«Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»


Коллоквиум 7 – апта. Бағалау балы 2,5



бет6/15
Дата03.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#451044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ismailova.TabKorg

Коллоквиум
7 – апта. Бағалау балы 2,5.


  1. Табиғатт қорғау пәнінің мақсаты мен міндеттері




  1. Табиғат ресурстары




  1. Табиғат ресурстарын классификациялау




  1. Табиғатты қорғаудың тарихы мен кезеңдері




  1. Табиғат қорғауды жүзеге асыру, оның теориялық методологиялық тарихи негіздерін қалаған ғалымдар




  1. Табиғатты пайдаланудың жаңа технологиясы




  1. Табиғатт ықорғаудың негізгі мәселелері




  1. Табиғатты қорғаудың ғаламдық мәселелері




  1. Атмосфераның жалпы планетадағы, адам өміріндегі маңызы


10.Атмосфераны қорғау жолдары мен құқықтары.

Екінші аралық бақылау




ОБСӨЖ №

Тақырыптар

Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

8

Су ресурстарын қорғау

8 апта

4,0

Консультация

2

9

Біздің елімізде суды қорғау құқықтары

9 апта

4,0

Үй

жұмысы


3

10

Табиғи қазба байлықтарын қорғаудың негізгі принциптері және оны қорғау құқықтары

10 апта

4,0

Реферат


4

11

Топырақты тозудан, эрозиядан қорғау

11апта

4,0

Глоссарий

5

12

Топырақты ластаудан қорғау

12апта

4,0

Үй жұмысы

6

13

Орманды дала зонасының өсімдіктер әлемі

13апта

5,0

Реферат

7

14

Орманды дала зонасының өсімдіктер әлемі

14 апта

5,0

Глоссарий

30 балл ОБСӨЖ



Консультация

8 –апта. Бағалау балы -4,0.

Тақырыбы: Су ресурстарын қорғау
Жоспар:

1. Судың қасиеттері

2. Тұщы су қорларын үнемдеу

3. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы.


Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттың тұрмыс – тіршілігінде үлкен рөл атқарады.

Су – зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениетінің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т.б. толып жатқан салаларда кеңінен қолданылады. Су- физика, химия, механика және басқа да ғылым салаларының зерттеу обьектісі.

Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады.

Жер қыртысындағы судың мөлшері өте мол. Құрлықтың негізгі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судың көлемі осы топырақ қабатының 70 пайызын немесе одан да көп мөлшерін құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлылығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді.

Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейін екінші орында. Су жердің терең қабаттарына дейін ұшырасады. Аса тереңдіктердегі зор қысымға байланысты таза су сұйық күйінде өте жоғары температураларда да (300 С – дан жоғары) кездеседі, ал әр түрлі тау жыныстарымен араласу арқылы пайда болған ерітінділер + 400 С-ден жоғары температурада сұйық күйінде болады. Жер асты суларының ең төмендегісі шамамен жер бетінен 13-14 км тереңдікте. Одан тереңде су бу күйінде кездесуі мүмкін.

Судың еріткіш ретіндегі рөлі аса зор, себебі заттардың ерітіндіден тысқары жерде бір – бірімен қарым –қатынасқа түсуі өте қиын. Жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатында үлкен қашықтықтарға еркін орын алмастырады және қолайлы жағдайларда олар химиялық құрамы біртекті, аумақты шөгінділер құрайды.

Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуы мен сақталуы үшін өте зор.

Биологиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамсыз ететін бірден – бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді және температурасын реттеп тұрады: жапырақтың бетінен буланып шығу арқылы су оларды шілденің аңызағында күйіп кетуден сақтайды. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді.

Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттық жағдайын қамтамасыз етеді.

Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдаланумен тығыз байланысты.

Салмағы жағынан алғанда Мұхит суы 96,5% таза судан 3,5% оның ішінде еріген тұздан, газдан және ерімейтін жүзгін бөлшектерден тұрады. Түрлі заттардың біршама шағын мөлшерінің болуы басқа табиғи сулардан оған елеулі айырым береді. Бұл Жер бетіндегі белгілі барлық химиялық элементтер бар, қоректі ертінді. Мұхит суында әсіресе хлор, натрий, магний, күкірт көп болады. Мұнда бром, көміртегі, стронций, бор едәуір аз болады. Барлық қалған элементтерге де (фосфор, азот т.б.)микроэлементтерде бер. Мұхиттағы тұздардың жалпы мөлшері 50 . 1016т. бұлар мұхиттың түбін шамамен 60м, бүкіл Жерді 45м, ал құрлықты 135 м қабат болып бүркей алады. Мұхит суында барлығынан көбі натрий (NaCI, Na2SO4 – 1 литрде 27,2г) яғни ас тұзы (NaCI), сондықтан да Мұхит суының дәмі тұзды келеді. Сондан соң магний тұзы MgCI (1 литрде 3,8г) және MgSO4 (1 литрде 1,7г) келеді, суға ащы дәм береді. Мұхит суында 1 м3-те 0,3мг күміс және 1 м3-те 0,008 мг алатын болды. Бұлардың жалпы мөлшері едәуір болғанымен (алтын 11 млрд. тоннаға жуық) мұндай концентрацияда өндіру пайдалы емес.

Мұхит суының таң қаларлық ерекшелігі – тұз құрамының тұрақтылығы. Мұхиттың түрлі бөліктерінде ертінді аз немесе күшті болуы мүмкін, бірақ ең басты тұздардың қатынасы өзгеріссіз қалады. Сондықтан да судың жалпы тұздылығы анықтау үшін хлордың мөлшерін анықтау және шыққан шаманы 1,81 (S = 1,81 CI%) көбейту жеткілікті болады. Мұхит суы тұздың құрамының тұрақты болу себебін оның араласып тұруынан көруге болады, бірақ бұл түсінікті жеткілікті деп есептеуге болмайды. Мұндай тұздылықтың пайда болуы туралы сұрақ туады. Мантия затынан су бөлініп шыққанда су буымен бірге құрамында хлор, бром, фтор қоспалары барвулкан түтіндері бөлініп шығады деп болжанады. Жер бетінде «бірінші» су қышқыл болады, ол ол тау жыныстарынан сілті элементтерімен – натрий, калий, кальций, магний т.б. ала отырып оларды сілтісіздендіреді. Бұлародың хлормен және броммен реакциясының нәтижесінде ертінді нейтралданып, ал сонаң соң жалғасып келіп түскен сілті элементтердің есебінен, қазіргідей аздап сілті болады. Мұхитта өсімдік тіршілігі пайда болғанда (бұдан 3 млрд. жылдан астам бұрын) бос оттегі пайда болды. Жер қойнауынан бөлінген азот тотыққанда бос азот, ал көміртек қосылыстары тотыққанда бос көмір қышқылы түзілді. Палеозойдан бастап (500 млн. жыл бұрын) мұхит тұрғындарының қазба қалдықтарына қарағанда мұхит суының тұздық құрамы өзгермеген1. Бірақ егер өзендер мұхитқа басқа тұзды құрамды суды үздіксіз әкеліп құйса, мұны қалай түсіндіруге болады. Бұлар әкелген, ертілген заттардың мөлшері жылына 5,4 млрд. т, ал қалқымалары жылына 32,5 млрд. т жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет