[TAB] батырмасы – редактірлеу (төбелерін өңдеу) режимінен обьектілеу режиміне өту. Егер сіз нысанды редактірлау режимінде тұрып жаңа нысан жасайтын болсаңыз онда олар өзара біріктірілген болады.
Батырма 'O' - Батырма 'O' (ноль емес) сіз редактірлеу режимінде тұрғанда пропорционалды түрде (төбелерін өңдеу) режимді жүктейді.
Батырма 'A' - Редактірлеу режимінде бұл опция барлық төбелерді ерекшелеу үшін қолданылады, бұл батырманы қайта басу төбелерді ерекшелеуді алып тастайды.
Батырма 'B' - Бұл батырма «үшбұрыштап» ерекшелеу үшін және бірнеше обьектіні ерекшелеу үшін қолданылады, . «В» батырмасын қайта басу шеңбер бойымен ерекшелеуді орындайды және оның радиусын тышқанның айналдыру жолағын айналдыру арқылы өзгертуге болады.
Blender бағдарламасының негізгі командалары - Батырма 'E' – Редактірлеу режимінде тұрып ерекшеленген төбелерді созуға (экструдировать) болады.
- Батырма 'M' - Нысандық режимде(күйде) таңдалынған нысандарды басқа қабатқа көшіре аласыз. Редактірлеу режимінде нысанның айналық шағылысу құралы ретінде қолданылады.
- Батырма 'Z' - Нысанның «каркастық» түрден «толық» түрге ауысуы.
- [Alt Z] Комбинациясы - Нысанның «толық» түрден «көлеңкеленген» түрге ауысуы.
- Батырма 'P' -Нысанды режимнен ойындық режимге қосу.
- [Alt/Ctrl + 'P'] Комбинациясы – Өзара байланысты жасау үшін бірінші Shift басып тұрып нысанды таңдау керек сосын онымен байланыстыратын нысанды басып [Ctrl P] пернелерін басу керек.
Blender бағдарламасының негізгі командалары - Батырма 'Стрелки' -анимация кадрлерін жасау үшін қолданылады, оң жақ батырма 1 кадрге көбейтеді, ал сол батырма 1 кадрге кемітеді.Жоғары бағыттаушы стрелка 10 кадрге, ал төмен бағыттаушы стрелка 10 кадрге кемітеді.
- Батырма 'R' - Ерекшеленген нысанды немесе төбені айналдыру.
- Батырма 'S' - Ерекшеленген нысанды немесе төбені масштабтау.
- Батырма 'G' - Ерекшеленген нысанның немесе төбенің орнын ауыстыру.
- Батырма 'P' - Редактірлеу режимінде тұрсаңыз «Р» батырмасын басу арқылы ерекшеленген төбені жеке нысан етіп алуға болады.
- [Shift D] Комбинациясы - Ерекшеленген нысанды немесе төбенің көшірмесін не дубликатын алуға болады.
Бағдарламада көптеген функциялар бар:
- Геометриялық примитивтерді, көпбұрышты модельдерді, SubSurf режиміндегі жылдам модельдеу жүйесін, Безье қисықтарын, мүсіндік модельдеуді, векторлық қаріптерді және басқаларын қолдау;
- Әмбебап кіріктірілген рендеринг механизмдері және әртүрлі сыртқы рендерлермен біріктіру;
- Анимацияға арналған кәсіби құралдар, мысалы, кері кинематика, қаңқа анимациясы, тордың деформациясы, негізгі кадрлардағы анимация, бөлшектерге негізделген шаш жүйесі, жұмсақ және қатты денелер динамикасы және т. б.
- Сызықты емес бейне орнатудың негізгі функциялары.
Пайдаланушы интерфейсі келесі ерекшеліктерге ие:
- Екі редакциялау режимі: "объект режимі" және "өңдеу режимі". "Объект режимі" негізінен жеке объектілерді басқаруға, объектінің нақты деректерін басқаруға арналған "өңдеу режимі" ретінде қызмет етеді.
- Жылдам пернелерді кеңінен қолдану, пернетақтадан орындалатын көптеген командалар.
- Жұмыс кеңістігін басқарудағы ерекшеліктер. Бағдарламада бірнеше экрандар бар, олардың әрқайсысы бөлімдер мен ішкібөлімдерге бөлінеді. Интерфейстің әрбір жеке элементі 3d кеңістігіндегі манипуляциялар сияқты құралдармен басқарылады. Пайдаланушы интерфейсті өзінің қажеттіліктері мен белгілі бір міндеттері үшін конфигурациялайды.
Blender бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
Бақылау сұрақтары
- Blender бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
- 3D-технологиялар дегеніміз не?
- Blender бағдарламасының мүмкіндіктері?
- Blender бағдарламасы қандай терезелерден тұрады?
- Blender бағдарламасының кезеңдері?
- Моделлинг кезеңі дегеніміз не?
- Рендеринг кезеңінде не орындалады?
Достарыңызбен бөлісу: |