Вирусты гепатит
|
Тәбеттің төмендеуі, бауыр, көкбауырдың үлкеюі, сары ауру.
|
Сары ауру аясында қызба жоқ, полиошақтылық, полиаденопатия, бөртпе жоқ
|
Қан сарысуындағы вирусты гепатит маркалары (А, В, С, Д, Е).
|
Салмонеллез.
|
Қызба, интоксикация, іш ауруы, диарея, нәжістегі шырыш, жүрек айнуы, құсу, бауыр, көкбауырдың үлкеюі.
|
Клиникалық саралау қиын. Полиаденопатия, бөртпе, полиошақтылық жоқ.
|
Культураны бөлу, ПТР, ИФА–да IgM немесе салмонеллаларға IgG деңгейінің өсуі, ТЕИФР.
|
Бактериалды пневмония.
|
Қызба, интоксикация, пневмония синдромы.
|
Гепатодиеналды синдром, полиаденопатия, бөртпе, полиошақтылық жоқ.
|
Қанда – нейтрофильді лейкоцитоз, қақырықтан, қаннан культураның бөлінуі, ПТР, ИФА–да IgM немесе қоздырғыштарға IgG деңгейінің өсуі, ТЕИФР.
|
Иерсиниоздар
|
Қызба, интоксикация, гепатодиеналды синдром, полиаденопатия, бөртпе, полиошақтылық.
|
Клиникалық саралау мүмкін емес
|
Культураның бөлінуі, ПТР, ИФА-да IgM немесе иерсинияларға IgG деңгейінің өсуі, ТЕИФР.
|
АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ : амбулаториялық деңгейде жіті иерсиниоздардың біріншілік-ошақтық нысандарының жеңіл ағымы жағдайында, сондай-ақ оның созылмалы ағымы жағдайында зертханалық зерттеулер жүргізеді. Иерсиниоздардың генерализацияланған және екіншілік-ошақты нысандары шұғыл тәртіппен стационарлық емделуге жіберіледі және стационарлық жағдайда зерттеуден өтеді. Дәрі-дәрмексіз емдеу: · Төсек режимі – температура қалыпты болғанға дейін; · Диета: жалпы үстел (№ 15), көп мөлшерде сұйықтық ішу. Ілеспе патология (қант диабеті, бүйрек ауруы жәнет.б.) болған жағдайда тиісті диета белгіленеді. Дәрі-дәрмекпен емдеу: Этиотропты терапия. Этиотропты терапия зертханалық-этиологиялық зерттеу үшін материал алғаннан кейін тағайындалады. Науқастарды емхана жағдайында емдеу кезінде төменде атап көрсетілген антибиотиктердің бірін тағайындаған жөн: · ципрофлоксацин ішке 500 мг 2 рет, 7-10 күн немесе басқа фторхинолондер; · цефуроксим ішке 0,5-1 г/тәу 2 қабылдауға, 7-10 күн немесе басқа цефалоспориндер; · амоксициллин/клавуланат ішке 0,375- 0,625 г-нан тәулігіне 2-3 рет 7-10 күн немесе ампициллин б/е 1,0 г. 4 рет б/е, 7-10 күн. Амбулаториялық терапия жағдайында ауыз арқылы қабылданатын препаратты тағайындаған жөн.
Патогенетикалық терапия: · көп мөлшерде сұйықтық ішу - тәулігіне 2,5-3,0 л-ге дейін; Жоғары қызба жағдайында - стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, төменде атап көрсетілгендердің бірін 1-3 күн бойы: · ацетаминофен 500 мг, ішке; Десенсибилизациялаушы терапия, төменде атап көрсетілгендердің бірін 3-5 күн бойы: · цетиризин ішке 0,005-0,01 г-нан тәулігіне 1 рет; · лоратадин 0,01 г-нан ішке тәулігіне 1 рет. Симптоматикалық терапия: • ангинозды нысанда - дезинфекциялаушы ерітінділермен ауызды шаю: • тері нысанында - бриллиант жасыл 1% спирт ерітіндісімен біріншілік және екіншілік тері аффектерін өңдеу Хирургиялық араласу: жоқ. Емдеу тиімділігінің индикаторлары: · дене температурасының тұрақты нормалануы; · ауру симптомдарының регресі.
ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: · иерсиниоз диагнозын растаған кезде біріншілік-ошықты нысандарының жеңіл ағымы. Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер: · орташа-ауыр және ауыр ағым, сондай-ақ амбулаториялық емдеуден әсердің болмауы; · генерализацияланған нысандары; · екіншілік-ошақты нысандары; · асқынулардың дамуы (ИУШ, ДҚҰ-синдромы, БЖЗ); · жүкті әйелдер гестацияның 30 аптасына дейін (30 аптадан кейін перзентханаға емдеуге жатқызу көрсетілген).
Назарларыңызға рахмет !!! - Назарларыңызға рахмет !!!
Достарыңызбен бөлісу: |