Катар
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Катар.
2. 1960-1980 ж.ж. Катардың әлеуметтік-экономикалық және саяси
дамуы.
3. ХХ ғасырдың соңындағы Катар.
Катар (араб.
[qɑtɑr], ресми Катар Мемлекеті (араб. ة لود
Давлат Катар) – Аравия түбегінің солтүстік-шығыс бӛлігінде Катар
түбегінде орналасқан, оңтүстік-батыс азиядағы мемлекет (әмірлік).
Оңтүстігінде Сауд Аравиясымен шектеседі, барлық қалған жағынан
Парсы шығанағымен шайылып жатыр. Солтүстік-батысында Бахрейн
аралдарымен теңіздік шекарасына ие, оңтүстік-шығысында – БАӘ-
мен теңіздік шекарасы бар. Катар 2004 жылдан кейін 7
муниципалитетке бӛлінген (араб.
- баладийят). 2003 жылы 29
сәуірде қабылданған конституцияға сәйкес Катар – абсолюттік
монархия.
Мемлекет басшысы – 1995 жылдың 27 маусымынан бастап
әмір Хамад бин Халифа аль-Тани.
186
Катардың әкімшілік бӛлінуі
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Катар әскери іс-қимылдар
театрынан тыс болды. Алайда ел территориясынан Ұлыбританияның
Шығысқа «қорғаныс сызығы» ӛткендіктен жергілікті тұрғындар ӛмірі
бұзылған қалпында болды. Дохада британ қарулы күштері орналасып,
ірі кӛлемді әскери құрылымдар салу басталады. Катардағы билеуші
династия кӛзқарастары екінші орында болды. Үлкен шейх Абдалла іс-
жүзінде билікті жоғалтып, оның үлкен ұлы Хамад науқас болды, және
шынайы билік Неджд тұрғыны, билеушінің хатшысы Салим бен
Мани қолында болды.
Ваххабит және Ибн Саудтың жақтасы Салим қызметі британдық
билеушілердің де, ат-Тани әулеті шейхтарының басым кӛпшілігінің
де наразылығын туғызды. Ішкі саяси жағдай Хамадтың науқастығына
байланысты (1948 жылы қайтыс болады) жаңа мұрагерді таңдау
мәселесі күн тәртібіне қойылған кезеңде екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін күрт шиеленісіп кетті және билік үшін күрес
басталды. 20 мың адам болған ат-Тани билеуші әулетінде тақ
мұрагерлігі мәселесі үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылды:
Бани Хамад, Бани Али және Бани Халед. Тақ мұрагерлігімен
байланысты барлық мәселелер тұрақты жиналатын әулет кеңесінде
реттеледі. Қалыптасқан жағдайда ӛлім алдында болған Абдалла
мұрагері ретінде Бани Али тобынан ӛзінің екінші ұлы Алиді кӛргісі
келді. Бани Хамад ӛкілдері ӛз үміткерлерін – жасӛспірім Халифті
ұсынады. Ұзаққа созылған қарама-қарсылықтан кейін Халифтің жасы
жеткенге дейін шейх Алиді оның регенті деп тану туралы шешім
шығарылды. Британ үкіметі бұл таңдауды қолдайды. 1948 жылы
Джебель-Духанда мұнай және газдың ірі кен орыны ашылады. 1949
жылы 1 млн. т., ал 1956 – 1,6 млн. т. мұнай ӛндіріледі. Умм-Саидта
187
жылына 30 мың т. дейін мұнай ӛнімдері шығарылған мұнай ӛндіруші
зауыт салынды.
Абдалла ӛлімінен кейін билікке келген регент шейх Али бен
Абдалла ат-Тани (1949-1960 ж.ж.) мұнай ӛнеркәсібін ұлттандыру
туралы ойдан алыста болды. Оны 1950 жылдың басында үлкен
қарқын алған жергілікті тұрғындардың ағылшындарға қарсы бас
кӛтерулері қатты толғандырды. Американдықтармен байланысын
кеңейтуден бас тартқаннан кейін шейх Али 1952 жылы 29 қарашада
75 жылға территориялық сулар мен құрлықтық «Роял Датч-Шелл»
шельфінде мұнайды барлау және ӛңдеуге концессия береді. «Шелл
Компани оф Катар» 1953 жылы «Катар Петролеум Компани» (КПК)
деп аты ӛзгертілген «Петролеум Девелопмент оф Катармен» бірге
кейіннен Катардың мұнайлық гүлденуін қамтамасыз етті.
Бұл кезеңде елде экономикалық және әлеуметтік даму
бағдараламасы жүзеге асырыла бастайды. Құлдық және құл
саудасына тиым салған Декрет шығарылады, алғашқы бастауыш
мектептер ашылады, емдеу мекемелерінің торабы кеңейтіледі,
ӛнеркәсіптік инфрақұрылым қалыптаса бастайды. Экономика және
әлеуметтік сала модернизациясы жергілікті дәстүрлі қоғамның
ыдырау процесіне бастама болды. Елдің әлемдік экономика жүйесіне
тартылуы ат-Тани әулеті мүшелерінің, тайпалық аристократия
ӛкілдерінің, шенеуніктердің, сауда-ӛсімқорлар тобының баюын
туғызды. Бірмезгілде ол тұрғындардың айтарлықтай бӛлігінің:
кӛшпелі халықтың, ұсақ саудагерлердің, қолӛнершілердің, бұрынғы
еріксіздердің және т.б. материалдық жағдайының нашарлауымен
қатар жүрді.
Кӛптеген жергілікті тұрғындардың материалдық жағдайының
тӛмендеуі жаппай қарсылық туғызады. Азаттық күресінің жаңа кезеңі
басталады. Ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі ат-Тани әулеті мүшелері
арасында жаңа келіспеушіліктердің себебіне айналады. Дохадағы
британдық саяси агенттің араласуы жағдайды тек шиеленістіріп
жіберді. Билікті жоғалту қаупімен шейх Али 1960 жылы 24 қазанда
ӛзі Катар билеушісі қызметінен бас тартады.
Шейх Алидің биліктен ӛзінің ұлы Ахмед бен Али ат-Тани (1961-
1972 ж.ж.) пайдасына бас тартуы отбасылық династиялық кеңес үшін
де, британдық әкімшілік үшін де күтпеген жаңалық болды, себебі
нағыз тақ мұрагері шейх Халиф болған болатын. Ӛзара күрес
жағдайын болдырмау үшін Ахмед арнайы жарлық арқылы Халифті
ӛзінің орынбасары етіп тағайындайды, ал кӛп ұзамай елді басқару ісін
мүлдем соған тапсырады. Катарда қос биліктілік кезеңі орнайды.
Ағайындылардың бірігіп басқаруы екі қарсыласушы топтың
Ахмед басқарған Бани Али «дәстүршілдері» ат-Тани тобы мен Бани
Хамадтың Халиф басқарған «реформаторлары» арасындағы күрес
188
арқылы кӛрініс табады. Шейх Халиф қоғамның әлеуметтік-
экономикалық ӛмірін қайта құрудың жақтаушысы болды. Катардың
бірінші премьер-министрі болғаннан кейін ол қаржы, құқық және
әкімшілік органдарын, сондай-ақ мұнай саясатын басқарды. Премьер-
министрден басқа тағы екі министр және алты департамент
жетекшілері енген жаңа үкімет ӛкілдері Катар билеушілерінде
қызметте тұрған британ шенеуніктерін алмастырды.
1961-1968 ж.ж. жүзге жуық жаңа заңдар қабылданып,
құрамында ат-Тани әулетінің 16 мүшесі болған Консультативтік
Кеңес қалыптасады, шариаттық және азаматтық соттар, астаналық
муниципалитет құрылады. Алғаш рет жергілікті тұрғындарға
азаматтық құқықтар беріледі. Жеке кәсіпкерлікті жандандыруды,
аралас компанияларды құруды, жұмыс берушілер мен жалдамалы
жұмысшылар арасындағы қатынастарды реттеуді қарастырған
Катардың экономикалық даму бағдарламасын дайындау басталады.
1964 жылы 50 пайызы үкіметке тиесілі, 14 млн. катар риалы капиталы
болған «Нэшил Бэнк оф Катар» ашылады.
Катар ру-тайпалық қатынастардың үстемділігін біртіндеп жеңіп,
капитализмге аяқ басады. Қоғамның әлеуметтік поляризациясы 1960
жылы Ұлттық біріккен майданға қосылған оппозициялық топтардан
кӛрініс тапты. Бұл ұйым билікті шектеуді жақтады. Англияның
аймаққа ықпалы Катардың ОПЕК-ке кіруі (1961 ж.) және оның АЕЛ
(ЛАГ) қызметіне қатысуымен (1964 ж.) үзіледі.
1970 ж.ж. басында Ұлыбританияның Парсы шығанағы
аймағындағы саясаты дағдарысқа ұшырайды. Метрополия үкіметі бұл
жағдайды басшылыққа ала отырып, 1971 жылдың аяғына дейін
ағылшын әскерлерін бұл аймақтан шығару туралы шешім
қабылдайды.
1970 жылы 2 сәуірде мемлекеттік билікті ат-Тани әулетіне
бекіткен уақытша Катар конституциясының қабылдануы (қазіргі кезге
дейін ӛмір сүріп келе жатқан) туралы жарияланады. Әмірдің және ол
тағайындаған
Министрлер
кеңесінің
қолына
барлық
заң
шығарушылық және атқарушы билік шоғырланды. Мемлекет
басшысы кеңесушілік қызметтерімен Консультативтік Кеңесті құрды.
Конституцияда мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық негізі туралы
ережелер сақталды және кейбір жалпы азаматтық құқықтар жария-
ланды: тұлға және тұрғын үй қол сұғылмаушылығы, барлығының заң
алдындағы теңдігі, сӛз, жиналыс, баспасӛз бостандығы, еңбек ету,
әлеуметтік қамтамасыз етілу, білім, медициналық қызмет құқығы.
Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құруға тиым салынды. 1970
189
жылы 29 мамырда құрылған министрлер кабинетін шейх Халиф
басқарды.
Премьер-министр Лондонмен Катарға саяси тәуелсіздігінің
берілуі туралы келіссӛздер бастайды. 1971 жылы 28 маусымда екі жақ
арасында 1916 жылғы келісімді жаңа «достық» туралы келісіммен
ауыстыру туралы келісімге қол жеткізіледі. 1971 жылы 1 қыркүйекте
Катар әмірлігі тәуелсіз мемелекет және сол айда БҰҰ мен АЕЛ-ның
толық құқылы мүшесі болды.
1972 жылы 22 ақпанда кӛпшілік ақсақалдар кеңесінің қолдауына
сүйенген шейх Халиф шетелде болған Ахмедтің тақтан түскендігі
және ӛзін әмір деп жариялайтындығы туралы мәлімдейді.
Халиф бен Хамад ат-Танидің билікке келуі елдің экономикалық
ӛміріндегі жаңа қайта құрулардың басталуымен ерекшеленді.
Модернизация ең алдымен мұнай ӛндіруші ӛнеркәсіпке қатысты
болды және уақыты жағынан 1970 ж.ж. ортасындағы мұнай
дағдарысымен сәйкес келді.
1973-1974 ж.ж. энергетика дағдарысы мұнай бағасының тез
ӛсуіне алып келді, бұл ӛз кезегінде Катардың табыс кӛлемін
арттырды: 1974 жылы ол 1973 жылғы 463 млн. доллармен салыс-
тырғанда 1,6 млрд. долларға жетті.
Ағылшын сарапшыларының кӛмегі арқасында тӛмендегідей
негізгі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары айқындалды:
тұрғын үй құрылысы, білім, денсаулық, металлургиялық зауыт,
мұнай-химия кешенін құруды және ауыл шаруашылығының
модернизациясын қалыптастырған экономиканы диверсификациялау.
1974 жылдың басында үкімет Катар дамуының он жылдық
жоспарын бекітті. Алайда оның дамуы барысында қиындықтар пайда
болады: ең алдымен жергілікті кәсіпкерлердің капиталдарын
ӛнеркәсіпке салуларын қаламауы. Катар банктері берген займдардың
жартысынан астамы саудаға бағытталды. Кәсіпкерлерге барлық
жеңілдіктерге кепілдік беруді қарастырған, мысалы, салықтарды
азайту, кедендік пошлинадан босатылу және т.б. бірнеше заңдарды
қабылдау талап етілді. 1970 жылдың аяғы – 1980 ж.ж. бұрын
бекітілген жобаларға сәйкес ірі ӛнеркәсіп орындары бой кӛтерді.
Олардың қатарында дүниежүзіндегі ең ірі мұнай химия комбинаты
(жылдық қуаттылығы 280 мың т. этилен және 140 мың т. полиэтилен),
сұйық кӛмірсутегі ӛндірісі бойынша мекеме (1,2 млн т.), күкірт
ӛнеркәсібі бойынша зауыт (50 мың т.), металлургиялық комбинат (500
мың т. дейін болат) болды.
1990 ж.ж. елде бұрын тәжірибеленген «тәртіп енгізуге»
бағытталған әмір Халиф саясаты түпкілікті бекітіледі. Алдыңғы
жылдардағы модернизация асығыс жүргізілгенімен толығымен жүзеге
190
асырылды. 20 мыңнан астам шенеуніктерді біріктірген жаңа
мемлекеттік аппарат ешқандай асығыстық танытқан жоқ. Билеуші
топтың бір бӛлігі реформаларды артта қалушылық деп бағалап,
дәстүрлі институттардың жандандырылуын талап етті. Бұл кезеңде
газеттер мен журналдар қатаң цензураға бағындырылды және елге
кӛптеген шетелдік басылымдардың енгізілуіне тиым салынды.
Сонымен қатар барлық оқу орындарының бағдарламалары қайта
қаралып, исламдық пәндерді оқытуға бӛлінетін сағаттар саны артты.
Ӛзінің сыртқы саяси қызметінде Катардың дәстүрлі басшылығы
Сауд Аравиясының жетекшілік ролімен келіседі. 1981 жылы Парсы
шығанағының араб елдерінің ынтымақтастық Кеңесіне (ССАГЗ)
кіргеннен кейін кӛрші әмірліктермен – осы ұйымдағы серіктестерімен
территориялық қайшылықтары реттеледі. Тек Бахрейнмен Катар
жағалауына жақын 14 арал бойынша қатынасы реттелмеген күйінде
қалады.
Экспорт 2008 жылы – 55 млрд. долл.: сұйытылған газ, мұнай
ӛнімдері, тыңайтқыштар, болат. Негізгі сатып алушылар – Жапония
40,8%, Оңтүстік Корея 16,3%, Сингапур 11,8%, Таиланд 4,6%,
Үндістан 4,4%.
Импорт 2008 жылы – 21,2 млрд. долл.: машина және
құрылғылар, транспорттық құралдар, азық-түлік, химиялық ӛнімдер.
Негізгі тасымалдаушылар – АҚШ 12,3%, Германия 9,2%, Италия
9,1%, Жапония 8,1%, Франция 6,3%.
Достарыңызбен бөлісу: |