Тақырыбы: 3D модельдеу. «Blender» бағдарламасының мүмкіндіктері



бет3/5
Дата03.01.2024
өлшемі3.32 Mb.
#488403
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
№1 дәріс Blender

Үшөлшемді графика.
Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады.
Объектілерді кеңістікте модельдеу үшін:
- объектінің шынайы формасына сәйкес келетін виртуалды каркасын (қанқа) жобалау және құру қажет;
- шынайы физикалық қасиеттері бойынша материалдарға ұқсас виртуалды материалдарды жазу және жобалау керек;
- объектінің әртүрлі сыртқы бөліктеріне материалдарды меншіктеу қажет;
- объекті әрекет ететін кеңістіктің физикалық параметрлерін баптау қажет – жарық шашу, бет және өзара әрекеттесетін объектілердің қасиеттері білу керек;
- объектінің қимылдау жолын беру;
- нәтиже беретін кадрлар қатарын есептеу;
- нәтижесінде шығатын анимациялық рөлге әсерлерді енгізу.
  • Blender бағдарламасын голландық анимациялық студия NeoGeo құрастырған.1998 жылдың маусым айында Blender-дің авторы Тон Розендаль NAN компаниясына ұсынады. Бірақ 2002 жылы компания NAN банкротқа ұшырады. 2002 жылдың қазан айының 13 жұлдызында компания Blender Foundation лицензиялық GNU GPL продукциясы ұсынды. Кәзіргі кезде Blender бағдарламасы Blender Foundation компаниясының арқасында кең тарауда.
  • Негізінде бірінші шыққан кодына байланысты Blender –дің туған күні қаңтардың 2 күні 1994 жылы болып есептеледі. 2014 жылы Blender-ге 20 жыл болды.
  • Blender –3D модельдеу компьютерлік графика бағдарламасы. Blender бағдарламасының көмегімен 3D модельдеу, анимация жасауға, видеоүзінділерді өңдеуге, түрлі ойындарға логикалық объектілерді енгізуге мүмкіндік береді.
  • Ең маңыздысы, ол бағдарламаның көлемі аз (шамамен 10-20 мегабайт).

Blender әр түрлі ОЖ жұмыс істеуге мүмкіндік береді, олар: Linux, Windows, MacOS және т.б. Бағдарламаны GNU лицензиясы бойынша тегін көшіріп алуға болады.


Жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб және т.б.) құралғанын байқаймыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни «аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет