6
Стильдік ерекшелігі:
- қолданылу аясы:
адамдармен, әсіресе таныс адамдармен еркін әңгімелесу
барысында қолданылады;
- тілдік құралдары:
эмоциональды сөздер, диалектизмдер, көп мағыналы
сөздер, қарапайым сөздер, фразеологизмдер;
- ой автоматты түрде, дайындықсыз беріледі;
- сөйлеу еркіндігі басым болады;
- дауыс ырғағына қарай сөйлеуші қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздерді
еркін қолданады;
- сөздердің орын тәртібі сақталмайды.
І. 2. Кітаби-жазба стиль
Кітаби-жазба стиль - қоғамның әр түрлі
саласында өзіндік қолданылу
аясы нақтыланған стиль түрі. Әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс
аясына қарай: ресми құжаттар және іс қағаздары стилі,публицистикалық стиль,
көркем әдебиет стилі және ғылыми стиль болып бөлінеді. Стильдің бұл түрлері
қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан,
тілдік құралдар
екшеліп, сұрыпталып қолданылады.
Стильдік ерекшелігі:
1. Қолданылу аясы: қоғамның әр түрлі саласы (әр түрлі ресми-әкімшілік,
кеңселік қатынастарда,
ақпарат құралдарында, ғылымның әр түрлі саласында
түрлі мақсатта, әдеби көркем шығармаларда т.б.)
Кітаби жазба стиль түрлерінің бәріне ортақ белгілері:
- логикалық жүйелілік сақталады;
- ойдың нақтылығы, дәлдігі, айқындығы, түсініктілігі сақталады;
- стильдің қай салада қолданылатыны ескеріліп, тілдік материалдарды қолдану
заңдылықтары сақталады;
- жалпыхалықтық тілдің қолданысы әдеби нормаға сай болуы керек.