Тақырыбы: Бала бойындағы үрейді жеңудің педагогикалық-психологиялық негізі



бет5/6
Дата19.05.2022
өлшемі92.28 Kb.
#457788
1   2   3   4   5   6
Бала бойындағы үрейді жеңудің педагогикалық-психологиялық негізі

Қорытынды
Қоғамдағы түрлі құбылыстардың адам психикасына əсері олардың психикалық жай-күйін, дамуын, қалыптасуын, қоғамдағы орнын анықтауды жəне бағыттауды қажет етеді. Бұл тұрғыда, адам қоғамына қызмет етуші болашақ педагог-психолог мамандарды кəсіби даярлау мəселесіне ерекше назар аударылады.
Болашақ педагог-психологтар тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру, стандартталған нұсқауларды пайдаланып, педагогикалықпсихологиялық диагностика жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу, ауытқушылық түрін анықтау үшін арнайы диагностика жүргізу, арнайы əдістемелерді пайдаланып əртүрлі жастағы балаларға психологиялық тексеру жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу жəне психологиялық қорытынды жасай білу, білім беру ұйымдарында психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты қызмет түрлерін ұйымдастыра білетін маман ретінде дайындалады. Осы мазмұнындағы қызметті ұйымдастыруда теориялық білім жəне практикалық дайындықты қамтамасыз ететін психологиялық циклдегі пəндерді оқытудың бір саласы
«Психологиялықпедагогикалық диагностика» оқыту пəні. Бұл пəнді оқыту барысында студенттер психодиагностика саласының қалыптасу тарихымен, психологиялық тестілеу қағидаларымен, психодигогностикалық əдістермен жəне əдістемелермен танысып, ғылыми теориялық білімді меңгереді, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі психолог қызметінің мазмұнымен жəне ұйымдастырылу бағытымен танысады.
Лабораториялық сабақтарда жалпы, балалар, жас ерекшелік психологиясы пəндері бойынша берілген білімді жүйелеу, тереңдету, нақтылау міндеттері шешіледі. «Психологиялық-педагогикалық диагностика» пəнін оқыту мақсаты: - болашақ педагог-психолог мамандардың теориялық жəне практикалық дайындықтарын жүзеге асыру; 4 -тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық əдістерді қолдануға үйрету; - педагогика жəне психология ғылымындағы өзекті мəселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми іс-əрекетті меңгерту; - маманның практикалық дайындығын жəне кəсіби дағдыларын игеру.
Ұсынылып отырған оқу құралы 5В010300-Педагогика жəне психология мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының мазмұны негізінде «Психологиялықпедагогикалық жеке адам диагностикасы» оқу пəнінің типтік бағдарламасына сəйкестендірілген. Əрбір бөлім арнайы тараулардан, оның соңында берілген студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар мен сұрақтар жəне ұсынылған əдебиеттер тізімінен құралады. Оқу құралын ұсынудағы басты мақсат – практикалық психология қызметін қазақ тілінде ұйымдастыруды мүмкіндігінше қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет