Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету (ҰҚ) – жобалау ұйымының құрамын, бөлімдері арасындағы байланысты, автоматтандыру объектісі мен жүйесінің құрылымын, жүйе қызметінің шарттарын, жобалау нәтижелерін көрсету пішімдерін және т.б. анықтайтын құжаттар жинағы. Ол құжаттарға штаттық кесте, қызметтік нұсқаулар, пайдалану ережелері, бұйрықтар, ұсыныстар және т.б. жатады.
АЖЖ жобалау жүйесі болғандықтан эргономикалық және құқықтық қамтамасыз етулерді қамтиды.
Эргономикалық қамтамасыз ету (ЭҚ) – адамның психологиялық, психофизиологиялық, антропометриялық мінездемелері мен мүмкіндіктерін жұмыс орнындағы автоматтандыру құралдары мен жұмыс ортасының көрсеткіштерінің техникалық сипаттамаларымен үйлестіруге бағытталған өзара байланысты талаптардың бірлестігі.
Достарыңызбен бөлісу: |