Тақырыбы: Алтын Күз



Дата15.05.2024
өлшемі13.47 Kb.
#501209
DOC-20231114-WA0081.


16.11.2023 Алтын күз


Тақырыбы: Алтын Күз


Мақсаты:
1.Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.
2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 1,2,3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын Күз» сайысына қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз

-Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын Күз сайысына қатысушылардың ертегі қойылымын тамашалайық!


-2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 бөлімінде Вальс
4 бөлім Өз өнерлеріңізбен жасаған күз сыйларыңызды көрсетіңіздер !

Қорытынды бөлім. Марапаттаулар


Енді кезекте біздің кешіміз соңына жақындап қалған сияқты , әділ шешімін қабылдаған әділ қазылар алқасын ортаға шақырайық !
Назарларыңызға рахмет , КЕЗДЕСКЕНШЕ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет