Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады



бет11/12
Дата27.11.2023
өлшемі2.41 Mb.
#484532
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Айдана диплом (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманғы жаңа технологияларды әр түрлі салаларда қолдану, соның ішінде қонақ үй қызметін онлайн түрде пайдалану негізі бойынша қарастыру, адамдардың қашықтықтан қонақ үй жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндігін жоғарылатады. Елімізге келген туристер немесе Астана қаласына келген қонақтар үшін осы ақпараттық бағдарлама – қай жерге тұрақтауға болатындығын алдын ала іздестіріп, толығымен зерттеуге және қонақ үй бөлмесіне алдын ала бронь жасауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі.


Қонақ үй бизнесіне арналған ақпараттық жүйенің бірқатар пайдалы жақтары бар. Біріншіден, ақпараттық жүйені пайдалану оңай және функционалды. Олардың көмегімен қонақ үйдің әлеуетті қонағы өзіне көптеген пайдалы операциялар жасайды, оны қызықтыратын ақпаратты алады. Екіншіден, қонақ үйді ғаламторда жылжыту - бұл бизнесті көпшілікке таныстырудың, осындай бизнес түрінің бар екенін, артықшылықтарды хабарлаудың және ең бастысы - өз клиентін табудың маңызды тәсілі.
Дипломдық жобаның тақырыбы «Elliottii – қонақ үйі» ақпараттық жүйе түріне негізделген. Осы ақпараттық жүйеде қолданушылар қонақ үймен толық танысып, жеңіл әрі ыңғайлы түрде әр түрлі операцияларды орындай алады. Яғни бағдарламаның негізгі бөлігі қонақ үй бизнесімен таныстырудан тұрады.
Қорыта келгенде, қолданушылар осы бағдарламаны қолдану барысында қонақ үйге деген қызығушылықтары артып, клиент саны көбейетіндігі байқалады. Сондай – ақ қонақ үй қызметкерлерінің де жұмыстары мейлінше жеңілдейді. Заман талабына сай адамдарға сапалы ақпарат беруді қонақ үй саласындағы жаңа технологияның бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жақсы жасалған ақпараттық ресурс қонаққа қызмет көрсету деңгейін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар қонақ үй қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Қолжетімді және ыңғайлы бағдарламамен жұмыс жасау, қонақ үйдің де жұмысын өнімді әрі анық қылдырады. Web-беттер арқылы жасалған қонақ үй бизнес жүйесі практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Сондықтан алға қойылған міндеттер енгізіліп, тапсырма толығымен орындалды деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет