«Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»


Үй жұмысы 9 – апта. Бағалау балы -4,0



бет9/15
Дата03.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#451044
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Ismailova.TabKorg

Үй жұмысы
9 – апта. Бағалау балы -4,0.
Тақырыбы:Біздің елімізде суды қорғау құқықтары
Жоспар:

  1. Сулардың энергетика, өндіріс қалдықтары, су транспорттары және ауылшаруашылығында түрлі химиялық препараттарды қолдану барысында ластануы және оның зардаптары

  2. Мұхит пен теңіздердің ластануы, онымен күресу шаралары

  3. Суды қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттары



Дүние жүзілік мұхиттың барлық жерінде тіршілік түрлі формаларда және түрлі көріністерде өмір сүреді. Тіршілік ету жағдайларына қарай мұхитта скі түрлі облыс бөлінсді. Су кабаты (пслагиаль) мен түбі (бенталь). Бенталь - жаға маңы - литораль, тереңдігі 200 метрге дейін және тереңдік — абиссаль болып бөлінеді. Литораль үстіндегі су қабатын пелагиаль облысы деп атайды.

Мұхиттың органикалық дүниесі үш топтан — бентос, планк­тон, нектоннан тұрады. Бентас су қабатына ұзаққа көтсріліп шыға алмайтын түпті мекендеушілер (өсімдіктер, құрттар, моллюскалар). Планктон ұзақ қашықтыққа баруға белсенді қабілеті жоқ су қабатын мекендеушілер (бактериялар, грибоктар, су балдырлары, қарапайымдылар және т. б.). Нектон — ұзақ кашықтыққа еркін жүзе алатын суды мекендеушілер (киттер, дельфиндер, балықтар).

Құрылықтағы сияқты Мұхитта бір организмдер неорганикалык заттармен қоректеніп органикалық заттарды (процуденттер, немесе өндірушілер) түзеді, екіншілері органикалық зат­тарды (консументтер немесе тұтынушылар) тұтыну есебінен өмір сүреді. Біріншіге өсімдіктер мен прототрофты микроорганизмдер, екіншісі - жануарлар жатады. Бұдан басқа, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын ыдырататып, минералдайтын, оларды қоспаларға айналдырып, жануарлар пайдалану үшін лайықты ететін редуценттер - организмдер бар.

Жасыл өсімдіктер фотосинтез үшін жарық жеткілікті болған жерде ғана (200 метрден аспайтын тереңдікке дейін) дами алады. Жарықты керек етпейтін организмдер ең үлкен тереңдікке дейін Мұхит суының қабатын түгелдей мекендейді. Бірақ олардың дамуы булар үшін алғашқы продукты болып табылатын өсімдіктердің дамуына байланысты. Әсімдіктерге қажетті қоректік заттар Мұхитта молынан табылады. Алайда фосфор мен азот кышқылдарының қосылыстары 99,9% терең қабаттарда, жарық болмағандықтан өсімдік өмір сүре алмайтын жерлерде болады. Сондықтан да үлкен тереңдіктерден жоғарғы жарық түсетін қабаттарға тұзды шығарудың орасан зор маңызы бар.

Қоректі тікелей судан алып және тіректі қажет етпей, су балдырларының тамырлары да, тірек жүйелері болмайды, түгелдей дерлік хлорофилл тканнан тұрады, осының арқасында кептеген мөлшерде қоректік заттарды жинайды. Дәл сондықтан да Мұхиттағы өсімдік заттарының массасы өсімдіктер мен қоректенетін және бірін-бірі жейтін жануарлар массасына шамамен тең келсді, ал құрылықта болса бұл одан көптеген мың есе артық.

Мұхиттағы тірі заттар массасының үлкен бөлігін судың 100 метрлік жоғары қабатын мекендейтін фитопланктон құрайды. Фитоплантонның орташа массасы 1,7 млрд. т, жылдық өнімі 550 млрд. т, ал жануар организмдерінің орташа биомассасы 32,5 млрд. т, ад жылдық өлшемі 53 млрд. т. Фитопланктон — мұхиттағы тағам тізбегінің бастапқы буыны. Фитопланктонның ең көп тараған формасы — 15 мың түрі бар болып келетін диатомды су балдырлары. Бір диатомды су балдыры бір айда 10 млн. дана бере алады. Фитопланктон тез қырылып және көптеген мөлшерде желінетіндіктен ғана ол Мұхитты қаптап кетпейді. Фитопланктонның мол дамыған жері Мұхиттағы жалпы тіршіліккс бай жоғарғы құнарлы орын болып саналады.

Мұхитта тіршіліктің, тарауы өте біркелкі емес, әрі айқын көрінетін зоналық. сипаты бар. Солтүстік жарты шардың жоғары ендіктсрінде фитопланктонның даму жағдайлары қолайсыз: тұтасқан мұз жамылғысы, поляр түні, жазда горизонтта Күннің темен жағдайы, судың (0°-тан төмен) суық болуы, тереңнен қоректік заттарды алып шығуды қамтамасыз етпейтін нашар вер­тикальды циркуляция (судың жоғары қабатының тұщылануының салдары). Жазда жылымдарда кейбір суық сүйгіш балықтар мен балықпен коректенентін тюленьдер кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет