ҚАРАБҰЛАҚ – бұлақ.
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАБҰЛАҚ – құдық.
|
Ақшатау жотасы мен Балқаш көлі аралығында, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАБҰТА – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт-нде, Үржар ауд-нда.
|
ҚАРАҒАЙЛЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасында, Үржар ауд-нда.
|
ҚАРАҒАНАЙРЫҚ – өзен.
|
Арқат тауларының оңт-нде, Ащысу өз-нің аңғарында, Абай ауд-нда. Өзен айрығындағы қараған көп өсетін жер болғандықтан қалыптасқан атау.
|
ҚАРАҒАНДЫ – өзен.
|
Жарма кентінің батысында, Жарма ауд-нда.
|
ҚАРАҒАНДЫӨЗЕК – өзен.
|
Үшқайың тауларының шығысында, Аягөз ауд-нда. “Қарағаны көп өзек” мәніндегі атау.
|
ҚАРАҒАНЖАЛ – көл.
|
Шыңғыстау жотасының батысында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРА ЕРТІС – өзен.
|
Күршім ауд-нда.
|
ҚАРАЖЫРЫҚ – көл.
|
Қаншыңғыс жотасының солт-нде, Шаған өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта. Топонимдік мағынасы: “көктемде тасыған судың жырылып аққан орны”.
|
ҚАРАКӨЗ – бұлақ.
|
Балқаш к-нің солт-нде, Арқарлы тауларының оңт.-шығысында, Аягөз ауд-нда. Бұлақтың ерекшелігін анықтайды.
|
ҚАРАКӨЗ – құдық.
|
Балқаш к-нің солт-нде, Қараүңгір тауларында, аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАКӨЛ – көл.
|
Жарма өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. Топонимдік мағынасы: “жер асты суы, бұлақ көздерінен бастау алған көл”.
|
ҚАРАКӨЛ – көл.
|
Қалжыр а-нан оңт.-батысқа қарай12 км жерде, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.
|
ҚАРАҚАЙЫҢ – бұлақ.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Зайсан ауд-нда.
|
ҚАРАҚАТЫН – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАҚИЯ – арық.
|
Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда.
|
ҚАРАҚИЯ – арық.
|
Күршім жотасының оңт-нде, Қалжар өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.
|
ҚАРАҚОБЫ – өзен.
|
Оңтүстік Алтай жотасының батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.
|
ҚАРАҚОЛ – өзен.
|
Алакөл алабында, Үржар ауд. жерімен ағады. Тарбағатай жотасының солт.-батыс бөлігінен басталып, Сасықкөл к-не жетпей жерге сіңіп кетеді.Оның ұзындығы - 184 км, су жиналатын алабы 1940 км2, жылдық орташа су ағымы 4,15 м3/с (Таскескен а-ның тұсында). “Қалың бұлақ” мәніндегі атау. Қол – түркі тілдерінде «су» сөзіне сәйкес келеді.
|
ҚАРАКҚОЛ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Үржар ауд-нда.
|
ҚАРАҚҰДЫҚ – құдық.
|
Балқаш к-нің солт-нде, Қараүңгір тауларында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАҚҰДЫҚ – құдық.
|
Зайсан к-нің солт.-батысында, Күршім ауд-нда.
|
ҚАРАМОЛА – құдық.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. “Қалың мола” мәніндегі атау.
|
ҚАРАӨЗЕК – өзен.
|
Үшқайың тауларының шығысында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАСОР – көл.
|
Қалба жотасының батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. “Көлбей созылып, кең де үлкен алапты алып жатқан табиғи тұзды, ащылы жер” мәніндегі атау.
|
ҚАРАСОР – көл.
|
Ханшыңғыс жотасының солт-нде, Шаған өз-нің аңғарында, Семей қ.ә.қ.а.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Үлкен Сырымбеттен басталып, Жақсы Абралы және Жаман Абралы таулары аралығымен өтіп, Бөрілтөбе тауының солт.-шығысында 15 км жерде тартылып қалады. Өзен Абай ауд-нда ағады. Ұзындығы - 80 км, су жиналатын алабы - 4570 км2.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Ақшатау жотасының шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Балқаш к-нің солт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Қалба жотасы мен Тарбағатай жотасы аралығында, Көкпекті өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Семейтау тауларының батыс бөлігінде, Семей қ-на қарайтын аумақта.
|
ҚАРАСУ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚАРАТОҒАН – арық.
|
Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда. Суының ерекшелігіне байланысты қойылған.
|
ҚАРАУЫЛӨЗЕК – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының солт. бөлігінде, Абай ауд-нда.
|
ҚАРАҮБІ – өзен.
|
Жоғарғы Ертіс алабында, Глубокое ауд. арқылы ағады. Өзен арнасы тік (биікт. 10 – 100 м-ге жетеді), ұзындығы - 70 км, су жиналатын алабы 691 км2.
|
ҚАРАҮҢГІР – өзен.
|
Сауыр жотасының солт. бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
ҚАРАШАШ – бұлақ.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. Әйел есімімен қойылған атау.
|
ҚАРАШОҚЫ – көл.
|
Ханшыңғыс жотасының солт-нде, Шаған өз-нің аңғарында, Абай ауд-нда.
|
ҚАРАІЛ – құдық.
|
Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда.
|
ҚАРҒАЛЫ – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің аңғарында, Қызылқұм құмының батыс бөлігінде, Көкпекті ауд-нда.
|
ҚАРҒЫБА – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт-нде, Тарбағатай ауд-нда.
|
ҚАРЛЫБҰЛАҚ – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының солт.-батысында, Абай ауд-нда.
|
ҚАСҚАБҰЛАҚ – көл.
|
Аягөз қ-нан оңт.-батысқа қарай 87 км жерде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. “Жалтырап, жайылап жататын бұлақ” мәніндегі атау.
|
ҚАСҚАБҰЛАҚКӨЛ – көл.
|
Қасқабұлақ а-нан оңт.-шығысқа қарай 3 км жерде, Абай ауд-нда.
|
ҚАТЫНСУ – өзен.
|
Үржар ауд. арқылы ағады. Тарбағатай жотасының батыс бөлігіндегі бұлақтардаң бастау алып, Алакөл к-не солт-нен құяды. Ұзындығы - 155 км, су жиналатын алабы 1650 км2. Суының 40 - 50%-ы қармен, 10 - 12%-ы жаңбырмен, қалғаны жер асты суымен толығады.
|
ҚАШАМА – өзен.
|
Қалба жотасының шығыс бөлігінде, Көкпекті ауд-нда.
|
ҚИЯҚТЫ – өзен.
|
Зайсан к-нің батысында, Кіндікті өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда. “Қияқ көп, мол көл” мәніндегі атау.
|
ҚОЙАЙДАР – бұлақ.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Зайсан ауд-нда.
|
ҚОЙШІЛІК – өзен.
|
Күршім жотасының солт. бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
ҚОЛЫЖҮН – өзен.
|
Қалба жотасында, Көкпекті ауд-нда.
|
ҚОҢҚОЙ – өзен.
|
Ақшатау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда.
|
ҚОҢЫРБҰҚА – арық.
|
Зайсан к-нің оңт.-шығысында. Зайсан ауд-нда.
|
ҚОРЫҚ – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының батысында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚОС – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының шығысында, Абай ауд-нда. “Қатар, егіз тұрған өзен” мәніндегі атау.
|
ҚОСҚҰДЫҚ – көл.
|
Күршім жотасының батысында, Күршім ауд-нда. “Екі құдық, яғни қос құдығы бар жер” мәніндегі атау.
|
ҚОСҚҰДЫҚ – құдық.
|
Түлкілі тауларының солт-нде, Аягөз ауд-нда.
|
ҚОШАНТАЙ – өзен.
|
Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ҚОШҚАР – көл.
|
Ақтоғай кентінен шығысқа қарай 34 км жерде, Үржар ауд-нда. Кісі есімімен не “ірі, үлкен” деген ауыспалы мағынада қойылған атау.
|
ҚОШҚАРБАЙ – бұлақ.
|
Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ҚУМЫРЗА – өзен.
|
Нарым жотасының оңт. бөлігінде, Күршім ауд-нда. Антропонимнен туындаған.
|
ҚУРАЙЛЫ – өзен.
|
Аягөз алабында, Аягөз ауд. жерімен ағады. Шыңғыстаудың шығыс сілемі Ақшатаудағы Қарашоқы тауынан басталып, Қурайлы а-нан 10 км-дей төмен Аягөз өз-не құяды. Ұзындығы - 66 км, су жиналатын алабы 643 км2, шілде айындағы орташа көп жылдық су ағымы 1,89 м3/с. “Қурайлы қалың, бітік өскен жер”, сол бойынша қалыптасқан атау.
|
ҚУРАЙЛЫ – өзен.
|
Зайсан алабында, Көкпекті ауд-ның жерімен ағады. Тарбағатай жотасының солт-ндегі Сағымжал тауынан басталып, Қарақия тауының шығысында Еспеге құяды. Ұзындығы - 85 км, су жиналатын алабы 2220 км2, жылдық орташа су ағымы 2,14 м3/с.
|
ҚУСАҚ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд. орналасқан.
|
ҚҰЛЖЫН – өзен.
|
Жоғарғы Ертіс алабында, Көкпекті ауд. жерімен ағады. Қалба жотасының оңт.-шығысынан басталып, Бұқтырма бөгеніне құяды. Оның ұзындығы 112 км, су жиналатын алабы 704 км2.
|
ҚҰРҒАҚ ҚАЙЫҢДЫ – өзен.
|
Нарым жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
ҚҰРӨЗЕК – өзен.
|
Үлкен Сарымбет тауларының оңт-нде, Семей қ-на қарайтын аумақта. «Құрғаған, құрғап қалған өзек» мәніндегі атау.
|
ҚҰБЫРАҚАНАС – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының батысында, аягөз ауд-нда.
|
ҚҰРЫҚ – өзен.
|
Қалба жотасының солт-нде, Ертіс өз-нің аңғарында, Ұлан ауд-нда.
|
ҚҰСТЫ – өзен.
|
Зайсан көлі мен Маңырақ жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда.
|
ҚЫЗЫЛЖАНКӨЛ – көл.
|
Айғыржал жотасы мен Сарытау таулары аралығында, Жарма ауд-нда.
|
ҚЫЗЫЛЖАР – көл.
|
Зайсан к-нің шығысында, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Зайсан ауд-нда. «Қызыл» сөзінің мәні жардың топырақ бетінің реңімен байланысты.
|
ҚЫЗЫЛҚАЙНАР – көл.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. Қайнар басындағы тас-топырақтың түсі бойынша қойылған атау.
|
ҚЫЗЫЛҚАҚ – көл.
|
Ақтоғай кентінен шығысқа қарай 49 км жерде, Үржар ауд-нда. Қызыл қайнар атауымен мағыналас.
|
ҚЫЗЫЛҚИЯ – өзен.
|
Сауыр жотасының солт.-батыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
ҚЫЗЫЛҚҰДЫҚ – құдық.
|
Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда.
|
ҚЫЗЫЛСУ – өзен.
|
Қалба жотасының солт-нен Ертіс өз-не дейін созылып жатыр, Жарма ауд-нда. “Қардың суы (саяз су)” мәніндегі атау.
|
ҚЫСАҢ – өзен.
|
Зайсан к-нің шығысында, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.
|
ҚЫСҚАБҰЛАҚ – бұлақ.
|
Қараүңгір таулары мен Дағандалы өзені аралығында, Аягөз ауд-нда.
|
ҚЫСТАУБАЙ – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының оңт.-шығыс бөлігінде, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
ҚЫСТАУ КҮРШІМ – өзен.
|
Күршім жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
ҚЫТАЙ – өзен.
|
Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда. Өзен ҚХР-мен шекаралас жатқандықтан осылай аталып кеткен.
|
ЛАЙ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт-нде, Үржар ауд-нда.
|
ЛАЙБҰЛАҚ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд-нда.
|
ЛАЙЛЫ – өзен.
|
Қалба жотасының оңт.-шығыс бөлігінде, Көкпекті ауд-нда. Өзен суы лайланып жатқандықтан осылай аталса керек.
|
ЛАСТЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының оңт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.
|
МАЙЕМЕР – өзен.
|
Нарым жотасының солт.-шығысында, Қатонқарағай ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
МАЙМЕКЕН – өзен.
|
Қалба жотасы мен Ертіс өзені аралығында, Ұлан ауд-нда.
|
МАЙШОҚЫ – көл.
|
Семей қ-нан оңт.-батысқа қарай 47 км жерде, Семей қ-на қарайтын аумақта. Тау атынан қойылған атау.
|
МАКСИХА – өзен.
|
Қызылқарағай жотасының батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
МАЛКЕЛДІ – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының батысында, Аягөз ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.
|
МАМЫРСУ – өзен.
|
Ақшатау жотасы мен Аягөз өзені аралығында, Аягөз ауд-нда. “Суы тынық” (өзен) мағынасындағы атау.
|
МАНАТ – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-батысында, Ұлан ауд-нда. Ру атынан қойылған атау.
|
МАРАЛИХА – өзен.
|
Нарым жотасының лңт. бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
МАРАЛЬЕ – көл.
|
Қатонқарағай а-нан солт.-шығысқа қарай 40 км жерде, Қатонқарағай ауд-нда.
|
МАРҚАКӨЛ – көл.
|
Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Күршім ауд-ндағы к-дің ауданы 455 км2, ұзындығы 38 км, ені 19 км, орташа тереңдігі 14,3 м (ең терең жері 27 м).
|
МАХНАТКА – өзен.
|
Тарбағатай жотасының батыс бөлігінде, Үржар ауд-нда.
|
МОЛАБҰЛАҚ – бұлақ.
|
Қараүңгір тауларында, Аягөз ауд-нда. Мола жанынан ағып жаткан бұлақ болғандықтан осылай қалыптасқан атау.
|
МОЛАЛЫ – өзен.
|
Ханшыңғыс жотасының батысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. “Моласы көп жер” мәніндегі атау.
|
МҰҚЫР – өзен.
|
Семейтау тауларының шығысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. Е.Қойшыбаевтың айтуынша, атау – түркі тайпаларының атынан қойылған болуы мүмкін. Ғ.Қоңқашбаев атау “келте, ешқайда құймай, айдалаға сіңіп, жоғалып кететін өзен” мәнін беретін айтады.
|
МҰҚЫР – өзен.
|
Шыңғыстау жотасының солт. бөлігінде, Абай ауд-нда.
|
МҰРЫНСУ – бұлақ.
|
Тарбағатай жотасының батысында, Қарақол өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. “Аяқталған, біткен жері иіліңкі, шығыңқы, мұрын сияқты сүйірлеу жота, тау етегіндегі бұлақ” мәніндегі атау болса керек.
|
МЫРЗАБЕК – өзен.
|
Семейтау тауларының батысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. Кісі есімімен қойылған атау.
|
МЫРЗАБЕК – өзен.
|
Семейтау тауларының оңт-нде, Семей қ.ә.қ.а.
|
МЯКОНЬКАЯ – өзен.
|
Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.
|
МЯКОТИХА – өзен.
|
Үлбі жотасының солт. бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
НАРЫН – өзен.
|
Үлбі жотасының солт.-шығыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
НАРЫН – өзен.
|
Нарым жотасының солт-нде, Қатонқарағай ауд-нда.
|
НАРЫН (Арсалаң, Арасан) – өзен.
|
Аягөз алабында, Аягөз ауд. аумағымен ағады. Өзен Тарбағатай жотасының солт.-батысында,ы Ақтас тауының етегіндегі бұлақтардан басталып, Аягөз қ. тұсында Аягөз өз-не құяды. Ұзындығы - 83 км, су жиналатын алабы - 933 км2, жылдық орташа су ағымы - 0,7 м3/с.
|
НАРЫН – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.
|
ОБА – өзен.
|
Жоғарғы Ертіс алабында, Шығыс Қазасқтан обл-ның солт. ағады. Көксу және Иванов жоталары сілемдері бөктерінен басталып, Ертіс өз-не құяды. Қара Оба мен Ақ Обаның бір-біріне қосылған жерін “Оба” деп аталады. Ұзындығы - 278 км. Су жиналатын алабы - 9850 км2. Жылдық орташа су ағымы Шемонаиха қ. тұсында 182 м3/с.
|
ОБАЛЫ – өзен.
|
Сәуір жотасының солт. бөлігінде, Зайсан ауд-нда.
|
ОЗЕРНАЯ – өзен.
|
Нарым жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.
|
ОЙСЕКСЕУІЛ – көл.
|
Ақтоғай кентінен шығысқа қарай 44 км жерде, Үржар ауд-нда.
|
ОРТА БҰҒАЗ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Бұғаз өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда. “Ортадағы, орта тұстағы бұлақ” мәніндегі атау.
|
ОРТА ҚАЙРАҚТЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.
|
ОРТАТЕРЕКТІ – өзен.
|
Күршім жотасының оңт-нде. Күршім ауд-нда
|
ОРТА ҰЛАСТЫ – өзен.
|
Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.
|
ОСИНОВКА – өзен.
|
Үлбі жотасының шығыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.
|
ОСИХА – өзен.
|
Шүлбі бөгенінің аңғарында, Бородулиха ауд-нда.
|
|