Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Ғаламды не күтіп тұр? 
( Интернеттен)
 
Таяуда Йерусалим оқымыстылары классикалық физиканың атасы 
саналатын Ньютонның 4-5 мың беттен тұратын қолжазбасының құпиясын 
ашыпты. Онда физик Библияға сүйене отырып, болашаққа болжау жасаған 
екен. Ғалым есептей келе, ақыр заманның уақытын 2060 жылға белгілепті. Ал 
атақты болжағыш Нострадамус болса, ХХІ ғасырда адамзат баласы дамудың 
бұрынғы түрлерін жолда қалдыратындай жаңа сатыларға көтерілгенмен, ғасыр 
табалдырығын аттағаннан-ақ жер сілкінісі, топан су басу, жанартау 
атқылаулары секілді ғаламдық апаттармен бетпе-бет келетіндігін ескерткен 
екен. 
Ғалымдар бүгінде ауаның түрлі улы заттармен былғануы болған сайын 3 
градусқа жылып отырғанын, соның салдарынан Солтүстік Мұзды мұхиттың ери 
бастағанын айтуда. Көлемі жағынан Антарктикадан кейінгі «Жасыл жер» - 
Гренландия мұздықтарының да еріп, теңіз деңгейінің көтерілуіне әкеп соғып 
жатқанын табиғаттың тосын мінезінен аңғару қиын емес. Расында да осы 
уақытқа дейін Германияда, Қытайда, Үндістанда, Непалда, Бутан, Багладеште 
болған орын алған су тасқыны, алапат дауылдарда қаншама адамдар қаза 
тауып, орны толмас өкініштерге ұрындырды. Соның бәрі – Солтүстік Мұзды 
мұхиттың еруінен. Англиядағы «Рейдинг» тобының жетекшісі Джонатан 
Грегори: «Бүкіл әлем үшін қорқынышты құбылыс – теңіз деңгейінің 7 метрге 
дейін көтерілу мүмкіндігі. Оның алдын алу үшінатмосфераны көмір қышқыл 
газымен улауды тоқтату қажет»,- деген екен. Ал, ауа неден ластануда? Бір 
мезгілде әлемнің түкпір-түкпірімен бірден байланыстыратын әрі теледидар, әрі 
музыкалық орталықтың, әрі жұмыс құралының рөлін атқаратын компьютерді 
ойлап таптық. Ал оның қандай жолмен жасалатынын білесіз бе? Салмағы 24 


59 
келі болатын бір компьютерді жасауға 240 тонна химиялық заттар мен1,5 тонна 
су жұмсалады екен. 
Солтүстік Мұзды мұхит пен Гренландия мұздықтарының еруі осы 
жылдамдықпен жалғасатын болса, онда 2050 жылға дейін олар 20 пайызға 
кеміп, нәтижесінде Тұманды Альбион елінде ауа райы күрт төмендемек. Оның 
салдары жер шарына оттегі өндіретін тропикалық ормандардың жойылуына 
апарып соғады. Мұздықтардың еруі бір жерлерге су тасқыны қаупін төндірсе, 
кейбір жерлерді ауыз су тапшылығына ұрындырмақ. Ресей судан құрғақ 
шығамыз деп бейқамдық танытуда, себебі басқа жақтарда ауа райы суыса
Сібірдің сары шұнақ аязы жұмсармақ екен. 
Қара алтын өндіреміз деп жер астын бос кеңістікке айналдырып 
жатырмыз. Бүгінде мұнайға деген сұраныс жылына 70-80 млн. баррельді 
құраса, 2010 жылы бұл сұраныс 90 млн. баррельге жетеді деп күтілуде. Ал 
Әлемдік энергетикалық Консейттің есебінше, 2040-2060 жылдары әлемдегі 
мұнай қоры түгелімен таусылады екен. Бұл да болса, бір апат. Себебі, бүгінгі 
күн тұрғысынан қарағанда, мұнайсыз күн көру мүмкін емес сияқты. Нендей 
өндіріс орны болса, нендей де бір көлік болсын, барлығына мұнайдан алынатын 
өнімдер аса қажет. 
Миланда өткен БҰҰ конференциясында АҚШ неліктен Киото келісіміне 
қол қоймады? Себебі, көкейін тесіп бара жатқан мұнай мәселесі. Ғаламдық 
апаттың алдын алу үшін жасалған Киото келісімінде парниктік эффектінің 55 
пайызын туғызып отырған 55 ел қол қою керек болса, АҚШ пен Ресей ол 
шарттан бас тартуда. Себебі, Киото келісіміне қол қойған елдер 2012 жылға 
дейін ауаны ластайтын көмір қышқыл газын 92 пайызға қысқартуға мәжбүр 
болады екен. «Біз бұл шартты орындасақ, кедейлікке ұрынамыз»-, дейді 
ресейліктер. 
Дүние жүзіндегі дамыған елдердің біріне саналатын Жапонияның 
астанасы Токио көп ұзамай, жер бетінен жойылуы мүмкін. Сол елдің 
сейсмологиялық жағдайын зерттеп жүргенғалымдар жер сілкінісі салдарынан 
алдағы 50 жыл ішінде Күншығыс елінің астанасы жермен жексен болу қаупі 
бар екенін айтады. Соңғы мәрте мұндай қасіретті Токио 1923 жылдың 1 
қыркүйегінде бастан кешкен екен. Ол апаттың салдарынан қаза тапқандар мен 
із-түзсіз жоғалғандар саны 130 мың болса, 570 мың отбасы баспанасыз қалды. 
Ғалымдардың көбі Жерге келетін қауіптің зорын аспан денелерінен күтеді. 
Неміс және британ зерттеушілері осыдан 200 жыл бұрын Жерге алып 
метеориттің құлағанын айтады. Содан бергі кезеңдерде аспан денелері біздің 


60 
ғаламшарымызға қаншама мәрте қауіп төндірген. Бүгінде сондай 
астеоридтердің саны 900 жуық көрінеді. Сол 900-дің біреуі ғана абайсызда 
Жерге соқтығысып құласа, не болады? Кәдімгі өзіміз күнде көріп жүрген 
жұлдыздардың ағуы жиілеп кетсе де қорқуымыз керек екен. Себебі, олардың 
арасында ұсақ кометалар болады. Олар ауаның озон қабатын тесіп, 
мұздықтардың еруіне әсер етеді. Мұхиттарда тіршілік ететін майда денелер 
қырылса, оған қатысты балықтар мен құстар да зиян шегеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет