Тақырыбы: Ақша жүйесі және ақша айналымы


ІІІ-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолдары



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
#21446
1   2   3

ІІІ-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолдары.
Осыдан он екі жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валютамыз айналымға түсті. Ал бұл кезде елде инфляцияның деңгейі 2600 пайызға женкен-ді. Басында ұлттық валютамыздың АҚШ-тың 1 долларына шыққандағы бағамы 4,7 теңге болса, осы күнге дейін 30 рет құнсызданыпты.

Өткенге келсек, жылы жалпы қарыз көлемі ІЖӨ-нің көлемінен асып кетті.

Салааралық қарызды жабу үшін Ұлттық банк Үкіметке несие беруге тәжбүр болды. Соның салдарынан теңге он есеге дейін құлдырады. Негізінен мұндай жағдай қаржы рыногынан валюта сатып алу салдарынан туындаған. Осыдан барып Ұлттық банк берілген несиелерді кері қайтарып, валютаны сата бастады. Бұл сәл де болса теңге бағамының тұрақтануына әкелді. Десек те, мұндай шара теңге бағамын толыққандытұрақтандыра алмады. Бұдан кейінгі жылдарда жағдай қиындай түсті. Мемлекеттің өндірісшілер алдындағы қарыздары 10 миллиард теңге болса, ал ауыл шаруашылығы саласына қарызы 8 миллиард теңгеге жетті. Қажыгельдин басқарған үкімет тұсындағы жалпы ішкі қарыз 30 миллиардты құрады. Сол кезгі 1 доллардың 75 теңге болғаның ескерсек, онда бұл 400 миллион долларға жуық деген сөз. Доллар демекші, сол жылдары сырттан шикізатты сату арқылы келген валюталарды саудалау тікелей банк пен кәсіпорын арқылы, былайша айтқанда биржадан тыс жүргізілді. Тек осындай келеңсіздікті тоқтатқаннан кейін ғана жағдай біршама тұрақтанғандай болды. Бірақ, көп ұзамай 1998 жылы Ресей дағадарысы есік қақты. Солтүстік көршіміз рубльдің девальвациясы төрт есе өсіп, ал инфляция деңгейі 80-90 пайызға жетті. Үкімет пен Ұлттық банк теңге бағасын қалыпты ұстап тұру үшін бір жылдай шығындануға барғанын да айта кету керек. Соның салдарынан 1999 жылы теңгңнің девальвациясы – 60, ал инфляция 17 пайыз төңірегінде қалыптасты.Теңгені еркіне жіберген соң

ғана оның бағамы 80-нен 120-ға бір-ақ секірді.Дегенмен де Қазақстанның өзіндік қаржы-несие саясатын жүгізуінің арқасында қаржылық дағдарыс салдары онша күшті әсер ете қойған жоқ.

1999 жылдың соңына қарай экономикадағы жағдай біршама қалпына келе бастады. Мұнайдың әлемдік нарықтығы бағасының өсуі зейнетақы және өзге дек қарыздарды толық өтеуге мүмкіндік берді. Ұлттық банк несие үстемесін, яғни қайта қаржыландыру 25 пайыздан 18 пайызға түсіруге қол жеткізді.

“Қазақстан Республикасындағы екінші дәрежелі банктердегі салымдарын кепілдендірудің қазастандық қоры” ЖАҚ-ы құрылғаннан кейін арта түсті. 2000 жылы халықтың банктердегі салымдары 53 млрд. теңгеге жетті. Ал екінші дәрежелі банктердің экономикаға несие беру мөлшері сол жылы 148,7 млрд. теңгені құрады. Жағдай бұдан да кейінгі жылда да жақсарды. Елімізге осы жылдар ішінде тартылған инвестиция 5 млрд. долларды құрады. Экономикадағы өсім ІЖӨ-ге шаққанда 13 пайыз болды (2001 ж). Соның барысында 600 миллион долларлық сыртқы қарыздан құтылдық. Қазіргі кезде қаржы саласындағы жылдық оташа өсім деңгейі 50 пайызға артып отыр. Бұл өз кезіндегі эеономика саласына несие беруді 6 есеге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Соңғы бес жыл қатарынан теңгенің бағамы тұрақтанып келе жатқаны да осы экономикадағы біршама реформалардың жүзеге асырылуынан деуге негіз бар. Атап айтқанда, салық ставкасын төмендету біршама кәсіпорындарға екінші тыныс берген сыңайлы. 2000жылы еліміздегі ақша көлемі 272,4 миллиард теңгеге жетіп, 1998 жылғымен салыстырғанда, 124 миллиард теңгеге артқан. Пайызға шаққанда теңге көлемі 83,4 пайызға өскен. Мұндай нәтиже сыртқы активтердің екі есе артуынан және банктер саласындағы жүйені реттеуден болғанын ескерсек, Ұлттық банк қаржы-несие саясатын бұдан да жақсартуға күш салып келеді. Теңге бағамының еркін жүруін сақтай отырып, Ұлттық банк 2004 жылы инфляция деңгейін 4-6 пайызға жетіп, ал 2005-2006 жылдары 3-5 пайыз төңірегіндегі ұстап қалуды көздеуде. Ақша

көлемін 2005 жылы – 16 пайыз, ал 2006 жылы – 17 пайызға дейін ұлғайтудықолға алмақ. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тажияқов қаржы-несие саясаты қаржы рыногында қалыпты жағдайдың сақталуына жәрдемдесетін болады дегенді алға тартады.

Әрине, бұл жерде ұлттық валютаны әлемдік валюталардың бірігуге бет алған роцестерінен бөліп қарау әбестік болар еді. Өйткені, басқа елдердің рыногында шығуды көздеген Қазақстан үшінсолд елдермен ортақ валюта құрар болса, онда бұл салық, банк жүйелеріндегі жұмыстарды айтарлықтай жеңілдетері белгілі. 2005 жылдан бастап біртұтас экономикалық кеңістік елдері щеңберінде валюта одағын құруға кірісу көзделуде. Бұл үшін осы ұйымға кіргісі келетін Достастық елдерінің жылдық орташа инфляциясы 5 пайыз, мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге шаққанда 50 пайыз, ал бюджеттің жетіспеушілігі 3 пайыздан артпауы керек. Сонда ғана ортақ валютаға бірігуге жол ашылмақ. Онда да кейбір мамандар мұндай ортақ валютаға бірігуге тек 2011 жылы ғана қол жеткізуге болатындығын айтады.

Қазіргі таңда Ресей экономикасының жоғары қарқынын, яки экрнрмикасының ІЖӨ-ге шаққандағы 7 пайыз екендігін ескерсек, Еуразия аймағында рубльдің ортақ валюта рөліне көтерілуге мүмкіндігі зор. Сонымен қатар қазақ теңгесінің де мұндай дәрежеге жетуге күш салары түсінікті. Олай болса, бұл аймақта ешбір елдің ұлттық дәргейіне тимейтін ақша атауының дүниеге келуіне алып келмк. Осы орайда бір айта кетерлік жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл ортақ валютаның «алтын» деп аталуын қалайтынын білдірген болатын. БЭК-ке біріккен (Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусия) ішінде соңғы екеуінің өз валюталарының жетекші рөлге шығуына талпыныс жасап жатпағанын, оның үстіне Қазақстан экономикасындағы реформалардың қалғандарына қарағанда, табысты жүзеге асып жатқандықтарын каперге алар болсақ, онда теңгенің Еуразия щеңберінде болса да Орталық Азияда жетекші рөлге ие болуына әлеуетті қазірден жетерлік. Қазақстан Даму институтының вице президенті Кеңес Қажымұратов та бұл пікірді нақтылай түседі. Ол теңге осы үрдісімен жүре

берсе, 6-8 жылдан соң күшейеді дегенді айтады. Сонымен қатар ғалым АҚШ валютасының әлемдік рыноктағы ықпалы төмендей беретінін сөзіне арқау ете келе, теңгенің Орталық Азия елдері ішінде ең тұрақты ақшаға айналарына сенімді екенін білдіреді.

Еліміз банктер жүйесін айтарлықтай дамытып үлгкрді деп сеніммен айтуға болады. Алайда, өндеуші кәсіпорындардың әлі күнге аяғынан тік тұрып кете алмай отырғандығын ескерсек, бұл салада атқарылатын істер қыруар. Негізгі табыс көзі шикізат сатудан түсіп жатқаны да жасырын емес. Елімізге келген валюта көлемінің шамадан артып кетуінен Ұлттық банк теңге бағамының өсуі мүмкіндігінің алдын алуға мәжбүр. Егер мұндай шаралар жүзеге аспаған жағдайда импорт көлемі артатын болады. Олай болса, отандық кәсіпорындардың өндірген тауарлары арзан да сапалы шетелдік тауарлардың бәсекесіне шыдас бермей, қоймаларда жатып қалуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде елдігіміздің тәуелсіздік нышаны болып табылатын теңгенің құнсыздануы жол салады. Мұндай құлдырауды болдырмау үшін Үкімет бірқатар шараларға барып отыр. Соның ішінде, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлерге жағдай жасауды қолға алды. Дамыған елдерде осы шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық ІЖӨ-нің 70 пайызына дейін құрайтын болса, сол себепті Қазақстанда да банк жүйесіне қолдау көрсеткендей, бұл саланы да өркендетеді деген сенім бар. Яғни, экономикадағы осы сала нығайған сайын теңгенің тауарлық тұрғыдан қамтамасыз етілуі де жоғары болары түсінікті. Тіпті, қазірдің өзінде теңге Орталық Азия елдерінде салмақты валюта ретінде қабылдана бастады. Ал қазақстандық кәсіпорындар шығаршан өнімдердіңтауарлық белгілері осы елдерде қолдан жасала бастауы – отандық өнеркәсіптердің әріптестеріне қарағанда әлдеқайда ілгері кеткендігін көрсетеді. Бұл жерде теңгені осы аймақтағы елдердің валюталарыменсалыстырудың өзі әбестік болар еді. Онда Қазақ теңгесі болашақта Еуразия кеңістігінде де салмақты олрын аларына көз жеткізу
қиын емес. Теңгені тәуелсіздіктің негізгі рәміздерінің бірі ретінде бағалайтынымыз да сол.

Қорытынды
Қорыта келгенде, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.

Тауар айналысының тарихи дамуы прцесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқалар. Мұныңбарлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негіздеген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Эконмикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу прцесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ оладың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Сонымен ақша жүйесі дегеніміз – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ал ақша айналысы деп – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізінде де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңек бөлінісінің тереңдуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі

қарай дами түседі. Сонымен ақша, акпитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасында дәнекер бролады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және капиталдың қоғалысы жүзеге асырылады.



Қолданылған әдебиеттер
1. Көшенова Б. Ақша Несие Банктер Валюта қатынастары

Алматы «Экономика» - 2000 ж.;

2. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша несие Банктер

Алматы «Экономика» - 2001 ж.;

3. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие

Алматы 2004 ж.;



  1. Сахариев С.С, Сахариева А. С Әлем экономкасы ІІ-бөлім

Алматы «Дәнекер» - 2003 ж.;

Периодикалық басылымдар «газет-журналдар»

  1. Егемен Қазақстан 2003 ж., 12 қараша, 2-3 бет;

  2. Арқа жары 2003 ж., 20қараша, 1-2 бет;

  3. Егемен Қазақстан 2001 ж., 11 желтоқсан, 2бет;

  4. Орталық Қазақстан 2001ж., 23 тамыз, 3 бет;

  5. Егемен Қазақстан 2001 ж., 17 қаңтар, 2 бет;

  6. Түркістан 1999 ж., 5-11 мамыр, 1-2 бет.



1-ші қосымша

Ақша базасы және оның құрлымы


1

1999

2000

2001

2002

2003

Ақша базасы (резервтік ақша) млн тенге

оның ішінде:



126749

134416

174959

208171

254077

Қолма-қол ақша ҚР-ның ұлттық банкінен тыс

110407

116335

145477

177899

206088

Екінші деңгейдегі банктің депозиттержәне Ұлттық Банктің басқа ұйымдары

16342

18081

29482

30272

47989

Ақша базасы (резервтік ақша) пайызда

оның ішінде:



100

100

100

100

100

Қолма-қол ақша ҚР-ның Ұлттық Банкінен тыс

87

87

83

85

81

Екінші деңгейдегі депозиттер және Ұлттық Банктің басқа ұйымдары

13

13

17

15

19


2-ші қосымша
АКП-ның негізгі көрсеткіштері 2002-2004 ж








2001

2002

2003

2004

Инфляция

Жылына орташа, %

68,5

5-7

4-6

4-6

Ресми есеп мөлшері

Жылына орташа, %

10,8

6-8

5-7

5-7

Жалпы алтынвалюталық резерв

млн. долл. США

өзгеруі %


2559


20,5

2818


10,1

2848


1,1

2990


5,0

Ақша базасы

млрд.тенге

%-тік өзгеруі



169
26,0

207
22,0

237
14,8

268
12,9

Ақша массасы

млрд. тенге

%-тік өзгеруі



434
49,5

544
25,2

671
23,4

788
17,5

Экономикадағы банктың кредиті

млрд. тенге

%-тік өзгеруі



439
58,8

571
30,1

718
25,7

866
20,8

Депозиттің сияпат орташа өлшенген мөлшері физикалық тұлға




13

11,0

9,0

7,5

Заңды тұлғалардың берілген кредит сияпатына орташа мөлшері




17,5

16

15

13,5



3-ші қосымша
ҚР-ның Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері

және ақша базасы 2004 ж.





Ағымдағы бағамен

Тұрақты бағамен

Таза халықаралық резервтер млн. долл.

Оның ішінде



6 683,9


6 727,9


ЕАВ таза активтер

5 978,2

5 978,2

Алтын

705,7

749,7

Ақша базасы, млрд. тенге

382,7

382,7

KZT/USD (кезең аяғында)

135,4

144,22

Алтынның бағасы (1 трой унциясы үшін USD-мен)

392,75

417,25


4-ші қосымша
Ақша агрегаттары 2003 ж




Ақша агрегаттары

12.00

12.01

12.02

1

Ақша базасы (резервтік ақша)

оның ішінде:



134416

174959

208171




1.1. Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақша

116335

145477

177899




1.2. ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың Ұлттық банкідегі депозиттері

18081

29482

30272

2

М0 (айналыстағы қолма-қол ақша)

106428

131175

161701

3

М1

оның ішінде:



195442

224234

287293




3.1. халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері

15245

1912

17799




3.2. банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі аудармалы депозиттері

73769

91148

107792

4

М2

оның ішінде:



290643

337980

498071




4.1. халықтың теңгедегі басқа да депозиттері және шетел валютасындағы аудармалы депозиттері

21662

48876

61442




4.2. банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі басқа да депозиттері және шетел валютасындағы аудармалы депозиттері

73539

64870

149336

5

М3

оның ішінде:



397015

576023

764954


































5.1. халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері

51573

134077

171439




5.2. банктік емес заңды тұлғалардың басқа депозиттері

54999

103967

95443


5-ші қосымша

Ақша агрегаты




1999

2000

2001

2002

2003

М0 (қолма-қол ақша айналымына) млн. тенге

103486

106428

1311175

161701

190039

М1, млн. тенге

олардың ішінен:



162115

195442

224234

287293

362465

Халықтың аудармалы депозиті теңгеге

15374

15245

1912

17799

23261

Заңды тұлғаға аудармалы депозиттер теңгеге

43255

73769

91148

107792

149066

М2, млн. тенге

олардың ішінен:



237260

290643

337980

498071

620186

Басқа депозиттер теңгеде және халықтың шетел валютасының аудармалы депозиті

15281

21662

48876

61442

83818

Басқа депозиттер теңгеде және аудармалы депозиттер шетел валютасының банктік емес заңды тұлғада

59864

73539

64870

149336

173903

М3, млн. тенге

олардың ішінен:



273880

397015

576023

764954

892320

Халықтың басқа депозиттері шетел валютасында банктік емес басқа депозиттер заңды тұлға шетел валютасында

14249

54999

103967

95443

94264





































Бөлінген салмақ, М0 М3-те, пайызда

3708

2608

22,8

21,1

21,2

М3-тің ВВП-ге қатынасы пайызда

13,6

15,3

17,5

20,4









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет