Тақыпып : Республикамызда кездесетің дәрілік өсімдіктер Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық зерттеу туралы



бет5/6
Дата17.12.2022
өлшемі47.58 Kb.
#467390
1   2   3   4   5   6
ДӘУРЕН

Дәрілік өсімдік шикізатын микроскопиялық зерттеу туралы
Өсімдік шикізатының микроскопиясын зерттеу жарық және люминесцентті микроскоп көмегін жүргізіледі. Микроскоп көзге көрінбейтін объектілердің қатты ұлғайған бейнелерін алуға мүмкіндік береді. Микроскоп көмегімен микробейнелердің мөлшерін, құрылысын, және т.б. сипаттамаларын анықтайды. Микроскоп элементтердің арасы 0,20 мкм-ге дейін болатын құрылымдарды ажыратуға мүмкіндік береді. Микроскоптың шешу қабілеттілігі жарықтың толқындық қасиеттерімен байланысты. Препараттың құрылымын ажырату оның бөлшектерінің жырықты сіңіру, шағылыстыру және сыңдыру қасиеттеріне бір-бірінен ажыратылғанда ғана мүмкін болады. Дәрілік өсімдік шикізатынан микроскопиялық препараттарды даярлау техникасы алуан түрлі және де зерттелініп отырған объектінің морфологиялық тобына, оның күйіне (бүтін, бөлшектелген, кесілген немесе ұнтақ) байланысты болады.
Жапырақ, шөптер, гүлдер.Бүтін және кесілген шикізат. Бүтін шикізатты зерттеу кезінде жапырақ тақтасының жүйкесі бар бөлшектерін алады. Шөптерден жапырақтарды, кейде сабақ пен гүлдің бөліктерін, гүлдерден-тостағанша мен күлтені жеке қарастырып алады. Кесілген әртүрлі бөліктерді алады. Препараттарды жиі ақшылдандыру қажет болады.
Төмендегідей тәсілдер қолданылады:1. Шикізаттың бөлшектерін пробиркаға салып, сумен араласқан 5% натрий гидроксидін қосып (1:1), 1-2 минут қайнатады. Кейін Петри табақшаларына көшіріп, сумен мұқият шаяды. Шикізат бөліктерін заттық шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салады.
2. Жапырақтардың бөліктерін 1:1 қатынаста сумен араласқан хлоралгидрат ерітіндісінде 5-10 минут қайнатады да (ақшылданғанға дейін) затты шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салып, скальпель немесе инемен екі бөлікке бөледі. Оның біреуін ақырын аударады. Объектіні жабындық шынымен жауып, ауа көпіршіктері жойылғанға дейін спиртовканың жанында аздап қыздырады да, суығаннан кейін зерттейді. Жапырақтың екі жағын да микроскоп арқылы кіші және үлкен ұлғайтулармен қарастырады. Сабақтың бөлшектерін 5% натрий гидрооксидінде 5-10 минут қайнатып, сумен шаяды. Эпидермисті скальпельмен немесе инемен бөліп алып, бетін қарастырады, қалған ұлпаларынан объектіні заттық шыны бетіндегі хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісіне езу арқылы препарат жасалынады. 10 минут хлоралгидрат ерітіндісіне қайнатылған жапырақтардың көлденең кесіндісін шикізат бөлшектерін өзегінің ортасына қыстыру арқылы әзірлейді.
Ұнтақ. Заттық шыны бетіне 1-2 тамшы хлоралгидрат ерітіндісін тамызып, зерттелінетін ұнтақтың аздаған мөлшерін салады. Ұнтақты хлоралгидрат ерітіндісіне батырылған иненің ұшымен алып, мұқият араластырып болғаннан кейін, бетін жабындық шынымен жабады да, ауа көпіршіктері кеткенге дейін спиртовка жалынына қыздырады. Шынының үстін препараттық иненің сабымен ақырын басып, шетіне шыққан сұйықтықты сүзгіш қағаздың көмегімен сорып алады. Қатты жапырақ пен қатты сабақтан жасалынған ұнтақты 5% натрий гидроксидінде қайнату арқылы мөлдір түске енгізеді.
Тұқымдар, Жемістер. Бүтін шикізат. Тұқым қабықшасынан, жемісқап бетінен немесе көлденең кесіндісінен препараттар даярланады.Тұқым қабықшасынан және жемісқаптың бетінен жасалынған препарттар. 2-3 тұқымды немесе жемісті 5% натрий гидрооксидінде 2-3 минут қайнатып, мұқият сумен шаяды. Объектіні заттық шыныға орналастырып, препараттық инелермен тұқымды қабықшасынан, жемісқапты ұлпаларынан ажыратып, хлоралгидрат немесе глицирин ерітіндісінде қарастырады.
Кесінділер. Кесінділерді әзірлеу үшін құрғақ тұқымдар мен жемістерді тәулікке ылғалды камераға салу арқылы алдын-ала жұмсартады. Ылғалды камера ретінде бірнеше тамшы хлороформ қосылған суы бар эксикатор алынады. Сонымен қатар жұмсартуды объект қаттылығына байланысты су буымен 15-30 минут өңдеу арқылы іске асырады. Ұсақ жемістер мен тұқымдарды 0,5х0,5х1,5 см парафинді блоққа ендіреді. Балқыту төмендегідей жүргізіледі: отқа қыздырылған препараттық иненің ұшымен ойық жасап, дереу арада сол жерге объектіні орналастырады (объектінің беті құрғақ болуы керек). Кесінділер парафинмен бірге жасалынып, парафиннен сұйықтыққа матырылған иненің ұшымен тазартылады. Микропрепараттар глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде жасалынады.
Қабық.Бүтін және бөлшектенген шикізат. Қабықтың тігінен және көлденеңінен кесінділерін төмендегідей тәсілмен дайындайды: 2-3х0,5-1 см мөлшеріндегі шикізат бөлшектерін суы бар пробиркада 5 минут қайнатып, бөлшектердің нақты тігінен және көлденең кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды. Әртүрлі құрылымдар мен заттарды айқындап қажет болған жағдайда цитохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген (лигнификацияланған) элементтерді флороглюцин ерітіндісінің бірнеше тамшысы мен 25%-дық тұз қышқылының 1 тамшы қоспасымен айқындайды. Бір минуттан кейін сұйықтықты сүзгіш қағазбен сорып алады да, хлоралгидрат ерітіндісі немесе глицеринге салынған кесіндіні жабындық шынымен жауап қыздырусыз қарастырады. Сүректенген арқаулық элементтер алқызыл түске боялады. Сүректенген элементтерді бояу үшін сафранин ерітіндісін де қолдануға болады. Кесінділерді 50% спирттегі 1% сафранин ерітіндісіне 30 минут ұстаған соң (жабық бюкс немесе сағаттық шыныға), алдымен 50% спиртпен, одан кейін қышқылданған спиртпен (100мл спиртке 2 тамшы концентрлі хлорсутекті қышқылды қосады) шайып, заттық шыныдағы глицеринге енгізеді. Сүректенген клетка қабықшалары қызыл түске боялады.
Крахмал. Крахмалды айқындау үшін құрғақ қабықтың кырындысын жасап люголь ерітіндісінде және жоғарыда көрсетілгендей суда қарастырады.Илік заттар. Илік заттардың барын құрғақ қабықтың ішкі жағына 1 тамшы теміраммонийлі кварцтың немесе хлорид тотықты темірдің ерітіндісін тамызу арқылы айқындайды. Қара-көк немесе қара-жасыл бояу пайда болады.
Антрацен туындылары. Антрацен туындыларын қабықтың ішкі бетіне 1-2 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін тамызу арқылы (қан қызылға боялады) немесе микросублимация арқылы айқындайды.
Тамырлар, тамырсабақтар,Бүтін шикізат. Тігінен және көлденең кесінділерді даярлайды. Жерасты мүшелерінің кішігірім бөлшектерін суық суға салып, бір тәулік ұстаған соң, 3 тәулік 95% спирт пен глицерин (1:1) қоспасына енгізеді. Жұмсарған объектілердің нақты тігінен және көлденеңінен кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды. Нақтамалық белгілерді алдымен кіші, сосын үлкен ұлғайтумен қарастырады. Құрғақ жерасты мүшелердің қырындысымен қажетті микрохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген элементтері крахмал, шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен туындыларының барын «Жемістер мен тұқымдар», «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген әдістемеге сәйкес айқындайды.
Инулин. Инулинді айқындау үшін заттық шыныдағы 0,1 г ұнтақты 1-2 тамшы а-нафтол (резорцин немесе тимол) және 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылының қоспасына салады. Қызғылт-күлгін бояу (резорцин мен тимолдан шоқсары-қызыл т.с) пайда болады. Инулиннің бары туралы тұжырымдарды крахмал жоқ болған жағдайда ғана жасауға болады. Бөлшектенген шикізат. Жерасты мүшелерін бөлшектерін 5% натрий гидрооксиді ерітіндісінде 3-5 минут қайнатады. Суға мұқият шайған соң бөлшектерді глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде езе отырып микропрепараттарды дайындайды. Жерасты мүшелерін қырындысы және ұнтағымен жүргізілетін микрохимиялық реакциялар «Қабық» бөлімінде көрсетілгендей іске асады.
Ұнтақ. Жерасты мүшелерінің нақтамалық белгілерін және оның құрамындағы заттарды айқындау үшін бірнеше препараттар (хлоралгидрат ерітіндісінде) әзірленеді. Сүректенген элементтер, крахмал, шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен туындыларының барын «Жемістер мен тұқымдар», «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген әдістемеге сәйкес айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет