1. Жобалауды автоматтандыру түсінігі
Автоматтандырылған жобалау жүйесін ағылшын тіліне аударғанда CAD аббревиатурасын жиі қолданады.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) алғашқы рет CAD түсінігі пайда болды. Сол ғасырдың 70-ші жылдары ол есептеу техникасын қолданып, құрастыру жұмыстары технологиясының халықаралық белгіленуі ретінде таралды. Мұнда CAD ретінде машиналық графика құралдарымен мәліметтерді өңдеу мағынасы түсіндірілді.
CAD аббревиатурасы басым түрде Computer Aided Design деген сөздерден құралған. Оның мағынасын ЭЕМ көмегімен жобалау және құрастыру деп түсінуге болады. Көбінесе CAD Computer Aided Drafting, аудармасы «компьютер көмегімен сызба жұмыстарын орындау» (автоматтандырылған сызба жұмыстары) мағынасын білдіреді.
Автоматтандырылған жобалау түсінігін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің кеңінен қолдануының және солардың мүмкіншіліктерінің дамуының арқасында, көп жағдайларда графика шығару мүмкіншіліктері бар кез келген жүйелерді белгілеу үшін негізсіз пайдаланды. ЭЕМ көмегімен құрастыру және сызу – автоматтандырылған жобалау жүйелері орындайтын аз ғана қызметтер бөлігі. Жүйелердің көбісі едәуір көп қызметтер атқарады.
Мысалы:
CAE (Computer Aided Engineering) – инженерлік есептерді автоматтандыру, физикалық үрдістерді талдау және имитация жасау құралдары;
CAM (Computer Aided Manufacturing) – өндірісті технологиялық дайындау құралдары, жабдықтарды сандық бағдарламалық басқарумен (ЧПУ) қамтамасыз етеді. «Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі» деп те аталады;
CAQ (Computer Aided Quality Assu) – сапаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;
CAP (Computer Aided Planning) – жоспарлауды автоматтандыру құралдары;
CIM (Computer Integrated Manufacturing) – өндірісті тұтас компьютерлендіру жүйесі.
Бұлар автоматтандырылған жобалау жүйелерінің жоғарғы деңгейдегі түрлері болып табылады. Олар, өндірістерді құрастыруға жақын салаларды белгілеу үшін қолданылады.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің басым көпшілігі жобалаудың түрлі аспектілеріне жататын есептерді шешуге бағытталған. Мұндай жүйелерді кешенді немесе тұтасталған CAD/CAM, CAD/CAE, CAD/CAE/CAM деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |