Тақырыбы: Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жүйесі



бет4/5
Дата02.01.2022
өлшемі45.5 Kb.
#452691
1   2   3   4   5
stud.kz-34849

ҚОРЫТЫНДЫ.

1. Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметін басқару механизмі орманды ұтымды пайдалану мәселесіне бағытталуы тиіс. Себебі, ол экологиялық және қаржылық-экономикалық процестерді біріктіреді. Орман пайдаланудың заңды бекітілген орман тендерлерін өткізу және орман қорының учаскелерін жалға беру, келісім-шарттарын белсендіру осы мәселенің оң шешіміне әкеледі.



2. Орман басқаруды экономикалық және құрылымдық өзгерту – бұл мемлекеттің белсенді рөлі мен шаруашылық субъектілердің нарықтық тәртібіне негізделетін, орман басқарудың ұдайы өндіріс жүйесіндегі және ұйымдастырушылық құрылымындағы орман қатынастарының субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарын жарым-жартылай немесе толық түрлендіруге бағытталған процесс. Стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін қазіргі орман басқару жүйесін, оның ұйымдастырушылық-экономикалық құрастырушысын, отандық және шетел тәжірибесін ескере отырып, жетілдірудің ғылыми және тәжірибелік шешімдерін қабылдау қажет.

3. Нарықтық экономика жағдайларында орман шаруашылығы мекемелерінің төменгі бөлімшелері – орманшылықтар орман шаруашылығы мекемелерінің қызметін басқару механизмін құруда, орманды пайдаланудың нарықтық нысандарын қалыптастыру мен дамытуда, орманшылықтың, орман шаруашылығы мекемесінің, саланың экономикасын дамытуда, жұмыскерлердің бастамасын жоғарылатуда басты рөл атқарады. Орманшылықтар келесідей шарттардың негізінде шаруашылықты дербес жүргізу құқығын иеленуі мүмкін: орман шикізат ресурстарының болуы және оларды өткізу нәтижелілігі, сондай-ақ өндірістік бағдарламаны орындаудың жоғары сапалық көрсеткіштерінің болуы.

4. Орман өсіруді оңтайландыруда ізделінетін матрица мәліметтерімен салыстыра отырып, орманшылық жағдайларды ескергенде, «Ертіс орманы» табиғи резерватының Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығы мекемелерінде ең тиімді ағаш түрі қайың емес кәдімгі қарағай болып саналады. Ол орманды алқаптың 94.8%-ға жуығын алып жатыр. Яғни, осы ағаш түрі сол аймақта өсуге бейімделінгенін көрсетіп отыр. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, кәдімгі қарағай қайыңға қарағанда бағалы ағаш түрі болып есептелінеді. Ал қайың ағашы көбінесе отынды ағаш ретінде қолданылады. Түсініктірек айтатын болсақ, қайың қарағай тәрізді түзу, сымбатты болып өсе бермейді. Ағашы қисықтық және т.б. сүрек кемістіктері көбейген сайын ағаштың сорты төмендейді, отынға жарайтын мөлшері жоғарылайды.

Қорта келе орман шаруашылығы мекемелерінің өзіндік қаражаттарын арттыру және орманды тиімді пайдалануға қол жеткізу міндеті – орманмен қамтылған және аз орманды аймақтарда маңызды болып табылады. Болашақта орман шаруашылығы мекемелерін басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмінің негізгі элементтерін қолдану мен кеспеағашты толық игеру – қаржылық-экономикалық дағдарыстың алдын алуға және қаржылық дербестік негіздеріне көшуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет