Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары». Мақсаты: Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары»



бет2/3
Дата25.03.2024
өлшемі1.32 Mb.
#496416
1   2   3
8 сынып ұлттық ойын (копия) (копия)

 


1-жүргізуші: Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.


2- жүргізуші: Ал ендеше көп созбай бүгінгі сайысқа төрешілік ететін әділқазылар алқасымен таныс болайық:





1-жүргізіші: Құрметті қонақтар, көрермен қауым әділқазылармен таныс болсақ бүгінгі сайысымыздың ережелерімен танысып өтсек.
1-кезең: «Бір күн таныстыққа – қырық күн сәлем» дегендей топтар өздерін таныстырады.
2-жүргізіші: 2-кезең: Ұлттық ойындар
1-жүргізіші: 3-кезең: Сұрақ-жауап. Бұл кезеңде Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін сұрақ-жауап ойыны болады.
1-жүргізіші: Сайысымыздың ережелерімен кезеңдерімен танысып болсақ
Кезекті сайысымыздың І кезеңге береміз. «Бір күн таныстыққа – қырық күн сәлем» дегендей әр топ өз топтарының атын таныстырып өтеді


8«а» сыныбы – Тоғызқұмалақ


Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр.


8«ә» сыныбы – Асық ату


Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.


8«б» сыныбы – Қол күрес


Қол күресі - екі қатысушы арасындағы қол күресінің бір түрі. Ұзақ тарихы бар ойын. Бұл ойында адамның жеке күш-қайраты сынға салынады. Бәсекелес жауынгердің міндеті-қарсыластың қолын бетіне басу. Жігіттер сайысқа түскен соң тайсалмай күресуі тиіс. Қол күрес ойыны қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.


8«в» сыныбы – Бәйге


Бәйге – қазақтың ұлттық спорт ойыны, шабандоздардың ат жарысы. Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған. Шабандоздар белгіленген жерге алғашқы болып жету үшін барлық күш-жігерін салып шабады. Жарыс тура және бұрылыстары бар тегіс не дөңгелек бәйге алаңдарда өтеді. Бәйгенің үш түрі бар: ұзақ қашықтық жарысы – Аламан бәйге, Құнан бәйге және Жорға жарысы.Аламан бәйге шабандоздар шеберлігінің сынағы болып қана қоймай, сәйгүліктердің шыдамдылығы сынға алынатын жарыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет