ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Т.Т. Ипалаков., Б. Апшикур
МАРКШЕЙДЕРЛІК ІС НЕГІЗДЕРІ
Оқу-әдістемелік құралы
Өскемен
2015
ӘОК 622.271
Рецензенттер:
МД «Востокказнедра» жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Келеманов С. И.
«Алтай геология-экологиялық институты" ЖШС директоры, геология-минералогиялық ғылымдарының докторы Сапаргалиев Е. М.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Тау-кен металлургиялық факультеті, «Геология және кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Болатова А. Б.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған.
Хаттама № ___ ___________2015 ж.
Ипалаков Т.Т., Апшикур Б.
Ипалаков Т.Т., Б.Апшикур «Маркшейдерлік іс негіздері»: Оқу-әдістемелік құралы. –Өскемен: ШҚМТУ, 2015.- 149 бет.
ISBN
Оқу-әдістемелік құралы негізгі екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде «Маркшейдерлік іс негіздері» пәні бойынша дәрістік материалдар келтірілген, екінші бөлімде пәннің оқу бағдарламасына сәйкес, орындалатын іс-тәжірибелік сабақтар қарастырылып, әрбір жұмыстың орындалуы бойынша қысқаша теориялық түсіндірмесімен бірге іс-тәжірибелік орындалуы, оның жазбасы және осы берілген тапсырманың шешу мысалы келтірілген. Оқу-әдістемелік құралының соңында іс-тәжірибелік жұмыстар бойынша есептік нұсқалар қосымша ретінде енгізілген. Аталған жұмыс үшін материалдар, негізінен әдебиеттер тізімінде келтірілген материалдардан алынып, осы оқу-әдістемелік құралының авторлары тарабынан Мемлекеттік тілге аударылып қосымша жаңа тапсырмалармен қатар, есепті шығару мысалдары және есеп нұсқалары сияқты қосымшалармен толықтырылып жетілдірілді.
Оқу- әдістемелік құралы, 5В070700 «Тау-кен ісі» (бакалавриат) мамандығының «Маркшейдерлік іс» мамандандырылуы бойынша оқитын студенттерге арналған және дәрістік сабақтарды игеру, сондай-ақ іс-тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануына арналған.
ISBN: © ШҚМТУ, 2015
КІРІСПЕ
Тау-кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құ-рылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.
Маркшейдерлік іс бойынша теориялық білімдерді табысты игеру және алған білімдерін белгілі бір шамада іс жүзінде пайдалану, топтық оқу барысында тапсырмаларды шешуге дағды қалыптастырғанындай, өз бетімен жекелей жұмыс істеу барысында да оңды нәтижелерін бере алады. Егер кітапханадан немесе интернеттен осы курсты оқу бойынша материалдарды табуға болатын болса, ол тек қана теория, ал келтірілген оқу –әдістемелік құралындағы іс-тәжірибелік сабақтар бойынша материалдар толық көлемде, Мемлекеттік тілде жоқ деуге болады. Сондықтан аталған жұмыс қажетті уақыттағы өзекті материалдар болып табылады. Оқу-әдістемелік құралында маркшейдерлік жұмыстардың негізгі түрлері бойынша теориялық материалдармен қатар, өндірісте қолданысқа ие есептік тапсырмалармен олардың шешу жолдары келтірілген. Оқу – әдістемелік құралын жазу барысында авторлар, маркшейдерлік жұмыстардағы өлшеу дәлдігін бағалау және өлшеулерді жүргізу барысындағы аспаптармен, оларды пайдаланудың әдістемелерін, түсіріс түрлері мен тәсілдерін, жер бетінен жер астына координаталарды берудің әдістерін толық түсіндірумен қатар, карьерлермен шахтада, кен орындарында, түрлі кен орындарындағы әртүрлі құрылыстар тұрғызу немесе реконструкциялау барысындағы атқарылатын жұмыстарға ерекше назар аударған.
Оқу-әдістемелік құралы негізгі екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде «Маркшейдерлік іс негіздері» пәні бойынша дәрістік материалдар келтірілген, екінші бөлімде пәннің оқу бағдарламасына сәйкес, орындалатын іс-тәжірибелік сабақтар қарастырылып, әрбір жұмыстың орындалуы бойынша қысқаша теориялық түсіндірмесімен бірге іс-тәжірибелік орындалуы, оның жазбасы және осы берілген тапсырманың шешу мысалы келтірілген. Оқу-әдістемелік құралының соңында іс-тәжірибелік жұмыстар бойынша есептік нұсқалар қосымша ретінде енгізілген.
МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |