Тақырыбы : Аталар сөзі- тәрбие көзі Уақыты


Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді



бет3/3
Дата10.04.2024
өлшемі19.68 Kb.
#498277
1   2   3
Аталар сөзі

Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.

  1. жүргізуші

Аталы сөз кімге керек?

  1. жүргізуші

Аталы сөз ақындарға керек.

  1. жүргізуші

Жоқ, аталы сөз бәріне керек.Есіңде болсын, ақылдыға- аьталы сөз дана болу үшін керек, жақсыға- ақылды болу үшін керек.Өмірде аталы сөз ақылдыдан шығады.
2-жүргізуші.
Ақымаққа ақыл айтсаң мазақ қылады, ақылдыны мазақ қылсаң жалтақ болады.Өнер талантты қсіреді, өсек талантты өшіреді.Өмірде аталы сөз бәріне керек.Ата ақиқатты айтады, әке адалдықты айтады, ана жақсылықты айтады.
ІІІ –бөлім Нақыл сөз - ақыл сөз деп аталады.

  1. оқушы

Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
2-оқушы
Сәулелі сөз сөне ме?
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім өнеге
Ақ тілеуі атаның.
3-оқушы
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Атам сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
4-оқушы
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
5-оқушы
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Атам сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
6-оқушы
Қалдыратын ұятқа
Жалған сөге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
7- оқушы
Тегін кітап атамыз
Жаңарғанын сананың.
Ұмытады мұны кім?
Мұра тұттық біз бүгін.
ІҮ бөлім Шешендік сөздер.

  1. жүргізуші

Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық.Би шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпйтын, тура сөйлейтін нағыз шешен, әрі ақылгөй болған.

  1. жүргізуші

Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқыса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
1-оқушы
Жерден ауы не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?



  1. оқушы

Жерден ауыр дегенім- ақыл-білім,
Судан терең дегенім -оқу-ғылым.
Оттан ыстық дегенім- адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.

  1. оқушы

Не жетім?
Жаңбыр жаумаса - жер жетім.
Басшысы болмаса - ел жетім .
Ұқпасқа айтылған - сөз жетім.

  1. оқушы

Неде қасиет жоқ?
Бал болмаса ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз,
Әдепсіз болса бала қасиетисіз,
Көк шықпаса жер қасиетсіз,
Ойсыз болса ер қасиетсіз,
Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса жігіт қасиетсіз.

  1. оқушы

Не қиын?
Арадан шыққан жау қиын.
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаса дер қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзіңе түскен өрт қиын.
Ү- бөлім
Көрініс.Алтын алма- бата ал деп аталады.Бата беру рәсімдерінен көрініс.

  1. жүргізуші

Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық.Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған.Қазақ тарихында сөздің орны ерекше.Бітпес даудың, бітуасыз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған.Сондықта сөзден асқан құдірет те, күш те жоқ.

  1. жүргізуші

Суырып салма ақын, өткір сөзді шешен адамадар көп болған.Біздің халқымыз сөзді айта және тыңдай білген адамдарды ерекше құрметтеген.

  1. оқушы

Жақсы адам – елдің бас серкесіндей.
Жұғымды болар елдің еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.

  1. оқушы

Жақсыға үлкен- кіші – бәрі жақсы.
Жасынан бірге өскен көкесіндей.
Жақын адам алысты жақсы етер
Беттескен екі таудың өркешіндей.
Хормен. Жаңғырғанын сананың
Ұмытады мұны кім?
Өсиетін атамның
Қорытынды сөз. Мұра тұттық біз бүгін - дей келе «Атаның сөзі - ақылдың көзі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Осы тәрбие сағатынан аз да болса ғибрат алсаңыздар біздер бақыттымыз.
Бата беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет