А.Тыныс алу жаттығуы
-Ауызбен дем аламыз, мұрынмен шығарамыз.
-Мұрынмен дем аламыз,ауызбен шығарамыз.
Гүлді иіскейміз, шар үрлейміз
Б.Мимикалық жаттығу
-Таң қалу(қабақты көтереміз)1-10 санаймыз
-Ренжу (қабақты түйеміз)1-10 санаймыз
-Көзіміздің біреуін жұмамыз екіншісін ашамыз-10рет
В.Көзге арналған жаттығулар
-Көзімізді жоғары төмен қаратамыз.(5-6 рет)
-Көзімізді оңға солға кезек-кезек қаратамыз.(5-6 рет)
-Көзімізді ашамыз жұмамыз.(5-6 рет)
Г.Артикуляциялық жаттығулар
-Күрекше (Тіл босаңсытылады,жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады).
-Дәмді тосап (Жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалап,ауыз куысына кіргізу).
-Түтікше (Тіл ауыздан шығарылады да ,түтікше түріне енгізіледі).
-Сағат ( тілді жіңішкеретіп ұстап оңнан солға қозғалту)
-Ат шауып келеді (тілді таңдайға қойып қағыстыру)
Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.
Г.Дауыс жаттығуын қайталау.(бір демде 1 дауысты дыбысты өлеңдетіп айту.
А______(ауызды кең ашамыз, колды екі жаққа созамыз)
О______(ерін дөңгелек тәрізді ,екі қолды дөңгелек секілді көтереміз)
Ы______(есек боламыз,колды алдыға созамыз)
И______(бақа боламыз, ерін күледі, тісіміз көрінеді, )
У______(қасқыр боламыз,ерінді тәрізді ұстаймыз,қолды алдыға біріктіріп созамыз)
Д.Саусақ жаттығулары.
-алақанды кезекпен ашып жұмамыз.
-бас бармақ, балан үйрек, ортан терек , шылдыр шүмек ,кішкентай бөбек айтқызу.
-допты алақанмен кезек кезек қысу.
Қызығушылығын ояту
Ұйымдастырушылық, ізденушілік, әңгіме жүргізу.
7-Мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі.
Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды.
Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады.
Қысқаша түсінік беру!
Суретпен жұмыс.
-Балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына балалар гүл шоқтарын қояды.
-Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т.б ер жүрек батырлары көп.
Балаларға ой тастау.
Балалар есімдерді қайталап айтады.
Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.
-Балалар, сендер де осы аталарың, апаларын сияқты батыр болғыларың келе ме?
Сергіту сәті:
Ақ көгершін, көгершін
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүиенің көлемін.
-
Достарыңызбен бөлісу: |