Тақырыбы: Б. з д II мыңж. Грекия тарихы



бет2/3
Дата22.03.2024
өлшемі117.14 Kb.
#496297
1   2   3
Ежелгі Грекия1

Мәдениеті
Микен мәдениетінің алғашқы даму кезеңінде оған Миной өркениеті өз ықпалын тигізді. Ахейліктер мәдениеттің елеулі бөлігін — Криттен қабылдаған: культтер мен діни дәстүрлер, фреска сұңғаттары, канализация және су құбырлары, киім үлгілері, қару-жарақ түрлері, жиелік жазу жүйесі.
Микен мәдениетінің ежелгі мұраларының бірі - Микен қаласында табылған шахта қабірлері (Б.з.б. XVIғ.). Мұндай үлгідегі ең алғашқы 6 қабірді Г. Шлиман 1876 ж. Микен цитаделінде тапқан. Бұл аймақта ішінде алтыннан, күмістен, піл сүйігінен жасалған бұйымдары бар, 3000-нан астам қабір табылған.
Микендік патшаларының көбі сағысқұмар болды. Қарақшылық үшін, олар теңіз арқылы алыс жерлерге жорыққа аттанған. Патша мұраларында табылған алтын, күмістердің көбі саудалық жолмен емес, қарақшылық жолмен табылған деген пікірлер айтылады. Микендіктер жауынгер халық болғанын көрсететін көптеген дәлелдер бар:
1. Патша мұраларында сауыттар мен қару-жарақтар көптеп табылған.
2. Мұраларда табылған құралдарда жиі щайқас, аң аулау көріністері бейнеленген.
3. Мұралардың үстінде орналасқан тас стелалар.
Әлеуметтік-экономикалық құрылысы
Миной мәдениетінде әдемі, үлкен ғимараттар көптеп кездеседі, оның бәрі құлдар еңбегінің нәтижесі.
Ұзаққа дейін ахейлік Пелоппонес қалаларының ішкі құрылымы біз үшін құпия болған, өйткені: B жиелік жазуы ұзақ уақытқа дейін мұқамдалмады, яғни жалғыз дереккөзі - археологиялық қазбалар болған. 2010 ж. Дж. Чедвику және М. Вентрису Пилос және Кносс қалаларында табылған, В Жиелік жазу үлгісіндегі тақтайшаларды мұқамдаған. Тарихшыларда тағы бір ақпарат дереккөзі пайда болды. Бұл тақтайшалардың көбі — Кносс және Пилос қалаларындағы шаруашылықты есептеген ″бухгалтерлік″ жазбалар болып шықты. Бұл қысқа, ықшамды жазбалар Микендік қалалардың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы туралы тарихи құнды мәліметтерді береді. Бұл жазбалардан біз сол кезден бастап Грекияда құл еңбегін кеңдеп, ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында пайдаланғанын білеміз.
Құлау себептері
XIII ғ. аяғында белгісіз себепетімен солтүстікбалкан тайпалары оңтүстікке қоныс аударған. Бұл тайпалар тарихта ″теңіз халықтары″ (народы моря) деген атпен белгілі. Бұл қозғалыс барысында фригейлік-фракиялық тайпалар Кіші Азияға қоныс аударған, нәтижесінде XII ғ. басында Хетт патшалығы құлады.
Грек тілінің әртүрлі диалекттерінде сөйлейтін дрийлық тайпалары және фракейлік-имириялық варварлар өз қоныстарын тастап, Орталық Грекия және Пелопанес жерлеріне көз салған. Олардың жүрген маршрут бойында өртенген, қираған қоныс қалдықтары көптеп табылған. Шамасы варварлар Микен, Таринф цитадельдерін басып ала алмаған. Варвар қарақшылықтары Миной қалаларының шаруашылығына қатты соққы берді, соған қатысты халық саны күрт азайып кетті. XIII-XII ғ. тоғысында Миной мәдениеті күйзеліске ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет