Тақырыбы : Шыңғысхан әскерлерінің Орталық Азияға қарсы жорығы



бет4/4
Дата06.12.2022
өлшемі178.5 Kb.
#466636
1   2   3   4
БӨЖ СЕРИКБАЕВА Д ТМТ

Самарқанд
Шыңғыс хан әскері айдап әкеле жатқан тұтқындар легі Самарқан жаққа Хорезм шах Мұхаммед Ала ад-Дин күткендей шығыстан емес, батыс жағынан келді. Шайқас моңғол әскерінің басымдығымен жүрді, ал Шыңғыс ханға бағынышты тайпалардың одақтас әскерлері Сырдария бойындағы шекарадағы бекіністерді шабуылдап, қоршаумен болды. Ақырында бекіністер алынғаннан кейін бұлар самарқанға келеді. Хорезм шах Мұхаммед Ала ад-Дин 30 мың жауынгерден тұратын таңдаулы отрядымен Самарқаннан шығып, Қорасанға кетпекші болып, Әмударияға қарай қашады. Қорғаныссыз қалған Самарқан жауға беріледі. Самарқан гарнизонының командирі Тоғай би Шыңғыс ханға қызметке сұранып, өзіне өмір сұрап алады. Мойынсұнған қыпшақ жауынгерлеріне алдымен кешірім беруге уәде беріп, оларға моңғол киімін кигізеді де, түнде бәрін қоршап алып, қырып салады. Самарқанды да Отырар мен Бұқараның тағдыры күтіп тұрды: күйдіру, тонау, жоқ қылу. Самарқанның жүз мыңнан астам тұрғынының тек төрттен бірі ғана тірі қалды. Қала тек XIV ғасырда ғана, әмір Темір өз астанасы қылғаннан кейін ғана қалпына келтірілді.

Қорытынды

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, Ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойған Шыңғысхан ескі дүниені (старый свет), яғни Қазақстан мен Орта Азияны, Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азия елдерін жаулап алу міндеті тұрды. Соның негізінде, көздеген жоспарын жүзеге асыру үшін дипломатиялық тәсілдерді барынша қолданды, көпестер арқылы мәлімет жинап — Қара қытай мемлекеті мен Хорезм шаһындағы ішкі жағдайларды біліп отырды. Осы негізде қимыл жоспарын жасады. Және сол мақсатына жетті.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. https://ulagat.com/2020/11/16/%D1%88%D1%8B%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%85%D0%B0%D0%BD-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D0%B6%D0%BE%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80/


2. https://e-history.kz/kz/news/show/1211
3. https://e-history.kz/kz/news/show/1215

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет