«Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»


Реферат 10 – апта. Бағалау балы -4,0



бет13/15
Дата03.01.2022
өлшемі499.5 Kb.
#450655
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ismailova.TabKorg

Реферат
10 – апта. Бағалау балы -4,0.


  1. Атмосфераның ластану көздері мен зардаптары




  1. Теңіздер мен мұхиттардың ластану жолдары және онымен күресу шаралары




  1. Суды тазартудың табиғи және жасанды жолдары




  1. Байкал, Балхаш, Арал, Каспий проблемалары




  1. Суды қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттары




  1. Табиғат байлықтарын қорғау құқықтары




  1. Минералды ресурстарды өңдеуге табиғи комплекстік әдістерді өндіріске енгізу




  1. Табиғи байлықтардың шикізатын жасанды жолмен алу.




  1. Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі


10. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы.

Глоссарий
11 – апта. Бағалау балы -4,0.


  1. Гидросфера




  1. Мұхит




  1. Теңіз




  1. Жер асты сулары




  1. Өзен




  1. Көл




  1. Мұздықтар




  1. Батпақтар




  1. Гляциология


10.Жалпы гидрология
11.Лимонология
12. Потимология
13.Тельматология
14.Гидрогеология

Үй жұмысы
12 – апта. Бағалау балы – 4,0.
Тақырыбы: Топырақты ластаудан қорғау
Жоспар:

  1. Топырақты химиялық зиянды заттардан қорғау

  2. Жарамсыз жерлерді пайдалануды жүзеге асыру

  3. Топырақты қорғау құқықтары

Қазір ғылыми – техникалық үдеу заманында адам қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе біздердің табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген немқұрайлығымыздан анық байқалады.

Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін, 0,2 – сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі әлемдегі 6 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш көптее бері –ақ кеміген.

Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар –ақ келеді. Соңғы жылдарға шейін орталық Мәскеу Қазақстан өндірісінің 93 пайызына қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен нұқсан келтірді. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі аймағын ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.

Қазақстанда бүкіл Д.И. Менделеев кесте жүйесіндегі элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. халық шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен болып оытрған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі тереңдігінде жатыр. Оның үстіне олардың көбісін ең арзан ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады.Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық – қоқыстарды, жылу электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен өндіріс мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны - әйнектер, бетондар т.б. тұрмыстық қоқыс –қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтардың көбінесе тез арада ыдырап, минералдандыратын бірден – бір жәндік немесе микроорганизмдер жоқ. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жерге саналып, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады. Міне сондықтан да өз қолымызбен табиғатқа енгізген зиян әрекеттерімізді өзіміз қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан қоқыс – қалдықтардан тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет.

Жер планетасында тек Қазақстанда ғана ядролы стратегиялық бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында сыналды, ракеталы ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Жалпы Қазақстанда 500 – ден астам атом бомбасының жарлысы болды, оның 20- дан астамы Семей полигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты ыластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі Капустиняр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық зияндары ұшан – теңіз екені даусыз.

Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру обьектілеріне су тасқынынан кейін сайлы – салалы, құм – тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер де жатады.

Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей Қазақстанда жатқан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік – шығыс алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет