Тақырыбы: Автоматтандырылған жобалау жүйесі (ажж) Кіріспе


Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ)



бет10/17
Дата02.01.2022
өлшемі50.43 Kb.
#452927
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
лекция

Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ) – бір бірімен байланысқан және өзара қимыл жасайтын техникалық құралдар жинағы (ЭЕМ, перифериялық құрылғылар, желілік жабдықтар, байланыс тізбектері, өлшеу құралдары).

Ақпараттық қамтамасыз ету (АҚ) – жобалауды орындау үшін қажет деректер жинағы. Стандартты жобалық процедуралар түсініктемесінен, типтік жобалық шешімдерден, жасақтаушы бұйымдардан және солардың моделдерінен, жобалау ережелерінен және нормаларынан тұрады. АЖЖ АҚ негізгі бөлігі – мәліметтер базасы.

Лингвистикалық қамтамасыз ету (ЛҚ) – жобаланатын объект, жобалау үрдісі және құралдары жөнінде ақпарат беру үшін АЖЖ-де пайдаланатын тілдер жиынтығы. Сонымен қатар, жобалаушы және ЭЕМ арасындағы сұхбатты және АЖЖ техникалық құралдары арасындағы мәліметтер алмасуды іске асырады. Табиғи тілдің терминдерін, анықтамаларын, қалыптастыру ережелерін, нығыздау және ашу әдістерін қамтиды.

Әдістемелік қамтамасыз ету (ӘҚ) – АЖЖ-нің қызмет жасау технологиясының, нақты нәтижелер алудағы технологиялық тәсілдерді таңдау және пайдаланушылармен қолдану әдістерінің түсініктемесі. Жобалау объектілерінде орын алатын үрдістер теориясын, жүйелерді талдау, синтездеу әдістерін, жобалаудың түрлі әдістемелерін қамтиды. Әдістемелек қамтамасыз етуге математикалық және лингвистикалық камтамасыз етулерін жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет