Таңертеңгі нұсқама – ҚТ бойынша күнделікті тақырыптар\ Утренний инструктаж – Ежедневные темы по отиТБ


Бірінші медициналық көмек көрсету шаралары



бет16/55
Дата08.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#494735
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
TBT Тулбокс

Бірінші медициналық көмек көрсету шаралары.
Оказание первой медицинской помощи.
First Aid Basics.

Гигиена - Жара, күйiк жара немесе көз жараланған кезде, көмек көрсету алдында қолдарыңызды жуыңыз немесе латекс қолғабын қолданыңыз.
Қатер жағдайында не iстеулерiңiз керек - Жараланған адамның есiн жоғалтпағанын тексерiңiз. Жараланған адам есiн жоғалтқанда немесе есiн жартылай жоғалтқанда кезде: Аузында еш бiр заттың болмағанын тексерiңiз. Басын еңкейтiп және екi саусақ ұшымен иегiн көтерiп ауа тыныс жолдарын ашыңыз. Жараланған адамның тынысы тоқтағанда оған жасанды дем алғызыңыз. Егер қолыңыздан келмесе кешiктірмей адамдарды көмекке шақырыңыз. Белгiлi ем қолданыңыз немесе медициналық персонал келгенше жаралы адамның тыныс алуы үшiн көмек көрсетiңiз.
Талу - Адам талып қалғанда ең бiрiншi оның тыныс жолдарын ашу керек. Бұны жоғарыда айтылған көмек көрсете алмағаныңызда, жарақаттанған адамдның тiлi тамағын жаппайтындай қылып орналастыруларыңыз керек және асқазан iшiндегi заттар жұтылмай немесе аузынан шығуының алдын алу үшiн басын денесiнен бiраз төмен орналастырыңыз. Басы, мойны және арқасы тiк орналасып, бүгiлген дене мүшелерi жаралының ыңғайлы және орнықты орналасуына көмек етедi. Жараланған адамның қасынан уақытша кетуіңiз керек болса, оны дұрыстап орналастырыңыз.
Жарақаттану және қан кету - Ашық жараларды жабып, қанауды басып тоқтату керек. Зарарсыздандырылған шөберектi алып қолдарыңызбен және саусақтарыңызбен басып жараны басып тұрыңыз. Шүберекпен жараны байлаңыз. Қан тоқтамаған жағдайда басқа бiр шүберектi үстiнен байлаңыз. Бiрiншi байланған шүберектi алып тастамаңыз. (Кейбiр кезде қанап тұрған орынды саусақтармен басу керек). Қанаған мүшенiң жоғары көтерiлуi (сынбағанда) қанның тоқтауына әсер етедi. Керектi көмек сұраңыз.
Сынық жарақат - Жарақаттанған адам қауiпсiз жерде орналасса, оны қимылдатпаңыз. Орнынан ауыстырылуы қажет болғанда, сынған жерді қимылдатпайтындай етіп байлау керек. Айналадан көмек сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет