Тақырыбы: Қазіргі заманғы психологияның салалары



бет3/3
Дата23.09.2023
өлшемі0.69 Mb.
#478389
1   2   3
Қазіргі заманғы психологияның салалары

Ғылыми - шығармашылық ( творчество ) психологиясы
соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері,белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы,сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі.
Сот психологиясы: сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б.
Қылмыс психологиясы: қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады.
Еңбекпен түзету психологиясы: тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер - әсемдікті қабылдау және оның Адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле қойған жоқ.
Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және
аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан;
адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан
адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан
адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан
Медициналық психология бөлімдері:
Салыстырмалы психология – психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді.
Арнайы психология
Тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын,
Олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын,

1. Сенің ойынша психология болашақ кәсіпте маңызды рөл атқарадыма?

2. Психология да қандай психика жағдайларын кездестіруге болады?

3. Психологияның салаларына қатысты 2,3 мысал келтір?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет