Қоғамдық тамақтандырудың Еңбек осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Арнайы қоймаларға сапасы жоғары және сол артықшылығын куәландыратын куәлігі мен сертификаты бар азық – түлік қана қабылдануға тиіс. Ірі қоғамдық тамақтандыру орындары мен сауда мекемелерінен тағам өнімдерін бір – бірінен оқшау, оңаша сақтауда талап ету жөн. Себебі олардың бірге сақталуы сапасына зиянын тигізуі әбден мүмкін. Нан және нан – тоқаш өнімдерін, құрғақ көкөністі, картопты, ет пен сүтті, май мен балықты қоятын жеке – жеке арнайы қоймалар болуы шарт. Қай жерде де шикі тағамды піскен тағаммен, сапалы тағамды сапасы төмен тағаммен бірге сақтауға тиым салынады. Сапасы төмен, бұзылған азық – түлік сұрыпталған күйі арнайы орында сақталуы керек. Сол секілді құрғақ тамақ өнімдерін ылғалдылығын жоғары тағамдармен бірге сақтауға болмайды. Себебі құрғақ тағамға ылғал сіңіп, бұзылып кетуі кәдік. Азық – түлікті бір – бірінің үстіне үйіп, ретсіз қоюға жол жоқ. Олар арнайы қойма текшелерінде арақашықтығы 70 см күйде сақталуы тиіс. Бұл қойма бөлмелерін тазалауға да, желдетіп тұруға да қолайлы. Кептірілген ет, шұжық, қайнатылған тосап, қақталған балық арнайы ілгіштерге ілініп, жоғары қойылуы керек. Ілінген ет бір – біріне тиіп тұрмауға тиіс. Тоңазытылған ет тағамдары текшеде жеке сақталады. Мұздатқыш бөлмелерде ет тағамдары бір қатарға қойылады. Тоңазытылған, буланған балық тағамдарын астауларда, кәуектерде, жәшіктерде сақтайды. Буланған балыққа ұсақталған мұз сеуіп тастайды. Кепкен, қатқан балықты арнайы ілгішке іледі. Кейбір қосымша тағам мен құс етін ағаш жәшіктерге, желдетуге ыңғайлы ағаш сатыларға қойып сақтайды. Ет, май, сүт, ұн, қант сияқты иісті өзіне тез тартатын тағамдарды балық,темекі сияқты заттармен бірге ұстауға болмайды. Түйіршікті, дәнді азық – түлік арнайы қалталарға салынып, сатылы текшелерге қойылады. Акз мөлшердегі түйіршікті өнімдер қоғамдық тамақтану орындарында қақпаға жабылатын үлкен ағаш жәшікте, сандықта ұсталады. Көкөніс пен картопты температурасы 0 – 2* С (картоп) және 5 * С (көкөніс) арнайы қоймаларда сақтайды. Бұларды қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұстау мерзімі 2 – 5 күннен аспауы керек. Әйтпесе бұзылып, жарамсыз болып қалуы қалады. Кейбір қосымша өңдеуден өтпей бірден пайдалануға арналған (май, шұжық, нан - тоқаш) тағам өнімдерін сақтауға өте қатаң талап қойылуы тиіс. Азық түлікті сақтау оларды кеміргіштерден, шыбыннан, т.б. зиянкестерден қорғауды қажет етеді. Қойма қабырғалары кеміргіштер тесе алмайтын болғаны дұрыс. Едендегі және басқа да қосымша жүйелердегі тесіктерді цементтеп, темірмен, кірпішпен бекіту қажет. Қоймалардың желдеткіштері темір тормен, терезелерді әйнектермен бітелуі жөн. Кеміргіштермен күресу үшін қақпан, тор құрылады.
№
|
Құжаттың аталуы
|
НҚА нысаны мен акт қабылдаған орган
|
НҚА қабылдау мақсаты
|
Құжаттың қысқаша сипаттамасы
|
1
|
Технологиялық жабдық
|
2015ж. 15 наурыз
|
Жабдықпен қамтамасыз етілуі
|
Технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар , аспаптар жиынтығы
|
2
|
Таңбалау
|
2017 ж. 1 қаңтар
|
Өндірістік объектілерді таңбалау
|
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша таңбалау объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
|
3
|
Қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарын қорғау жөнiндегi құқықтары
|
1993 ж. 22 қаңтар
|
Еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлер
|
Жұмыс берушiлердiң еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауына қоғамдық бақылау жасау арқылы қызметкерлердiң жұмыс берушiлер алдындағы еңбектi қорғауға арналған құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауiпсiздiгiн жасауы жөнiнде келiсiмдер
|
4
|
Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
|
2015 ж. 19 наурыз
|
Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары болып табылады сол мақсатта жұмыс көрсетуі
|
Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілерін жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды тұтыну үшін орын беруге байланысты сауда қызметімен айналысатын, ведом
|
5
|
Технологиялық жабдық
|
2015ж. 15 наурыз
|
Жұмыс істеуіне қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар
|
Технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар , аспаптар жиынтығы
|
6
|
Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу жағдайларына қойылатын талаптар
|
2013 ж. 22 қазан
|
Өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану, өткізу
|
Шикізат пен тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану, өткізу жағдайларына, жаңа өнімдерді дайындауға, жаңа технологияларды енгізу осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келеді
|
7
|
Өндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
|
2015 ж. 15 наурыз
|
Шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі
|
Шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі құрал-саймандық және (немесе) зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі
|
Достарыңызбен бөлісу: |