3.Мәдениеит мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары. Жоғары оқу орындарын ашылуы.
Кеңестік кезеңдегі қазақстан мәдениетінің тарихы туралы ғылыми түсініктің қалыптасуы үрдісін мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады : 1 кезең 1917-1950 жылдар ортасы : мәдениет тарихи зерттеудің және деректемелердің тасуының алғашқы кезеңі бұл жылдары аталған кезеңнің мәдениет тарихы жайлы осы заманғы алаң талабына сай келетін тарихи бекер болған жоқ . Іс жүзінде мәдениет тарихының кәсіби кадрларды болмады мәдениеттік органдар бұл басшыларымен сол жылдар оқиғаларына қатысушылардың сөздері мен мерзімдік басылымдар беттерінде көрініс тапты. 2 - кезең -1950 жылдардың екінші жартысынан 1980 жылдардың ортасына дейін . Бұл жылдары тарихи - мәдени ғылыми зерттеулердің инфрақұрылымы , сонымен бірге кеңестік кезеңнің мәдениет тарихы бойынша ірі монографиялық еңбектер жазған мәдениет тарихының кәсіби кадрлары қалыптасты . Сонымен қатар мәдениет тарихы бойынша деректер мен құжаттық материалдардың тақырыптық бағдарлармалары жарық көрді . 1980 жылдардың екінші жартысынан мәдениет тарихнамасының дамуында жаңа кезең калыптасты . Бұл түбегейлі қоғамдық - саяси өзгерістердің басталуымен және ұзақ жылдар бойы тыйым салынған есімдердің , сонымен бірге « ұлттың мәдени іргетасы » атанған Алаш қайраткерлері рухани мұраларының тарихымызбен қайта қауышуымен байланысты жүзеге асты. 1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет). Ол Орта Азия мен Қазақстан үшін кадрларды даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанынан қазақ жастарын оқыту үшін арнайы бөлімдер жұмыс істеді. 1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды.Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929 жылы Алматы зооветеренарлық институты, 1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты, 1931 жылы Қазақ медицина институты ашылды. Бір жылдан кейін Орал педагогикалық институты ашылды. 1932 жылы республиканың жоғары оқу орындарында 2 мың студент білім алды, оның ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті және Тауметаллургия институты ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |