Қорытынды
Қазандық қондырғыларының жұмысында әртүрлі отын түрлері қолданылады. Бүгінгі таңда ең көп таралған табиғи газбен жұмыс істейтін қазандықтар болды. Біздің еліміз отынның осы түрінің қоры бойынша көшбасшы болғандықтан, энергетикалық қорлары таусылуы мүмкін деп қорқуға болмайды. Газдан басқа, қазандық қондырғылары Отын ретінде мұнай өнімдерін (мазут, дизель отыны), қатты отынды (көмір, кокс, ағаш) пайдаланады. Бірқатар қазандықтар аралас отынды қолдана алады. Кез-келген қазандықтың маңызды сипаттамасы тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің сенімділік санаты болып табылады. ЖЭС-дың негiзгi екi агрегаты болады – бу қазаны (генераторы) және бу турбинасы. Бу қазаны отынның жылуымен суды қыздырып бу өндiредi, ал өндiрiлген бу турбинаның роторын айналдырады. Турбинаның роторына электр генераторының роторы қосылған, сондықтан электр генераторының роторы айналғанда, электр энергиясы өндiрiледi. Бу қазандары қолданатын отынға байланысты газ, мазут және көмiр жағатын; бу қысымына байланысты төмен, орташа, жоғары, аса жоғары қысымды болып бөлінеді. Қатты отын жағатын ЖЭС-ларында көмiр қоймадан ұнтақтайтын жүйеге жiберiледi (1.2 суретті қара), ұнтақталған көмiр бу генера-торында жанып, бөлінген жылу арқылы суды буға айналдырады. Бу генераторынан шыққан қыздырылған бу құбырлармен турбинаға жiберiледi. Бу өзiнiң энергиясы арқылы турбинаның роторын және оған қосылған электргенераторының роторын айналдырады, ал электр генераторы электр қуатын өндiредi. Турбинадан шыққан бу конденсаторда суға айналады да қайтадан бу генераторына жiберiледi - сонымен цикл қайта басталады. Бу генераторында отын жану үшiн, желдеткiшпен оттығына ауа жiберiледi. Отын жанған соң түтiн күлден тазалану үшiн фильтрден өтiп, түтiн сорғышпен мұржа арқылы ауаға таратылады. Күл мен шлак күл қоймасына жиналады [7].
Пайдаланылған әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%82%D1%8B%D0%BD
https://stud.kz/umkd/id/23924
Бердалиева А.А., Даулетбаева Д.А. Энергоресурсы, источники и методы получения.-Учебное пособие.-Шымкент 2022. -244 с.
Энергетика XXI века: Условия развития, технологии, прогнозы / Л.С. Беляев, А.В. Лагерев, В.В. Посекалин и др.; Отв. ред. Н.И. Воропай. – Новосибирск: Наука, 2014. – 386 с.
J.P. Deane et al. / Renewable and Sustainable Energy Reviews 14 (2010) 1293–1302.
Беспалов В.И. Системы и источники энергоснабжения: учебное пособие /В. И. Беспалов; Национальный исследовательский Томский политехнический университет. − Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 208 с.
Смородин С.Н., Белоусов В.Н., Лакомкин В.Ю. Методы энергосбережения в энергетических, технологических установках и строительстве: учебное пособие / СПбГТУРП.- СПб., 2014.- 99 с.
Достарыңызбен бөлісу: |