Тақырыбы: Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі



бет2/5
Дата02.01.2022
өлшемі45.5 Kb.
#452691
1   2   3   4   5
stud.kz-34849



































2. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жұмыстары

Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігіндеорман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.Орман басқаруды экономикалық және құрылымдық өзгерту – бұл мемлекеттің белсенді рөлі мен шаруашылық субъектілердің нарықтық тәртібіне негізделетін, орман басқарудың ұдайы өндіріс жүйесіндегі және ұйымдастырушылық құрылымындағы орман қатынастарының субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарын жарым-жартылай немесе толық түрлендіруге бағытталған процесс. Стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қазіргі орман басқару жүйесін, оның ұйымдастырушылық-экономикалық құрастырушысын, отандық және шетел тәжірибесін ескере отырып, жетілдірудің ғылыми және тәжірибелік шешімдерін қабылдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет