Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін олардын тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарың зерттейді.
Арнайы педагогиканың негізгі максаты - дамушы тұлғанын әлеуметтенуге және өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуін көздей отырып, арнайы педагогика бұл максаттың мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды мәнін көрсетеді: тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру мен әлеуметтенудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу.
Арнайы педагогика негізгі мақсатқа жету үшін жалпы максатар жүйесін жүзеге асыру қажет, олар:
- дамудағы кемістікті, ауытқуды түзету;
- педагогикалық құралдар арқылы дамудағы кемістікті, ауытқуды теңестіру; орның толықтыру (компенсациялау);
- абилитация (ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезенінде болатын патологиялық жағдайлардың алдын алу емдік- педагогикалық шаралар жүйесі. Ол қоғамда енбектену және пайдалы мүше болу мүмкіндігін туғызады.
- сауықтыру жұмыстары (әлеуметтік және тұлғалық) - тұлғаны даярлау мақсатындағы медициналық, әлеуметтік, білімдік және кәсіби сипатағы кешендерді қолдану.
Ал арнайы педагогиканың мақсаттарын жүзеге асыру үшін бір қатар міндеттерді шешу аса қажетті, олар:
- мүмкіндіктердің шектеулі тұлғаның даму заңдылықтарын зерттеу;
- кемістіктің құрылысына сәйкес түзету және теңестіру (компенсация) орның толықтыру мүмкіндіктерін анықтау;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды педагогикалық тұрғыдан жіктеу әзірлеу жағдайларын анықтау және негіздеу;
- арнайы білім берудің заңдылықтарын, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқытудың педагогикалық жүйелерін зерттеумен қатар жаңа педагогикалық жүйелердің пайда болуын болжау т.с.с.
Арнайы педагогиканың объектісі,міндеттері
Балалардың арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: эр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық жэне физиалогиялық даму ерекшеліктерін зерттеу жэне сонымен қатар оларды оқыту жэне тэрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мэселелер кездеседі. Ол мэселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларға: есту қабілеті бүзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру қабілеті бүзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылған, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданған, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін жэне ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылған) балалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |