Таңдап алған спорт түрінен дене және технико-тактикалық дайындық



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#139934
1   2   3   4   5   6

Дәріс № 18

Тақырыбы: Технико-тактикалық дайындықтың басқа дайындық түрлерімен өзара байланысы

Тау спорты белгілі бір қиындықтармен байланысты болғандықтан арнайы психологиялық дайындықты қажет етеді. Спортшының қауіпті жағдайларда шешім қабылдау үшін жаттықтыру үрдісіне арнайы психологиялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл қауіпті жағдайларда шешім қабылдау, ауыр ауа райында, бірінші медициналық көмек көрсету сияқты жұмыстар. Психологиялық дайындықта басты орын –қажыр- қайраттық дайындық. Ол спортшының шешім қабылдаушылық, жеіске жету, шыдамдылық, табандылық т.б. қажырлы сапаларының қалыптасуына бағытталған. Қажырлық- қайраттық дайындық қиындықты меңгерумен байланысты. Қажыр-қайраттық сапалардың қалыптасуы спортшының қандай қиындықтарды меңгергендігіне байланысты.

Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

6. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

2. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984


Дәріс № 19

Тақырыбы: Технико-тактикалық дайындық ұйымдастыру сатысында
Мақсаты: Волейбол спорт түрінің технико-тактикалық дайындығын сабақтың ұйымдастыру сатысында өткізу ерекшеліктерін анықтау, үйрету.

Денені шынықтырудың ролі екі бағытта көрінеді. Оқытудың бастапқы кезеңінде қозғалыс дағдысын ойдағыдай игеруге көңіл бөледі. Оқытудың кейінгі кезеңдерінде денені шынықтыру ойын дағдысын жетілдіруге жағдай туғызады.

Волейбол сабақтарында дене шынықтыруға арнаулы орын беріледі. Мұнда волейбол ойынына арнайы шынығуға байланысты жаттығатын даярлық жаттығулары жасалады. Ондай жаттығулардың қатарына тез қозғалу мен бағытты ажырату, орын ауыстыру шапшаңдығы , тез жылдамдық алып, кенеттен тоқтау, ойын әдістерін орындауға қатысатын дене мүшелерінің жылдамдығы, ептілік пен икемділікті дамытатындар жатады.

Арнайы іріктеп алынған қозғалмалы ойындар мен эстафеталық ойындарды да пайдалануға болады. МҰндай жағдайда шапшаңдық, күш, секіргіштік сияқты қасиеттерді дамытып, ойын ойын дағдыларын қалыптастырады.

Волейбол сабағында оқушылардың үлгерімін бағалағанда ойынның орын ауыстыру, допты екі қолмен жоғарыдан беру, допты қабылдау, қайыра ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою сияқты негізгі ойын әдістерін орындау сапасы негізге алынады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақ мақсатының негізінде тиісті талап қояды.

Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984
Дәріс № 20

Тақырыбы: Технико-тактикалық дайындық жарыс сатысында
Мақсаты: Волейбол спорт түрінің технико-тактикалық дайындығының жарыс сатысындағы ерекшеліктерін анықтау, үйрету.
Мектептің мүмкіндігене қарай жарыс алдында жарысқа қатысушыларға арналған теориялық, практикалық семинар өткізу керек. Семинардың теориялық сабақтар программасында, біріншіден, еліміздегі физкультура қозғалысы, осы спорт түріндегі жетістіктер, жасөспірімдер арасында өткізілетін жарыстарға сипаттама беру. Екіншіден теориялық сабақтарда волейбол жарысының ережесі, жарысты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері, ойын календарын жасау, ойын нәтижесін есептеу істердің нақтылы шаралары белгіленеді. Ол үшін жас волейболшылар маман төрешілер толтырған техникалық есепті оқып, танысады, содан соң өздері сыртқы бетін толтыру, команда құрамын дайындау, есеп жүргізу, ойыншыларды орналастыру, алмастыру жұмыстарды өздері жүргізеді. Үшіншіден, балалар ойын ережесін үйренеді. Теориялық-практикалық сабақпен ұштасады.

Ойыншылар жарысқа тек бір түсті киіммен ғана қатысады және әрқайсысының майкасына номері жазылады.

Жарыс кезінде команда құрамы 12 ойыншыдан тұрады. 6 ойыншы негізгі құрамда ғана болады да, әр партиядан ойын бастайды. Қалған артық ойыншылар ойын барысында ауысып отырады. Әр партияда ойыншыларды 6 рет ауыстыруға болады. Мұндағы бір ескеретін жағдай ойыншылар орын ауыстыруға әзір тұрады, әйткенде арнайы уақыт берілмейді. Тек қана команда мүшелерінің бірі жарақаттанып, команда құрамы түгел болмаған жағдайда болмаса, запастағылар бір партияда бірнеше рет ойынға қатыса алмайды.

Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984
Дәріс № 21

Тақырыбы: Нақтылы жарысқа тактиканы таңдау

Мақсаты: Жарыста тактиканы таңдау әдістерін үйрету.


Әр партия ойыны алдында техникалық есепті жүргізу қағазында ойыншылардың тұратын орнына байланысты 6 ойыншы тіркеледі. Доп беру кезінде шабуылдау шебі-алдыңғы сызықта 4,3,2 номерлер де, екінші сызық-қорғаныс шебінде 1,6,5 номердегі ойыншылар есеп жүргізу қағазына сәйкес орналасады.

Ойыншылардың алдындағы номерлеріне сәйкес тұратын орындары уақытша олардың номерлерінің санына сәйкес алаң дейміз. Айталық, ойынға қатысушы 6 ойыншының 6 алаңы бар, демек, шабуыл шебіндегілер 4,3,2 алаңдағы ойыншылар да, қорғаныс шебіндегілер 1,6,5 алаңдағы ойыншылар болып екіге бөлінеді.

Ойыншылардың қалай орналасқанын екі жағдайда тесеруге болады, біріншіден, қорғаныс шебіндегі ойыншылар алаңдағыларға қарағанда торға жақын тұрады. (А, Б, В коридорда) екіншіден ойыншылар өз орындарын сақтап, яғни 3- аймақ ойыншысы оң жақ сызыққа 2-аймақтағы ойыншыдан, сол сияқты сол жақ сызыққа 4 айиақтағы ойыншыдан жақын тұруға тиіс емес. Бұл тәртіп 6- аймақтағы ойыншының 1,5 аймақтардағы ойынышылармен ара қашықтығына да қатысты. Ойыншылар осы екі талапты сақтаулары тиіс.

Жарыс кезінде жиі кездесетін ойыншылардың орналасуы (ойыншылар кеудесіндегі номері алаң санына сәйкес). Бесінші ойыншы (әсіресе осындай ойын кезінде байланыстырушы) тордан қашық тұрады. Бұл талапты 6,3 сондай-ақ 1,2 алаңдағылар да сақтайды. Алдыңғы сызықтағы 3 ойыншыға қарағанда артқы сызықтағы 5- алаңдағы ойыншы торға жақын тұрады, өйткені олар әртүрлі «коридордікі», сондықтан ойын тәртібі бұзылмайды. Доп берілгеннен кейін ойыншылар жағдайы басқаша болуы мүмкін. Ойыншылардың дұрыс тұрмауы доп беруші жаққа жеңіліс те, доп қабылдаушы жаққа жеңіс береді.

Әдебиеттер:

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984


Дәріс № 22

Тақырыбы: Ойынның шабуыл мен қорғаныстағы тактикасы.

Мақсаты: Шабуыл мен қорғаныс тактикасын меңгерту, әдістерін үйрету.


Шабуылдай соғуда жүгіру, секіру және жерге түсу сәттері ерекше бөлінеді. Жүгірген кезде бір адымнан үш адымға дейін орындалады.

Секірген кезде қолдың қимылын аяқтың жазылуымен сәйкестенділген жөн. Доп секірудің ең жоғарғы нүктесінде соғылады. Жерге жұмсақ түскен жөн (аяқты міндетті түрде бүгеді) (1 сурет)




Шабуылдай соғуды үйрену үшін:

Бітеу допты (1 кг) екі қолмен секіріп барып бастан асыра лақтыру

Гимнастикалық төсеніште тіземен тұрып допты саусақпен еден-қабырғаға сауасқпен соғу.

Серппеге орнатылған допты біо орында тұрып, секіріп барып, жүгіріп келіп шабуылдай соғу.

Іліп қойылған допты шабуылдай соғу. (2 сурет)




Әріптесі соққан допты соғу.

3-аймақтан берілген допты 4-аймақта соғу.

Оқушылар көп жағдайда допты қаттырақ соғуға құмар болады. Алайда мұның өзі қозғалысты тежеп, дұрыс дағдылануға зиянын тигізеді. Ең бастысы қозғалысты доптың үшу траекториясымен сәйкестендіре білу. Әбден дағдыланған соң барып допты соғу күшін арттыруға болады. Шабуылдай соғу әдісін дұрыс игере алмағандарға тор арқылы әріптесі лақтырған допты соғу сияқты жаттығулар орындалады.

Тосқауыл қою, шабуылдаушы соққыдан қорғанудың сенімді жолы

(3 сурет). Оның мәні доптың келе жатқан бағытына тордың үстіне қолды уақтылы қоя білу. Шабуылдай соғуға доптың берілу бағытына және шабуылшының тұрған қалпына қарай тосқауыл қоюшы секіруге дайындалып, сонымен қатар шабуылшының қозғалысын қалт жібермей бақылайды. Тосқауыл қоюшы қолдары соғылған доппен тордың үстіне кездесетіндей есеппен секіреді және қол мен саусақтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады.

Тосқауыл қоюды игеру үшін:

Бір-екі адыммен немесе екі аяқпен бір орыннан секіріп, іліп қойған бітеу допты алу.

Шабуылдаушы тор арқылы екі қолмен доп лақтырғанда тұғырда тұрып тосқауыл қою.

Іліп қойған допты шабуылдай соққанда бір орыннан секіріп тосқауыл қою.

Тұғырда тұрып шабуылдай соққан допқа тосқауыл қою.


Шабуылдағы және қорғаныстағы әдісті қозғалыстар волейболшылардың ойын кезіндегі әрекетін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Допты ойынға қосу кезінде ойыншы қарсы жақтың оны қабылдауын барынша қиындатуғы тырысады. Көбіне доп нашар ойыншыға, немесе алаңнан бастапқы , немесе бйір сызығына қарай бағытталады. Соңғы шабуылға доп берген ойыншы оған қарсы қарап тұрады.

Оқушылар доптың үшу қашықтығы мен жылдамдығына қарай оны екі қолмен жоғарыдан немесе төменнен қабылдауды игереді. Бір ойыншы жоғарыдан екі қолмен, немесе бір қолмен соғып, түрлі траектория бойынша доп береді. Екіншісі жоғарыдан не төменнен екі қолмен допты қабылдайды, келесіде тордың екі жағынан орындалады.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Дәріс № 23

Тақырыбы: Шабуылшының тұрысы мен қозғалысы

Мақсаты: Шабуылшының ойындағы тұрысы мен қозғалысын үйрету.


Волейбол сабақтарында қорғаныс және шабуыл қозғалыстарын (волейболшы тұрысы) орындар алдындағы бастапқы қалпты, сондай-ақ бастапқы қалыпты қабылдар алдындағы орын алмастыруды және әдістерді орындау дағдысын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Негізінен бұлар өкшелей адымдау (алға, артқа, оңға, солға) қосарлай адымдау, секіру (алға, артқа) секіріп немесе тіркес адымдап барып тоқтау және жүгіру (баскетболдағыдай). Оқушылар орын алмастырудың түрлі әдістерін жетілдіріп, ойын жағдайына сәйкес (допқа дейінгі қашықтық,оның үші траекториясы) орын алмастыру әдістерін таңдап алады.

Орын алмастыру дағдысын жетілдіру және оның ойын үстіндегі тиімділігі қарсы қозғалыстың жылдамдығын дамыту дәрежесіне ойыншылардың ептіліген, олардың орын алмастыру жылдамдығына байланысты. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын орын алмастырумен сәйкестендіріп, олрадың тәсілдерін эстафеталарға, қозғалмалыойындарға пайдаланады. Орын алмастыру кезінде ойын әдістерін бейнелейтін қозғалыстар орындау пайдалы..

ҮІІІ- класқа арналған 1-3 жаттығулар қайталанады.

Алаңның кейбір шектерінде қозғалысты жылдамдатып барып тоқтату.

Жүгіру және орын алмастыру кезінде белгі бойынша қимылды төмендетіп орын алмастыру кезінде белгі бойынша қимылды төмендетіп, орын алмастыру әдісін өзгертіп тоқтату және 180° бұрылу.

4х9 және 6х6 ерсілі-қарсылы жүгіру. Бұл 4-6 адыммен жарыс ретінде өткізіледі. Мәре бастапқы сызықтан беріліп сонда аяқталады.

Бір және екі аяқпен секіру, кедергілерден өту, бітеу доптардың орын алмастыру сияқты орын алмастырудың түрлі әдістері енгізілген эстафета.

Орын алмасу және негізгі тұрыс жас волейболшының ойын айла-тәсіліне бейімделуі, доппен жасалатын түрлі қозғалыстардың дұрыс орындалуына байланысты болады. ІҮ класта ойын ерекшелігінің шарты бойынша оқушыларды жүріске немесе жүріс кезінде белгі бойынша тоқтауға үйрету басталады.



Тұрыс дегеніміз- волейболшының ойын әдістерін орындауға, яғни допты қабылдап және өз әріптестеріне беруге дағдыланған қалпы.(1 сурет)

Негізгі тұрысқа дағдылануға арналған жаттығулар:

Табиғи жүріс, белгі бойынша тоқтау, солға (оңға) бұрылу

Табиғи жүріс жалғасады, бірақ тоқтап бұрылғаннан кейін отырып- тұру жаттығулары орындалады.

Жүріс кезінде оң аяқты алға жіберіп, секіріп барып тоқтау.

Табиғи жүгіріс, белгі бойынша секіріп барып тоқтау

Оң және сол бүйірмен алдыға қарап аяқты айқастыра басып жүру, одан әрі жүгіру.

Жүріс және жүгіріс кезінде белгі бойынша тоқтай қалып волейболшының тұрысын көрсету.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 24

Тақырыбы: Екі қолмен жоғарыдан доп беру

Мақсаты: Екі қолмен жоғарыдан доп беру әдісін үйрету, меңгерту.


Жоғарыдан доп беруге үйрету ойын әдістерін меңгерудегі шешуші кезең. Өйткені бұл әдісті үйренген соң волейбол ойнауға (допты ойынға қосусыз) болады. (2 сурет волейболшының жоғарыдан доп беру тұрысы). Ойыншы алдымен доптың «астына» шығуы керек. Мұнсыз допты дұрыс қабылдау мүмкін емес. Міне, сондықтан да тез орын ауыстыры, волейболшы тұрысын өзгертудің маңызы зор.

Бастапқы қалыпта аяқ тізеден, қол шынтақтан бүгіліп, қолдың саусақтары бүгіле жайылып, бастың тұсында допқа орын даярлап тұрады. Қабылдау тізенің жазылуынан бастап, одан қол қимылға келеді. Қол допқа тиген сәтте аяқ тез жазылып саусақтардың белгілі қимылы допқа белгілі бағыт береді. Жоғарыдан доп қабылдағанда негізгі күш сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп, бас бармақ доптың дұрыс бағытталуына көмектессе, аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді. Саусақтардың қалай дұрыс жататынын білу үшін серігі ұстап тұрған допқа қол тигізіп байқаған жөн. Допқа тек саусақтар тиюі қажет, алақанның соғылуы-өрескел қте, ойын ережесін бұзу деп есептеледі.

Жоғарыда айтылғандай, доптың «астына» шығу аса маңызды. Дегенмен қолдың допқа тиетін орнын дәл табу да ойыншының негізгі мақсаты. Осының бәрі төменде берілетін жаттығулардың сипатын анықтап, допты екі қолмен жоғарыдан беруді үйренуге жағдай туғызады.

екі адам қарама-қарсы тұрып бітеу допты төбеде ұстаған жағдайдан жоғарыдан қарсыласына беру, яғни лақтыру жаттығуы орындалады.

Қарсыласы бұл допты төбеден, яғни жоғарыдан қабылдау жағдайында қағып алады.

Оқушы волейболшы тұрысы қалпында, қолын төбесіне –допты қабылдайтын нүктеге орналастырады. Серігі осы жайылған саусақтардың ортасына допты салады.

Іліп қойған допты бір орында тұрып, жүгіріп және жүгіріп келіп тоқтаған соң екі қолмен жоғарыдан беру.

Допты төбеге лақтырып екі қолмен жоғарыдан 1,5-2 метр жерге беру.

Допты екі қолмен жоғарыдан қабырғаға соғып, қайталап қайтару.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Дәріс № 25

Тақырыбы: Екі қолмен орнынан допты жоғарыдан беру.

Мақсаты: Екі қолмен орнынан допты жоғарыдан беру әдісін үйрету, меңгерту.


Екі қолмен орнынан допты жоғарыдан беру әдісін қалыптастырып, жетілдіруге үнемі көңіл бөлінеді. Әр түрлі әдіспен орын алмастыру және допты орында тұрып қабылдау волейбол алаңының көлемінде орындалады.

Допты жоғары лақтырып барып беру. ІҮ класқа қарағанда допты жоғары лақтыру және беру қашықтығы арта түседі. Допты бергенде оны белгілі нысанаға бағыттау аса пайдалы.

Екі адамның бір-біріне допты беруі. Серігі биіктік пен қашықтықты өзгерте отырып доп береді. Ойын шарты алдын-ала белгілі болғандықтан допты қабылдаушы ыңғайлы қалыпта тұрады. Егер бұл тапсырманы жұптасып орындауға мүмкіндік болмаса, оқушы доптың санына қарай сапқа тұрады. Әр саптың алдында доп ұстаған оқушы болады. Бірінші тұрған оқушы допты берген соң саптың артына кетеді.

1-ші және 2-ші жаттығу қайталанады, доп тор арқылы берілеі. (жоғары лақтыру да солай)

Екі адам допты бір-біріне береді. Оқушылар 6-3, 4-3, 2-3 аймақтарға орналасады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 26

Тақырыбы: Допты екі қолмен төменнен қабылдау.

Мақсаты: Допты екі қолмен төменнен қабылдау әдісін үйрету, меңгерту.




Қарсы жақ ойынға қосқан шабуылдай және алдап соққан доп екі қолмен төменнен қабылданады.

Суретте волейболшының доп қабылдауындағы негізгі тұрысы көһрсетілген. Тізесі бүгіліп, қолы допты қабылдауға алдын-ала даярланған. Қолы допты тосып алады да, допты қайтару үшін оған қарсы қимыл жасаудың қажеті жоқ.

Доп қол жіліншігімен қабылданады. Саусақтар жұмылып, төмен түсіріледі. Жұдырықпен қабылдау қауіпті, өйткені доп оған дәл тимей қисық ұшып, алаңнан шығып кетуі мүмкін. Допты қайталау үшін және ағынын бәсеңсіту үшін қабылдау кезінде екі қолдың арасы ашық болады. Бірақ оларды барынша жақын ұстау керек. Допты екі қолмен төменнен қабылдау үшін мынадай жаттығуларды пайдалануға болады:

Төменгі қалыпта доп қабылдаудың бастапқы жағдайынан, аяқты жаза отырып ілінген допты соғу.

Домалай түсіп келе жатқан допты төменнен қабылдау. Бұған арналған қондырғыны оңай жасауға болады. Ол үшін екі тақтай бір-біріне науа тәрізді етіліп қағылады. Оны гимнастикалық қабрғаға немесе ағашқа т.б. орнатуға болады. Бұл қондырғы жеке адамға, мысалы үйде жаттығу жасауға аса қолайлы.

Серігі лақтырған немесе жоғарыдан берілген допты бір орында тұрып немесе орын ауыстырған соң қабылдау.

3-ші жаттығуды қайталай отырып, тор арқылы біріліп допты 4,3,2,6 аймақтарда қабылдау.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Дәріс № 27

Тақырыбы: Допты ойынға төменнен тік қосу

Мақсаты: Допты ойынға төменнен тік қосу әдісін үйрету, меңгерту




Суретте допты ойынға қосудың осы әдісі көрсетілген. Бұл әдіске үйреткенде мұғалім тарапынан оқушыларың қимылы мұқият бақыланады. Сермеген кезде ойыншының қолы артқа, ал допты соққан кезде төменнен алға қарай қозғалып, аяқтарын жазуға асықпауы, жауырынын кері серпілуі және еңкеймеуі (мұндайда доп алға қарай емес, төбеге қарай ұшады). Допты соққан кезде дененің салмағы алдыңғы аяққа түсетінін, соққан соң доптың артынан ілесе жоғары ұмтылып, тізенің жазылатынын, одан арттағы тұрған аяқпен алға бір қадам жасайтынын оқушыға қайталап түсіндірудің маңызы бар.

Допты ойынға төменнен қосуға арналған жаттығулар:

Бітеу допты бір қолмен қабырғаға лақтыру және қағып алу (қашықтық 1,5-2 метр)

Екі адам боп: бітеу допты бір қолмен (оң және сол) лақтыру. Қашықтық біртіндеп 8-9 метрге дейін арттырылады.

Бітеу допты тор арқылы (төменгі жібі бағанаға бекітілмеген) 4-6 метр қашықтықтан лақтыру.

Жіпке іліп серігі ұстап тұрған допты төменнен беру. Соққан кезде жіп жіберіледі де доп берілген бағытта ұшады.

Іліп қойған допты тор арқылы 4 метр қашықтықтан беру.

Төрт метр қашықтықтан допты жоғары лақтырып барып беру.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Дәріс № 28

Тақырыбы: Даярлық ойындар

Мақсаты: Әр әдісті меңгерткеннен кейін өткізетін даярлық ойындардың мазмұнымен. әдістерімен таныстырып, үйрету.
Үйренушілер ойынның өзіне бірден тікелей кірісуге құштар болатыны белгілі. Алайда мұғалім оларға тек ойнау әдістерін жақсы игерген адамның ғана ойыннан ләззат алатындығын түсіндіреді. Волейболға барар жолдағы баспалдақтар-даярлық ойындары. Оқушыларды «нағыз» волейболға жақындататын даярлық ойындары өте қызықты да, волейболдың түрі ретінде өткізіледі.
«Пионербол». Әр командада 6-8 оқушы қатысады. Ойын екі доппен өткізіледі. Ойын допты жоғары лақтырып, тордың үстінен беруден басталады. Мақсат- доптардың алаңның бір жағына шығарылуы. Мұндай жағдайда қарсы жаққа ұпай беріледі. Белгілінген ұпай санын бұрын алған команда жеңімпаз атанады.
«Доп әуеде». Ойыншылар 6-8 оқушыдан шеңбер құрып, ортасында доп ұстаған жетекші тұрады. Белгі бойынша әр топтың жетекшісі өз командасының ойыншыларына кезекпен доп береді. Ойыншылар допты жетекшіге екі қолмен жоғарыдан қайтарып тұрады. Доп беру санын өзгелерден бұрын орындап, қатені аз жіберген (доптың түсіп кетуі т.б.) команда жеңімпаз атанады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 29

Тақырыбы: Допты әр түрлі әдістер арқылы беру әдісі.

Мақсаты: Допты бір- біріне беру айла-тәсілдерінің түрлі әдістер арқылы үйрету.

Допты бір-біріне беру айла-тәсілі кз келген сабақта өзінің қажетті дәрежесінде үйретіледі. Бұл бітеу доптарды лақтыру мен қағып алу жаттығуларына да байланысты.

Торға параллел бағытта және тор арқылы қарсы саптарда доп беру. Қарсы саптарда доп беруге оқушылар ҮІІ класта дағдылана бастайды. ҮІІІ класта сол дағды ойын жағдайына жақындап жетілдіре түседі. Соған орай өткен кластың бағдарламасын қиындату арқылы ойын дағдысы қалыптасады.

Жұптасып доп беру. Оқушылар 3-4, 3-2 аймақтарға және алаңның ішкі түпкіріне орналасады. Барлық ойыншылар тор жанында болғаннан кейін ғана олар алмастырылады. Бұл жаттығуды қосымша торларда немесе екі алаңда орындалады.

Жұптасып допты тор арқылы беру. Оқушылар 4-2, 3-3, 2-4 алаңдарға орналасады. Орындау дәл 1 жаттығудағыдай.

Оқушылар екі саппен 2 және 4 аймақтарға орналасады. 2-аймақтағы саптың алғашқысы бітеу допты 4-аймаққа лақтырып, өзі саптың соңына барып тұрады. 4-аймақтағы саптың оқушысы допты 2-аймаққа лақтырып, өз сапының соңына кетеді. Бір кезек доп лақтырған соң саптар орын ауыстырады.

Оқушылар 3-жаттығудағыдай орналасады. 2-аймақтағы ойыншы бітеу допты төбесіне лақтырып қағып алады да 4-аймаққа лақтырады, сонсоң қарсы бағыттағы колоннаға қарай жүгіреді. 4-аймақтағы оқушы допты қағып алып, төбесіне лақтырып қайта қағып алған соң 2-аймаққа лақтырады. Мұның кейін қарсы беттегі саптың соңына барып тұрады.

4- жаттығудағы қозғалыс қайталануы, тек ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен береді.

5- жаттығудағы қозғалыс қайталанады, тек ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қарсы сапқа береді.

6-жаттығудағы қозғалыс қайталанады. Бұл жолы доп бірден қарсысапқа беріледі.

Қарсы саптар тордың екі жағына 2-4 аймақтарға орналасады. Допты тор арқылы бергеннен кейін оқушылар өз сапының соңына барып тұрады.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990



Дәріс № 30

Тақырыбы: Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісі

Мақсаты: Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісін үйрету, меңгерту.



Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісі шабуылдап соғу үшін допты барынша тәсілденген шебер ойыншыға беру үшін пайдаланылады. Немесе қарсы жақтың доптың берілу бағытынан жаңылдыру мақсатында қолданылады.

Суретте бұл әдістің қалай орындалатыны көрсетілген. Бастапқы қалыпта оқушы қолын алға-жоғары қарай доп бергендегіден биігірек, төбесіне ұстайды. Доптың берілуін нақтылы бақылау үшін бас кейін қарай шалқая түседі. Қол мен жауырын кері қарай ығысып аяқ нық тұрады. (көбіне аяқтың бірі-сол аяқ алда). Доп беру жауырынды кері-жоғары серпу, сондай-ақ қолды иық тұсынан (шынтақты бүкпей) кері айналдыру есебінен жүзеге асырылады. Допты бұлайша беру кезінде торға бір бүйірлей тұру қажет, әйтпесе доп торға не жетпей қалады немесе асып кетеді.

Допты негізгі бағытқа теріс қарап тұрып беру тәсіліне үйреткен кезде жаттығулар тура қарап тұрғандағыдай орындалады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі ескеріледі.


Үш адам болып орындайды.(3 сурет). Бірінші ойыншы 2-ге, ол 3-ге арқасып беріп тұрып бітеу допты лақтырады, сонсоң 3- ойыншыға бетімен бұрылады да допты кері бағытта: 3- ойыншы екіншіге, 2-ойыншы – 1 ойыншыға т.б. береді.

Бұл жаттығуды жұптасып орындайды. Допты төбеге секіріп лақтырып, 180 °-бұрылып қағып алу, одан қарсыласына арқасымен тұрып доп лақтыру.

Іліп қойған допты беру.

Жұптасып орындайды. 1-ойыншы 2-ге арқасын беріп тұрып допты төбесінен асыра лақтырады. 2-ойыншы допты қағып алып оған арқасын беріп бұрылады да допты төбесінен асыра лақтырып, қайта береді. Жаттығуды орындау жалғаса береді.

2-жаттығу қайталанады., бірақ волейбол добыменорындалады. 2-ойыншы допты негізгі бағытқа арқасын беріп тұрып лақтырады.

Бұрын үйретілген –топталып доп беру әдістерінен құрастырылған жаттығулар.

6-жаттығу қайталанады. Бірақ арқасын беріп тұрып доп берген соң, мысалы, 2-аймақтан допты тор арқылы секіріп беру.

Ойын барысында сәтсіз қабылдаудан, басқа жағдайлардан доп кейде торға соғылады. Егер ол үшінші рет қабылданған болса, әрине ойын ережесі бұзылады.

Егер доп бірінші (допты алғашқы қабылдау) не екінші қабылдау болса, онда жағдайды әлі де түзетуге мүмкіндік бар. Екінші қабылдаудан кейін үшінші рет қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар екенін ұмытпаған жөн. Доп екінші рет қабылданғанда мүмкіндігінше жоғары көтеру жеткілікті, ал үшінші рет алынатын болса, оны қалай да тор арқылы өткізіп, қарсы жақтың осалдау тұсына беріледі.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет