт-гінен Сауыр-Тарбағатай жоталарының сілемдерімен қоршалған тектоникалық қазаншұңқырда, теңіз деңгейінен - 386 м биіктікте жатыр. Зайсанға Қара Ертіс өз. құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. Ертістегі Бұқтырма СЭС-і салынғанға дейін көл айдынының аумағы - 1788 км2, ұзындығы - 111 км, ені 30 км орташа тереңдігі 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бөгет салынғаннан кейін көл Бұқтырма бөгеніне қосылып кетті. Көлемі артып, жаға сызығының пішіні өзгерді. Қазір Зайсан к-лі жағалауы ойпатты, тектоникалық көлдер типіне жатады. Зайсан атының қойылуына байланысты мынадай аңыз да бар: бір жұт жылы қалмақтар (ойраттар) аштан қырылып жатқанда, осы көлге келіп, балығын жеп, апаттан аман қалыпты. Сөйтіп көлді Заасингнор (жақсы көл) атапты. Қазақ тіліндегі «жақсы мен жайсаң» деген тіркестегі жайсан сөзі монғол тілінен енген. Көл аты осы мағынадағы сөзбен де байланысты болуы ықтимал. Жергілікті тұрғындар көлді әлі күнгі Жайсаң деп атайды.
|
ЗЕРГЕР – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт,-батысында, Доланқара тауларының батыс бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.
|
ИТАЯҚ – өзен.
|
Үлкен Сарымбет таулары мен Мыржық жотасы аралығында, Семей қ.ә.қ.а.
|
ИІРСАЙКӨЛ – көл.
|
Қасқабұлақ а-нан оңт.-батысқа қарай 25 км жерде, Абай ауд-нда.
|
КАЛМАЧИХА – өзен.
|
Оңтүстік Алтай жотасының солт.-батысында, Қатонқарағай ауд-нда. Этнонимнен туындаған атау.
|
КАМЕНУШКА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының оңт-нде, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.
|
КАНАЧКА – өзен.
|
Тарбағатай жотасының батыс бөлігінде, Үржар ауд-нда.
|
КАУРИХА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының оңт-нде, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.
|
КЕЗЕҢКӨЛ – көл.
|
Күршім а-нан шығысқа қарай 39 км жерде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.
|
КЕЛДІМҰРАТ – өзен.
|
Тарбағатай жотасында, Үржар ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
КЕМЕРКӨЛ – көл.
|
Күршім а-нан шығысқа қарай 58 км жерде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда. Кемер – “өзен, көл, су арнасының жағалауы, жиегі”. Сонда “Арнасы толған көл” мәніндегі атау.
|
КЕМПІР – құдық.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Көксала өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
КЕНДІРЛІК – өзен.
|
Зайсан к-нің шығысында, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Зайсан ауд-нда. Өзен жағалауында кендірдің көп өсуіне байланысты қойылған атау.
|
КЕНЖЕБАЙ – көл.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда, Кісі есімімен қойылған атау.
|
КЕРЕГЕТАС – өзен.
|
Тарбағатай жотасының шығыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
КЕРУЕНКӨЛ – көл.
|
Қалба жотасының солт.-батысында, Шар өз-нің аңғарында, Семей қ.ә.қ.а.
|
КОВАЛЕВКА – өзен.
|
Қалба жотасының солт-нде, Ертіс өз-нің аңғарында, Ұлан ауд-нда.
|
КОЗЛУШКА – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.
|
КОРОБИХА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының оңт.-батысында, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.
|
КОРОВЬЯ – өзен.
|
Оңтүстік Алтай жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
КӨКЕН – бұлақ.
|
Ақшатау жотасының оңт.-батысында, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
КӨКПЕКТІ – өзен.
|
Ертіс алабында, Көкпекті және Жарма ауд-дары жерімен ағады. Тарбағатайдың солт. бөлігіндегі Сарытау, Қайрақты тауларынан басталып, Бұқтырма бөгеніне (Зайсан к-не) құяды. Ұзындығы - 206 км, су жиналатын алабы 9030 км2, жылдық орташа су ағымы 4,31 м3/с (Көкпекті а-ның тұсында).
|
КӨКРАҚ – құдық.
|
Балқаш к-нің солт.-шығысында, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
КӨКСАЛА – өзен.
|
Ақшатау жотасы мен Бақанас өзені аралығында, Аягөз алабында, Аягөз ауд. жерімен ағады. “Тау суы” мәніндегі атау.
|
КӨКСУ – өзен.
|
Айғыржал жотасы мен Сарытау таулары аралығында, Жарма ауд-нда.
|
КӨКТЕРЕК – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт. бөлігінде, Үржар ауд-нда. Атау “көкпен, аспанмен таласқан, биік терек” деген мәнді аңғартқандай немесе терек ағашының бір түрінің аты.
|
КӨКТӨБЕБАСТАУ – бұлақ.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, үржар ауд-нда.
|
КӨКҮСКЕН – құдық.
|
Шыңғыстау жотасының оңт.-батысында, Аягөз ауд-нда. Тереңдігі - 4 м, шығымы 450 л/с
|
КӨЛДЕНЕҢ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт. бөлігінде, Үржар ауд-нда. “Түзу емес, қиғаш, көлбеу жатқан (өзен)” мәніндегі атау.
|
КӨЛДЕНЕҢСУ – өзен.
|
Сәуір жотасының солт.-батыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда. “Түп-түзу емес, қиғаш, көлбеу жатқан су (өзен)” мәніндегі атау.
|
КӨПІРЛІ – өзен.
|
Қалба жотасында, Көкпекті ауд-нда.
|
КӨПІРТАССУ – өзен.
|
Марқакөл к-нің оңт.-шығысында, Күршім ауд-нда.
|
КӨШІМБАЙ – құдық.
|
Балқаш к-нің солт-нде, Ақынбай қонысында, Аягөз ауд-нда. кісі есімімен қойылған атау.
|
КРЕСТОВКА – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.
|
КРУТАЯ – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.
|
КҮЙЕЛІ – өзен.
|
Қалба жотасының солт-нде, Қызылсу өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.
|
КҮП – өзен.
|
Ақшатау жотасының шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Қазақ тілінің диалектологиялық негізіндегі “су сақтауға арналған қойма, сай-саланың тұйық, ояң жерлеріне иірілген су” мәніндегі атау.
|
КҮРТІ – өзен.
|
Оңтүстік Алтай жотасында, Қатонқарағай ауд-нда.
|
КҮРШІМ – өзен.
|
Ертіс алабында, Күршім ауд. жерімен ағады. Сарымсақты және Күршім жоталарынан басталып,Күршім а-нан батысқа қарай 10 км жерде Бұқтырма бөгеніне құяды. Ұзындығы - 230 км, су жиналатын алабы 2890 км2, жылдық орташа су ағымы 60,8 м3/с (Вознесенское а-ның тұсында).
|
КІНДІКТІ – өзен.
|
Қалба жотасы мен Тарбағатай жотасыаралығында, Көкпекті өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда.
|
КІШІ АЛАКӨЛ – шығанақ.
|
Алакөл к-нің оңт.-шығыс бөлігінде , Үржар ауд-нда.
|
КІШІ БӨКЕН – өзен.
|
Қалба жотасының оңт-нде, Көкпекті ауд-нда.
|
КІШІ ОБА – өзен.
|
Өскемен қ-ның солт-нде, Оба өз-нің аңғарында, Глубоков ауд-нда.
|
КІШІ ТЕКЕБҰЛАҚ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд-нда.
|
КІШІ ҮЛБІ – өзен.
|
Ертіс алабында, Зырян және Глубоков ауд-дары жерімен ағады. Үлбі жотасының солт.-шығыс бөлігінде, Жоғарғы Үлбі бөгенінен басталып, Новошульбинка а-ның тұсында Үлбі өз-не құяды. Ұзындығы - 119 км, су жиналатын алабы 2300 км2,жылдық орташа су ағымы 6,45м3/с.
|
КІШІ ҮЛБІ – бөген.
|
Риддер қ-нан оңт.-шығысқа қарай 25 км жерде, Зырян ауд-нда.
|
ҚАБАНБАЙ – өзен.
|
Заясан к-нің батысында, Тарбағатай ауд-нда.
|
ҚАЙБҰЛАҚ – бұлақ.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАЙНАР – өзен.
|
Сауыр жотасының солт-нде, Зайсан ауд-нда. “Көз (бұлақ)” мағынасындағы атау тұлғадағы немесе түбір тұлғалы топоним.
|
ҚАЙНАР – бұлақ.
|
Зайсан к-нің шығысында, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Зайсан ауд-нда.
|
ҚАЙРАҚТЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.
|
ҚАЙЫҢДЫ – өзен.
|
Қалба жотасында, Жарма ауд-нда. Ауыл маңында қайың, талдың көп өсуімен байланысты аталғаны байқалады.
|
ҚАЛҒҰТЫ – өзен.
|
Күршім жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда. Монғол (қалмақ) тілінен енген «қоңыр қаз» атауына сәйкес келеді.
|
ҚАЛҒҰТТЫ – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАЛДАР – көл.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда.
|
ҚАЛЖЫР – өзен.
|
Марқакөл к-нен Қара Ертіс өз-не дейін созылып жатыр, Күршім ауд-нда. Ұзыңдығы 123 км, Қара Ертіс өз-не құяды.
|
ҚАЛҚАПА – құдық.
|
Ақшатау жотасының оңт.-батысында, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАЛМАҚҚАЗҒАН – құдық.
|
Сасықкөл к-нің солт.-батысында, Үржар ауд-нда.
|
ҚАЛПЕ – бұлақ.
|
Ақшатау жотасы мен Балқаш көлі аралығында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
ҚАНАЙ – өзен.
|
Нарым жотасында, Бұқтырма бөгенінің аңғарында, Семей қ.ә.қ.а.
|
ҚАНДЫСУ (Шорға) – өзен.
|
Ертіс алабында, Зайсан к-нің оңт-нде, Тарбағатай ауд-на қарай ағады. Өзен ұзындығы - 121 км, су жиналатын алаыб 4640 км2, жылдық орташа су ағымы 5 – 6 м3/с. Қандысу өз-нің аңғары кең, арнасы тік жарлы. Оқиғаға байланысты қойылған.
|
ҚАРААҒАШ – өзен.
|
Күршім жотасында, Күршім ауд-нда.
|
ҚАРАБАС – арық.
|
Зайсан к-нің солт-нде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда. Өсімдік атынан (өлеңшөп) не ру атынан қойылған атау.
|
ҚАРАБАСТҰЗ – көл.
|
Семей қ-нан батысқа қарай 73 км жерде, Семей қ-на қарайтын аумақта.“Қарабастың тұзы (көлі)” мәніндегі атау болса керек.
|
ҚАРАБЕРЕЛ – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының солт.-шығысында, Қатонқарағай ауд-нда.
|
ҚАРАБҰЛАҚ – өзен.
|
Ханшыңғыс жотасының солт.-батысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. “Жер суы, жерден шыққан қайнар, тұма” мәніндегі атау.
|
|