Табиғат – көріністері Сабақтың мақсаты: білімділік


Жұмбақ Қиналмай тауларды, орманды, Теңізді, дария, аңдарды, Ауылды, қаланы, халықты Ойлап тап көтерген алыпты. (Жер)



бет2/3
Дата17.03.2023
өлшемі316.4 Kb.
#470916
түріСабақ
1   2   3
табиғат тарбие сағат 6 сынып 2

Жұмбақ
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, аңдарды,
Ауылды, қаланы, халықты
Ойлап тап көтерген алыпты. (Жер)
Мұғалім: Жер саған не болған, неге сенен тіршілік белгісі білінбейді?
Жер: Кім жоқтайды даланың
Тобылғы мен жүзгенің?
Таппай жүрме жұртыңнан
Теріскен мен изенін?
Жатады қыр күйзеліп.
Оттан қорға орманды,
Алау жақпа ен онда,
Қоршаған сені айнала,
Бүлдіріп алма абайла.
Сен де өмірдің гүлісің,
Ақыл қойып соны ойла.
Мұғалімі: Балалар, біз жерге көмектесуіміз қажет. Қыс кетіп , көктем келіп, айналамыздағылардың бәріне жан ене бастайды. Гүлдер шығады, жәндіктер оянады, құстар ұяларын салады, балық уылдырық шашады, бәрі де оянады. Біздің жеріміз көктеммен бірге оянып, жақсы күйге енуі үшін не керек?
Оқушылар: Ауа, су, құстар, жәндіктер, т.б. керек.
Мұғалім: Дұрыс, алдымен ғаламшарымызға ауа берейік. Бірақ барлық ауа тіршілік үшін жарай бере ме?
Оқушылар: Жоқ, таза ауа ғана.
Мұғалім: Улы ауа адамдар, жануарладың ағзасына, топыраққа, өсімдіктердің тамырларына түседі. Не істеу керек? Бұны қалай шешуге болады?
Оқушылар: Ағаштар, гүлдер мен шөптер отырғызу керек. Ол көмірқышқыл газын жұтып, біз үшін таза ауа оттегін бөліп шығарады. Ал түтіндеп жатқан мұржаларға тазалағыш сүзгілер орнату керек.
Мұғалімі: (тренинг) Өте жақсы, балалар! Қазір бәріміз орнымыздан тұрайық, қолдарымызды жоғары көтеріп, Күннен жарық, жылу, мейірімді шуағын алайық. Жерімізге жақсы тілек тілейік. Сіздердің тілектерін қабыл болып Күн – ана жерге шуағын төгіп, Жер – Ана оянып, өсімдік пен талдар гүлдене бастайды. Жерімізге таза ауаның болуына өсімдіктер көп қызмет атқарады. Ендеше біздің тәрбие сағаттымыздың тақырыбы «Табиғат – туған анамыз» деп аталады. Ал, енді балалар, ертең күн жылығасын мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлесімізді қосамыз. Солай емес пе, балалар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет