2.1 Психодиагностиканың қалыптасу тарихы
Психодиагностиканың ғылым ретінде қалыптасуын көрнекті ғалым С. М. Жақыповтың зерттеулерінде қарастырылған əлемдік психологияның даму тарихының екі кезеңімен бөліп талдауға болады. Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ.ғ. - XIX ғ-дың 60-шыжылдарықалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды.
Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348- 322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалардың адам жан дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін тарихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады. Мəселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді. Сонымен қатар, ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді.
Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді. Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы 12 (аффект, құмарлық жəне т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан. Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037). Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т.б. қостаған. Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты психолог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды.
Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде – мінезқұлық туралы ғылым, төртінші кезеңде – психика туралы ғылым болып қалыптасады. Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты.
Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде айнала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клиникаларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жасады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборатория құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла бастады.
Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді. Негізгі психофизиологиялық заң психологиялық құбылыстарды 13 өлшеуге мүмкіндік туғызады жəне бұл түйсікті өлшеу үшін субъекті шкаланың құрылуына əкелді. Бұл заңмен сəйкес өлшеу объектісінің негізі адамның түйсігі болды жəне XIX ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жанасатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз.
Психологиялық қызмет орталықтары əртүрлі мемлекеттерде құрылған арнайы лабораториялар болып табылды. Оның ішінде, бірінші басымдылық неміс университетіне берілді. Бірақ Ресей, АҚШ, Англия жəне Италия мемлекеттерінде де диагностикалық зерттеулер кеңінен ұйымдастырыла бастады. Осы кезеңде психологиялық құбылыстардың сандық психодиагностикасы үшін арнайы амалдар құрыла бастады. Мысалы, талдау факторы – алғаш ретжеке тұлғаның кескін психодиагностикасы үшін жəне интеллектуалды даму деңгейі үшін қолданылады. Алғаш рет арнайы психометриялық мекеме Англияда Гальтонның көмегімен құрылды. Осы психометриялық эксперимент он мыңға жуық адамға жасалды.
Психология тарихында Гальтон жүргізген психологиялық əдістемелердің өңделуінде статистикалық əдісті қолдану ұсынылса, Пирсонның дисперсиялық талдауы, Спирменнің интеллектіні шынайы түрде өлшеуге бағытталған əдістемелері өміршеңдігін дəлелдей бастады. Ал Айзенк жəне Кэттел жеке тұлға интеллектісін зерттеу тестерін өңдеуде факторлы талдауды қолдана бастады. Француз ғалымы 1905-1907 жылдары Альфред Бине кейінірек француз ғалымы Симон бұл тесттерді жетілдіріп, психология тарихына Бине-Симон тесті атауымен енгізді.
XX ғасырдың 20 жылдарында жаңа бағыт интеллектілік жəне жеке тұлғаны тестілеу пайда болды. Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы ретінде қарайтын құралдар.
Мұнда ол Локк ілімдері негізінде идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды. Сонымен қатар, бақылауда «интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шкаласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы 14 жəне математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті белгілі бола бастады.
Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу барысына тоқталар болсақ, ол сөзден тұратын тізімді құрады. Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл əдісті неміс психиатры Эббингауз эксперименталды психологияда есті тəжірибелік түрде зерттеу еңбегінде қолданған болатын.
Психодиагнгостика тарихындағы мұндай эксперименталды жəне математикалық əдістер дифференциалды психологияның пайда болуына өзіндік себебін тигізді. Осы əдістер топ құрамындағы адамдардың жеке айырмашылықтарын айқын көруге мүмкіндік берді. Эббингауз өзінің есте сақтау туралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау тəжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциациясын туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психология ғылымының тарихында алғаш рет тəжірибе жүргізуде сандық талдау қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік заңдылықтарын ашты.
Психдиагностика тарихындағы тесттің дамуына ерекше үлес қосқан американ психологы Джеймс Маккин Кэттелдің «ақыл-ой тесті» атты еңбегі болды. «Ақыл-ой тесті» термині 1890 ж. Дж. Кэттел мақаласында алғаш рет қолданысқа ие болды. Онда жыл сайын колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналған тест түрлері берілді. Тесттер жеке түрде қолданылды жəне онда бұлшықет күші, қозғалыс жылдамдылығы, ауруды сезіну, көру жəне есту тереңдігі, салмақ айырмашылығы, əсер ету уақыты, ес жəне т.б. өлшемдерді анықтауға бағытталды.
ХІХ ғасырдың соңғы 10 жылдығында жасалған тесттер арасында Кэттел тестін кез келген адам қолдануға мүмкіндік алды, оның ішінде колледж студенттері, мектеп оқушылары, ересек адамдар, басқа да зерттелушілер. 1893 жылы Чикагода ұйымдастырылған Колумбия тесттік көрмесіне қатысушылар өзінің сенсорлық, 15 моторлық жəне жəй перцептивті процестерін өлшеу жəне салыстыру мүмкіндіктеріне ие болды.
Психодиагностика тарихында Торндайктың ассоциация ұғымына жан-жақты сипаттама беруде жануарларға жүргізген тəжірибесі ерекше орын алды. Көру, қате жəне кездейсоқ жетістік формуласын зерттеп, ол жануарлар мен адамдар мінезінің бітістері үшін ерекшеліктері бірдей болады деген тұжырым жасады
Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы
Тəжірибиелік психология мен психодиагностиканың ғылыми практикалық пəн ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жүзеге асты. Олар психофизика, психодиагностика, психометрика, психотехникамен тығыз байланыста болды.
Психодиагностиканың тарихы XIX ғасырда клиникалық даму кезеңінен басталды. Осы кезеңнен бастап психиатрлар мен дəрігерлер жан дүниесі сырқаттанған адамдарды ауруханаларда сырттай бақылау жасай отырып, нақты сипаттамалар береді. Психодиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау əдістері пайда болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім практикалық тұрғыдан қолданылды.
Əлемдік білімнің дамуында Рессейдегі психологияның дамуы өзіндік орынға ие болды. Осы кезде эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды. 1-кезең – 20 жылдардың басы мен 30 жылдардың ортасы. Бұл кезеңде К. Н. Корнилова, Л. С. Выготский, П. П. Блонның көзқарастары мен белгілі бір əдістемелері ғылыми-əдістемелік тесттердің даму жағдайын қалыптастырды. Революцияға дейін психологтар мен педагогтар көптеген зерттеулері мазмұндық тұрғыда біріктіріліп жүргізілді. Олар П. П. Блон, Г. И. Россолимо, А. П. Нечаев, А. М. Шуберт еді. Зерттеушілердің көзқарастары мен жалпы қызметі əлеуметтік жағдайларды қамтыған психологиялық тесттерді пайдалану болды. 1910 жылыРесей психологыГ. И. Россолимо өзінің ақыл-ойды дамыту тестін тұлғаны бағалаудың «психологиялық профилдік» əдістемесі жолымен жасады. Бұл əдістеме Ресейде жəне басқа шетелдерде кеңінен тарады.
Американың психологиялық ассоциациясы Роберт Эриксонның басқаруымен «Армиялық интеллект» тестін жасады. Интеллектіні зерттеудің алғашқы топтық бұл 16 тестіне «интеллектуалды (сұрыптап) топтастыру» мазмұнымен 1 млн 727 мың американ солдаттары қатыстырылды. 2-кезең – 30 жылдардың ортасы 50 жылдардың аяғы.
Бұл кезеңде əдіснамалық жəне теориялық мазмұндағы есте сақтауға арналған тесттер кеңінен пайдаланылды. Ауқымды теориялық жəне тəжірибелік жұмыстар, психодиагностикалық өлшемдер психологиялық-педагогикалық бағытта ұйымдастырыла бастады. Солардың ішінде, Герхард Витциактың екі іргелі монографиясы «Психодиагностика негіздері», «Преодаление учебной неуспеваемости» жəне Юрген Гуткенің «Оқытудағы интеллектуалдық диагностика ерекшеліктері» еңбектерінің маңызы ерекше болды. Сонымен қатар, К. Гутьяраның «Психикалық қасиеттердің өлшемі», «Оқыту қабілетін диагностикалауға кіріспе» ұжымдық еңбектері жарық көрді. 3-кезең – практикалық психологияда сандық жəне сапалық тест əдістерін қолдану. Көптеген Ресейлік психологтар диагностикалық əдістерді қолдану қажеттегін дəлелдеуге қадам жасады.
Олардың алғашқысы болған Б. М. Теплов өзінің «СССР-дағы психологиялық ғылым» атты мақаласында психодиагностикалық зерттеудің маңыздылығын баса көрсетеді. К. К. Платонов зерттеу əдістері бойынша бағалаудың үш түрін ұсынды: механикалық, формальды, құрылымдық. Ковалев пен В. И. Мясищев дифференциалды зерттеулер мен тестілеу əдістерінің қорытындысына дəл жəне анық қол жеткізудің жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, Л. Выготский, Ж. Пиаже, Дж. Брунер балаларға арналған ақыл-ойды дамыту, математикалық-статистикалық сапаларды анықтау тестілерін дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Б. Ананьев жəне т.б. еңбектері, соның ішінде, іс-əрекет психологиясы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орынға ие болды. Сол кезеңде психология іс-əрекет барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызметі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Л. С. Выготскийдің (1896-1934) жан мəселелерін баяндайтын мəдени-тарихи теориясы ілімнің түрлі аспектілері 1982- 1984 жылдары Мəскеудің «Педагогика» баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мəселелер: 1. Жоғары психикалық функциялардың даму тари- 17 хы; 2. Жасөспірім психологиясы; 3. Жалпы психология проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл жəне жазбаша тіл), көптілділік мəселелері қарастырылған.
Тəуелсіз еліміздегі тіл мəселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары бүгінгі күнгі өзекті мəселе екенін ескерсек, осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мəселелері, соның ішінде көптілділікті балалық шақта қалыптастырудың мүмкіндіктері үнемі зерттеу нысаны болғанына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің «Сөйлеу мен ойлау» проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, арақатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар. Л. С. Выготский «Диагностиканы өрістету жəне қиын баланың педалогиялық клиникасы» еңбегінде балалардың ақыл-ойы деңгейін анықтау үшін қолданылған психометриялық сынақтардың ғылыми маңызы жоқ деп тұжырымдады. Мұндай тəсіл арқылы қалыпты мектеп оқушыларының ақыл-ой дəрежесін зерттеу қате қорытындылар беріп, ақыл-ойы қалыпты дамыған бала мен ақыл-ой дамуында кемістігі бар баланы бір топқа жатқызып шатастырылуы мүмкін деді.
Психодиагностикалык əдістемелер ішінде белгілі болып саналатыны «интеллект тесті», интеллектуалды дамудың жас мөлшерін анықтауға арналған əдістеме. Интеллектіні өлшеу объектісі ретінде жалпы туа пайда болған қабілеттер кез келген тапсырманы дұрыс орындаумен анықталады. Ақыл-ой əрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П. Я. Гальперин жасады. Ақыл-ой əрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік жəне қолданбалы аспектілерді талдап саралайды. П. Я. Гальперин өзінің «Бағдарлаушы іс-əрекет психологиясының пəні» деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын жəне олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И. П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, əр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді. Тəжірибе жүргізудің ерекшелігі, психодиагностика психологиялық фактілерді белгілейді. Психодиагностикалық əдіс-тəжірибиеге негізделеді.
Психодиагностика əдістерін практикада қолдану адамдардың қасиеттерін, даралық ерекшеліктерін, даму деңгейін, кəсіби жəне шығармашылық тапсырмаларды орындау қабілетін 18 анықтаумен байланысты. Бүгінгі таңда тұлғаны психодиагностикалау əлеуметтік объектілерді басқарудың негізін құрайды, өйткені адамдардың қасиеттерін анықтау арқылы ұжымдағы психологиялық климатты анықтау жеке адамның ішкі мотивациясының жоғары жетістіктерге жəне бəсекелестікке ұмтылуымен анықталады.
Өйткені қоғамымыздың қарқынды əлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамдық дамудың қазіргі жағдайында, елдің саяси, мəдени, əлеуметтікэкономикалық жақтарын жаңарту кезінде – жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат ретінде дамуына, олардың тұлғалық қалыптасу жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді. Психология ғылымында тұлға теориясына байланысты 300 аса анықтамаға тоқталуға болады. Тұлға анықтамасы қаншама ауқымды болса, оның құрылымы туралы көзқарастар да соншалықты кең екеніне көз жеткіземіз. Л. С. Выготский алғаш рет психикалық қызметті жоғары мəдени жəне төменгі табиғи деп бөлінуін ұсынды. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі – оның бағыттылығы деп аталады. Л. С. Выготский пікірі бойынша адамның тұлғалық ерекшелігі қарым-қатынастың кешенді нəтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны оның орындайтын іс-əрекеті оның қалыптасуын анықтайтын жағдайларды көрсетеді. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-əрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастың бірлігін құрайды
. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық жəне əлеуметтік факторларға байланысты екені мəлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуының негізі болып – нақтылы тарихи ортаны айтуға болады. Сонымен, тұлға – біріншіден, əлеуметтік қатынас пен саналы əрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып, əрекеті барысында қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында тұлға – қоғамдық субъект ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды. А. Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, тұлға – белсенді қоршаған əлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен тұтастай енетін субъект деп қарастырған. Тұлғаның 19 қалыптасуы адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талап- тілектерінің, ұмтылыстарының жəне ниеттерінің дамуы болып саналады.
Қажеттіліктер қанағаттандырылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдардың пайда болуын жəне оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілетінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, əдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады. А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты іс-əрекетте өзінің көздері, бастаулары болады.
Іс-əрекеттің өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сəйкес, олардың функционалдық жəне генетикалық байланысты құрамаларын байқауға болады. В. Г. Леонтьев мотивацияның екі типін атап көрсетеді. Біріншісі қажеттілік түрінде, сонымен қатар қызығу, инстинкт түрінде, екіншісі мотив түрінде көрінеді. Бұл жағдайда мотив пен мотивация бір-біріне ұқсас болып кетеді. В. Г. Леонтьевтің бойынша, мотив мотивация формасы ретінде белгілі бір мақсатқа жету үшін бағытталған іс-əрекет пайда болады. Оқу үдерісінің негізгі итермелейтін күштерін анықтау, оның нəтижелі жүргізілуіне өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл туралы іс-əрекет теориясын құрастырғандардың бірі А. Н. Леонтьев «тұтас үдеріске бағытталған нəрсе, субъектінің нақты іс-əрекетке итермелейтін түрткісімен (мотивпен) сəйкес болады», – деп жазады. Яғни адам белсенділігінің үдерісі əрқашанда бір нəрсеге бағытталады, оның мəні бар. Сонымен қатар бұл үдеріс белгілі бір қажеттілік жəне мотивке (қажеттілік қанағаттандырылатын пəнмен) бағытталады.
Психологиялық зерттеулердің Ресейде жəне Қазақстанда дамуы.
Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, əрине, психология ғылымына да ортақ. Əрине, ғылымның біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте заманнан (Əл-Фараби, Абай, Шəкəрім психологиялық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ, 20-жылдарда М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов еңбектерінде біршама жасалынған болатын. 20 Мəселен, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында, Н. Құлжанованың «Мектепке дейінгі тəрбие», «Ана мен бала» деген кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біршама пікірлер қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тəлім-тəрбие ғылымының ірге тасының қалануында орыс ғалымдары өз үлестерін қосты. Мəселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына жəрдем еткен профессор В. Я. Стру - минский болатын. 1923 жылы диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мəселелерін қарастырған
«Психология» еңбегі болды. Сонымен қатар ол мұғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін кітап», «Орынбор 1-басқыш мектебі шəкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» дейтін еңбегі жарық көрген болатын. Қазақстанда отызыншы жылдары қызмет еткен, аты бүкіл əлемге əйгілі, Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі – А. П. Нечаев елужылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен əлемге белгілі ғалым болатын.
Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына енгізуді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам ғылыми еңбектің, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология жəне оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің психологиялық мəселелері», «Дене тəрбиесінің психологиясы», «Шахматшы ойынының психологиясы», «Техникалық өнертапқыштардың психологиясы», «Ес жəне оны тəрбиелеу» жəне т.б. Сонымен бірге қырық жылдық еңбегінің нəтижесі ретінде «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбегін атап көрсетуге болады. Бұл еңбекті көрнекті психологтар Д. Н. Узнадзе мен К. Н. Корнилов өте жоғары бағалады. Осы еңбектің нəтижесінде педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесі берілген болатын. Қазақстанда психология ғылымдарының өркен жаюына ғалымның қосқан үлесі зор болды. Ресей психологиясы саласында қарастырылған өзекті проблеманың бірі даралылық болды. Орыс психологы А. Ф. Лазурскийдің зерттеулері даралық айырмашылықтардың теориялық негізіне мінез жəне темпераментті адамның жалпы даралық сипаты ретінде зерттеуді ұсынды. А. Ф. Лазурский адам өмірі мен тəжірибесіне жо- 21 спарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Оның тəжірибесінде жекелеген психикалық процестер ғана емес, психикалық функциялар жəне тұлға толығымен зерттелді. А. Ф. Лазурский тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялық орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы жəне эксперименталды психология» атты дəріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын ұсынды, яғни, эндопсихика жəне экзопсихика. А. Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент жəне мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума қасиетін құрайды. Экзопсихикалық тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесін білдіреді. Осы негізде оның тұлғаны топтастыру жүйесі құрылды. С. Л. Рубинштейн даралылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара əрекеттесу барысында қарастыруды ұсынды. Л. С. Рубинштейн көзқарасы Б. Г. Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол даралықты ашық жəне жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егер тұлға – адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал даралық – тұлға мен іс-əрекет субъектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б. Г. Ананьев 1968 жылы комплекстізерттеужолын ұсынды. Оның пікірінше, даралылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие: І-ші деңгейдегі индивидтің ерекшеліктері: - жыныс, жас конституциясы, нейродинамикалық қасиеттер; - психофизиологиялыққасиеттержəнеорганикалыққажеттіліктер; - нышан жəне темперамент ІІ-ші деңгей іс-əрекет субъектісі: - когнитивті сипаттар, коммуникативтік қасиеттер, еңбекке қабілеттілік; - қабілеттер. ІІ-ші деңгейдегі тұлғалық көрсеткіштер: - статус, əлеуметтік рөл, құндылықтар құрылымы; - жүріс-тұрыс мотивациясы; - мінез жəне бейімділік. А. Н. Леонтьевтің ойынша, индивид (организм) – бұл генотиптік пайда болу, филогенетикалық жəне онтогенетикалық дамудың өнімі, адамның биологиялық ұйымдасуы. А. Н. Леонтьев тұжырымы бойынша, тұлғаның даралық ерекшеліктері қоғамдық негізінде туындайды. В. С. Мерлиннің пікірінше, даралық – бұл материяның барлық деңгейлерінің иерархиялы реттескен қасиеттер жүйесі, яғни физикалық, биохимиялық, физиологиялық, нейродинамикалық, психодинамикалық тұлғалық жəне т.б. қасиеттер. 22
Қазіргі кезде Ресейде жəне шетелдерде даралықты зерттеудің бірнеше орталықтары бар. Пятигорск психологиялық мектебінде В. В. Белоустың басшылығымен даралықтың полиморфты мəселесі зерттеледі. Онда қазіргі кезеңде даралықтың интегралдылығыжайлы теориялар қарқынды дамуда. Пермь қаласындағы ғылыми орталық даралықты зерттеудің негізгі орны болып табылады. Орталықтың негізін салушы профессор В. С. Мерлин. Қазіргі кезде орталықтағы даралық мəселесімен айналысушы зерттеушілер Л. Я. Дорфман, Б. А. Вяткин, А. И. Щебетко. Даралықты құрылымдық зерттеуде Л. Я. Дорфман интегралды даралықтың ерекшеліктеріне, иерархиялы тəсіліне, көп деңгейлі интеграция мен дифференциация процестерінің бірлігіне, даражүйелер арасындағы көп жəне бірмəнділік байланыс икемділігіне талдау жасады. Ол метадаралық жəне интрадаралық иерархиялы деңгейлері мен олардың арасындағы байланысты да қарастырды. Даралықты зерттеу ғалым В. М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілді. Зерттеудің өзіндік сипаты даралық-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерін жалпы психометриялық тəсілдермен өңдеуге баса назар аударды. В. М. Русалов адамдардың дифференциялдықпсихофизиологиялық даралығын екі деңгейге бөліп қарастырды: - бірінші, төменгі деңгей – организмнің биологиялық қасиеттері; - екінші, жоғары деңгей – тұлғалық, индивидтік жəне басқа əлеуметтік-мəдени құрылымдар. Ресейде психофизиологиялық қабілеттер зертханасында ғалым Э. А. Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғышарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Э. А. Голубева даралық құрылымдағы физикалық жəне тұлғалық деңгейлерді атап көрсетті. Л. С. Выготский, Б. Т. Ананьев, В. Крутецкий, Н. С. Лейтес, В. М. Теплов жəне т.б. психологиялық тұжырымдарында қабілеттің құрылымдық компоненттері мəселелері қарастырылды. Ал, дарындылық мəселелері шетел ғалымдары Ф. Гальтон, Э. Мейман, Э. Торндайк, В. Штерн жəне т.б. зерттеулерінде қарастырылды. Қабілеттілік жəне дарындылық мəселесін кеңес психологиясында 40-50 жылдары Б. М. Теплов ерекше зерттеді. Ол қандай да бір күрделі іс-əрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның мүмкіндігі қажет екенін дəлелдеген. Іс-əрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тəуелді болатын қабілеттіліктің сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б. М. Теплов 23 «дарындылық» мəселесін зерттей отырып, табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударды. Л. А. Рудик «дарындылық» қабілеттіліктің дамуына алғышарт болып табылатын туа біткен қабілеттілік, Н. Д. Левитов аналитикалықфизиологиялық нышанды бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры, Г. И. Иванов даму барысындағы қабілеттілікте байқалатын туа біткен ерекшеліктер мəселелерін қарастырды. В. А. Крутецкий өзініңматематикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу еңбектерінде былай дейді: «Егер «қабілеттілік» деп белгілі психикалық қасиеттерді айтатын болсақ, дарындылық деп адам қабілетінің өзіндік байланысын, бірлігін айта аламыз». Ол сонымен қатар, бұл феноменді зерттеу кезінде іс-əрекеттегі қоғамдық – тарихи өзгерістерді жəне олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек деген. А. Т. Асмолов еңбектерінде дарындылық мəселелеріне жан-жақты түсінік берілген. Ғалым бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге баса назар аударған. А. Т. Асмоловтың ғылыми зерттеулері бұл мəселе төңірегінде үш жақты көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни гендік, əлеуметтік, «тарихи – эволюциялық қатынас». Отызыншы жылдардағы психологиялық зерттеулер қазақ ғалымдары Ш. Əлжанов, М. Əуезов, С. Балаубаев, Ə. Сыдықов, Т. Тəжібаев, А. Темірбеков, Қ. Жарықбаев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Х. Т. Шерьязданова еңбектерімен байланысты.
ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында психодиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау сияқты зерттеу əдістері кеңінен қолданыла бастады. Бұл кезеңдерде əдістемелерді қолданудың сапалық мазмұнына көңіл аударылды. Вундтың басшылығының дүние жүзінде бірінші эксперименталдықпсихологиялық құбылыстарды байқау мүмкіндіктері де ашылды. ХІХ ғасырдың аяғына дейін адамның түйсігін, сезім мүшелерін зерттеу практикалық психодиагностиканың зерттеу нысаны болып келді. Қазіргі психодиагностикалық əдістер жеке адам мəселелері жəне оның қасиеттері мəселелерін қарастырады. Жеке адамды зерттеудегі теориялық ізденістер мен қолданбалы зерттеулер, атап айтқанда, математикалық, статистикалық өңдеулер, басқа да ғылыми көрсеткіштерге сүйенеді.
Психодиагностика теорияларына негізделе жасалған математикалық статистика нəтижелері биология, экономика, медицина жəне т.б. ғылымдарда да қолданылады. 30-40-шы жылдары психологияға қатысты зерттеулерді қазақ 24 ғалымдары Ш. Əлжанов, С. Балаубаев, С. Қожахметов, Ə. Сыдықов, Т. Т. Тəжібаев, А. Темірбеков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарынан отандық психология қолданбалы аспектіде де елеулі қарқынмен дами бастады. Мəселен, 1946 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында тұңғыш рет психология кафедрасы, 1947 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінде логика жəне психология мұғалімін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шығып, олардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орындарында ғылыми мекемелерде қызмет етіп келеді. Осы жылдары
Республика үшін психологтар даярлауда профессор Т. Тəжібаев зор үлесін қосты. Бұл кезеңде психология ғылымынан бірнеше дисстертациялар қорғалды. Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақстанның психологиялық тарихы» Т. Жүкештің «Ұлттың психологияның сипаты», Р. Ильясованың «Медициналық психология», Ə. Алдамұратовтың «Қызықты психология», Ғ. Досболовтың «Алдын ала тергеу психологиясы», В. Яковлевтің «Діндар адамның жан дүниесі» еңбектері психодиагностика саласын дамытудың теориялық негізі деп есептелді. 1988 жылдан бастап елімізде практикалық психология қызметін, оның ішінде, психодиагностика саласын дамытуда психологтар даярлау ісі қолға алынуы маңызды шараға айналды. Қазіргі кезде Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Семей, Шығыс Қазақстан университеттерінде психологиядан бакалавр мен магистранттар даярлауда, орта мектептерде «психолог» мамандығының штаты енгізу бағытында орасан жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл мектептерінің əлеуметтік психологиялық мəселелері мал шаруашылығына қажетті мамандардың сондай-ақ, жаңа типтегі лицей гимназия, колледж, медресе шəкірттерін оқытып, тəрбиелеудің психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, көптілділік пен көпөкілдіктің психологиялық астарын зерттеу, 25 нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан-алуан психологиялық жайттар - өз шешімін күтіп тұрған өміршең проблемалар болып табылады. Елімізде психология пəнінің арнайы ғылым саласы ретінде оқытыла бастауы жиырмасыншы ғасырдың 20-шы жылдарынан басталады. Қазақстанда бұл пəн осы кезеңде педагогикалық жəне тəлім-тəрбие беретін жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында оқытылды.
Ал жалпы білім беретін орта мектептер жəне өзге типтегі оқу орындарында психология пəнінің кең өріс алып, жан-жақты қамтылуы Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін 1946 жылы қараша айында қабылданған БКП(б) Орталық комитетінің орта мектептер мен жоғары оқу орындарында логика жəне психология пəндерін міндетті түрде оқыту жайындағы қаулысына сəйкес іске асты. Республикада 1958 жылдан бастап психологтар қоғамы, жастар мен мектеп оқушыларына кəсіби бағдар беретін Алматы қалалалық зерттеу орталығы (1987) Талдықорғанда «Əлеуметтік-психологиялық орталық» (1945), жұмыс істейді. 1992 жылы этностар психологиясын зерттейтін «Ұлттық тəлім-тəрбие ассоциациясы» құрылды.
Психологиялық зерттеу жұмыстары жиырма педагогикалық институт пен бес университеттің кафедрасында жүргізілді. Ұлттық ғылым академиясы жанына педагогика жəне психология бөлімшесін ашу көзделді. Этнопсихология ғылыми зерттеу орталығын ашу – ол маңызды істің бірі. Қазіргі кезде Қазақстандағы орта дəрежелі арнаулы білім беретін колледждер мен гимназияларда, лицейлер мен арнайы мектептерде психология пəнін оқытуға айрықша назар аударылады. Мұндай оқу орындарында психология пəнін оқып үйрену, біріншіден, өскелең буынның дүниетанымдық көзқарастарын дамытып белгілі жүйеде қалыптастыратын болса, екнішіден, табиғаттың иесі болып саналатын адамның жан дүниесінің сырын терең біліп, оған тəлімтəрбие берудің өзекті мəселелерін үйретеді. Олай болса, адам тек өзін-өзі бақылап, тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақылойы мен парасатына сүйене отырыпөз ырқына көндіре алады. Бұл қорытынды психодиагностика саласының адамтану жайындағы ғылымдар арасындағы жетекші ролін көрсетеді.
Психодиагностика саласында жүргізіліп жатқан əртарапты зерттеулер қазіргі қоғамдық дамудың, оның тыныс тіршілігінің жаңа сипаты, демократиялық бағыт бағдары, қазақ елінің егемендігі мен тəуелсіздігі жағдайында адам құқығы мен оның ізгілік мейірбандық, 26 имандылық секілді адамгершілік қасиеттерінің өріс алуынан туындайтыны белгілі. Белгілі ғалым Қ. Жарықбаев өз еңбегінде қазақ жерінде бұл ғылым саласының дамуы жөнінде төмендегідей баға береді: «Міне, осындай мəселелерде дұрыс, толық шешілген қазақ психологиясы түбінде əлемдік деңгейге көтеріліп, ұлтымыздың мерейін өсірсе, ал екінші жағынан, əрбір адамға, қоғамға, мемлекетке алға қойылған ұлы мақстқа тез жетуіне зор ықпалын тигізеді» дейді. Бұл мəселелерді шешу үшін ғылымның қай саласы болмасын өзінің өткен тарихын саралап, салмақтап, таразыға салуы керек. Өткен кезеңдерде жіберілген кемшіліктерді ескере отырып, ғылым жаңалықтарын есепке ала туындаған сұрақтардың шешімін тапса, оның қорытындысында үлкен маңыз болатынын ғалым атап көрсетеді. Бұл жерде Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі жəне өнер таңдау» атты еңбегінде ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау əдістері арқылы сол кездегі қоғамдық өмірдің ақиқатын ашуға мүмкіншілік беретін ұлт, əлеумет ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мамандық таңдау жолындағы талпыныстарын анықтай түскендігін көрсеткен зерттеулерін психодиагностика саласындағы жетістік ретінде атап көрсетуге болады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жаңа дүниенің есігін айқара ашқан жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жəрдемдесу.
Мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттері мен кейбір туғаннан берілетін ерекшеліктерді (темперамент, нышан жəне т.б.) ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін-өзі басқарып, жеке басын жетілдіруге, кісілікке ұмтылуға ерекше мəн берудің маңыздылығын жалықпай қайталап айтып отыр.
Адам өз бойында қандай талант, зеректік, қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет бар екендігін білуі шарт, яғни, өзін-өзі тануы қажет. Өзін-өзі танымаған өзгені тануға шорқақ болады дейді автор. Ж. Аймауытов зерттеулерінің ғылымилығын арттыра түсіретін нəрсе еуропалық психолог ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, солармен салыстыра, сабақтастыра баяндауы. Сонымен бірге, отандық ғылыми психологиялық терминдердің алғаш жүйеге келуі Ж. Аймауытов есімімен тығыз байланысты. Қай кезеңде де термин сөздерге салмақ жүктелген, өйткені жекелеген ғылымның өзіндік ерекшелігі, сыр-сипаты болады. Ал Ж. Аймауытов еңбектерінің негізгі мəні ұлттық үлгі термин жасау қағидасы болды. Мəселен, оның туындыларында кездесетін ерік – воля, елігу – влечение, еліктеу – подражание, ілілік – ассоциация, рух-дух 27 жəне т.б. көптеген психологиялық ұғымдар күні бүгінге дейін төл оқулықтарымызда ешбір өзгеріссіз ұлттық терминология қорында орын алып келеді. Ж. Аймауытовтың «Психология» кітабында сурет, кесте, нұсқа жəне т.б. иллюстрацияларға ерекше мəн берілген. Оқулықта классикалық ғылыми психологиядан түпкілікті орын тепкен, күні бүгінге дейін қолданыста мəнін жоймаған түрлі – прибор, аспап – құралдардың (спимограф – тамырдың өте нəзік айырмасын табу жəне қызметі түтікпен қозғалатын аспап; гемограф, кардиограф – жүректің қозғалысын анықтайтын құрал; пинеймограф – қанның көлемі мен қан сауыттарының өзгеруін білдіретін аспап жəне т.б.), сондай-ақ көптеген нұсқа, кестелердің суреттері жүйке жүйесінің бөліктері, ми жарты шарларының құрылысы, есту, сипай – сезу мүшелері – көз, құлақ, тері, жүйке талшықтары жəне т.б. орын тепкен. Осы иилюстрациялардың қазіргі психология оқулықтарының деңгейінде табылатындығын айрықша атап өтуге болады.
Сондықтан жан дүниенің небір терең сырлары мен қырларын зерттейтін қиын да қызық ғылымда ана тілімізде алғаш сөз еткен авторды да, оның тамаша төл туындыларын да қазіргі ұрпақ игілігіне айналдыру – кезек күттірмейтін шұғыл істтердің бірі болғандықтан, қазіргі жоғары оқу орындарында оқулықтары кеңінен қолданылады.
Психодиагностикалық тесттердің жіктелімі
Ғылыми танымда психология зерттейтін құбылыстар күрделі болғанымен, оның жетістіктері зерттеу əдістерінің көптүрлілігіне қарай мазмұнды нəтижелерге қол жеткізуге толық мүмкіндік береді. Осы негізде психодиагностикалық əдістемелердің де бірнеше топтамасын атап көрсетуге болады
Психологиялық зерттеулердің негізгі əдістері Жеке адамды зерттеуде Кэттелдің психодиагностикалық əдістемесінің бірнеше түрінің сипаттамасын келтіруге болады. 1. Жеке тұлғаны зерттеуге арналған психодиагностикалық тестер. 2. Түрлі материалдарды, сұрақтар мен тапсырмаларды сөздік сипаттау немесе сұрақ-жауап тəсілі. 3. Вербалды емес əдістер. 4. Суреттер негізінде əңгіме құру. 5. Дифференциалдық-диагностикалық тестер. Психодиагностикалық тестердің мазмұнына қарй төмендегі топтамасын көрсетуге болады: 1. Типологиялық тест – мұнда тестілеуге жеке тұлғаның мінезі, темпераменті, нерв жүйесін диагностикалы жəне зерттелінушінің мақсаты, қызығушылығы, шыдамдылығы зерттеледі. 2. Тестілеу сапасына стандартты жəне стандартты емес тестер, яғни: - жалпы диагностикалық (Кэттелл, Айзенк, Векслер сауалнамалары жəне т.б.); - кəсиби тесттер (Армиялық классификациялық тест); - қасиеттердізерттеу тесттері (техникалық, музыкалық жəне т.б.); - жетістікке жетуді зерттеу тесттері. Сонымен қолданылатын жабдықтарға байланысты тесттер төмендегідей болып бөлінеді: - бланкілік тестер («қарындаш-қағаз») қолдану арқылы; - Вэкслердің қиын фигураларын қолдану; - аппаратты тесттер, олар: ойлау, ес, зейін-танымдық процестерді зерттеу тестері; - компьютерлік тестер.
Қолданылу аясына қарай психодиагностикалық зерттеу əдістерін төрт топқа бөлінеді: 1. Ұйымдастырылған əдістер. 2. Эмпирикалық əдістер. 3. Мағлұматтарды өңдеу əдісі. 4. Интерпретациялық əдістер. Психодиагностикалық əдістер бағыттарына сəйкес қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген кейбір авторлардың топтамасын ұсынуға болады: 30 І. Й. Шванцар бойынша психодиагностикалық əдістердің топтамасы: 1. Қолданылатын мəліметтерге сəйкес (Вербалды, вербалды емес, манипуляциялық тест жəне т.б.). 2. Алынған көрсеткіштердің санына қарай «Дұрыс» жəне əртүрлі жауаптары бар тестер. 3. Зерттелушінің психикалық белсенділігі бойынша: - адамның өз санасының ішкі əлемін зерттеуі (зерттелінушінің өз тəжірибесіне сүйене отырып тұжырым жасауы): сауалнама, əңгімелесу; сыртқы əлемге назар аударуы (бақылау жəне əртүрлі құбылыстарды бағалау); - зерттелуші тұлғаның санадан тыс қасиеттерін көрсететін жобалау тестері; ІІ. В. К. Гайде, В. П. Захаров бойынша психодиагностикалық əдістер топтамасы: 1. Сапалық көрсеткіштеріне қарай: стандартты жəне стандартты емес. 2. Қолданылу мазмұнына қарай: - жалпы диагностикалық (Р. Кеттелл жəне Г. Айзенк жеке адам типін зерттеу тесті; интеллектіні зерттеу тесті); - кəсіби қолайлылық тесті; - арнайы қабілеттілікті зерттеу тестері (техникалық, əуендік, ұшқыштарға арналған тестер); - жетістіктерді зерттеу тестері; 3. Зерттенушінің тірек материалдары бойынша: - бланктік; - заттық (КООС кубиктері, «Векслер жинағындағы пішіндерді жинау»); - аппараттық (зейін ерекшеліктерін зерттеуге арналған құралдар). 4. Зерттеушілердің санына байланысты: дара жəне топтық. 5. Жауап беру формасы қарай: жазбаша, ауызша 6. Бағыт-бағдарды тексеруге байланысты: жылдамдықты, күшті анықтауға арналған тесттер, аралас тесттер. Тесттегі тапсырмалар күрделі жəне оны орындау уақыты шектеусіз; зерттеушіні жетістікпен қатар, тапсырманы орындау тəсілі де қызықтырады. 7. Тапсырманың біртектілігіне байланысты: гомогенді жəне гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас, белгілі бір тұлғалық жəне даралық қасиеттерді өлшеуде қолданылады). 31 Гетерогенді тест тапсырмалары əртүрлі интеллект сипаттарын анықтауға арналған. 8. Жинақтылығы жағынан: оқшаулаған тесттер жəне тесттер жинақтары. 9. Тапсырмаларға жауап беру қасиеті бойынша: жауаптары бар немесе еркін жауап қайтаруға болатын тесттер. 10. Психиканы қамту ауданы: жеке тұлғаға бағытталған жəне ақыл-ой тесттері. 11. Ақыл-ой əрекеті сипаты бойынша: вербалды, вербалды емес. ІІІ. А. А. Бодалев, В. В. Столин бойынша психодиагностикалық əдістер топтамасы: 1. Əдістемелік сипаты бойынша: - Объективті тесттер (дұрыс жауаптың болуы мүмкін, яғни тапсырма дұрыс орындалуы тиіс) - Стандартты тестер. - Сұрақнамалық ашық тесттер. –
Шкалалық-техникалық тесттер (Ч. Осгудтың семантикалық дифференциалдық тесті). Субъективті тестер: жеке-бағдарлық техникалық, сюжетті – рөлдік ойындар. - Проективті əдістемелер; - Диалогтық техникалар (сұқбаттар, диалогты ойындар) 2. Психодиагностика процедурасының жүзеге асуы жəне оның нəтижеге тигізетін əсері: объективті жəне диалогтық болып бөлінеді. Ал енді əдістер топтамасына тоқталайық: 1) Əдістердің нəтижелерін өңдеу – суреттер мен бейнелер негізінде зерттеу. Бұған ТАТ, САТ, Розенцвейгтің фрустрациялық тесті, Жиля тесті, Сонди тесті жатады. 2) Г. Роршах тесті . 3) Конструктивтік əдіс. 4) Шығармашылық əдіс. Психологияда психиканы зерттеу объективті қағида болып табылады. Бұл қағида кез келген психикалық құбылыстысол күйінде зерттеу қажеттілігін білдіреді.
Объективті қағида адамның психикалық ерекшеліктері жайлы, оның нақты істері мен қылықтарына қарай, дұрыс пікірге келуге болатын адамды қызмет процесі барысында зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға неғұрлым тəн, сондайақ тəн емес жағдайларда зерттеу қажет. 32 Объективті принцип жиналған материалдарды өңдеуде де көрініс табуы мүмкін. Алынған фактілердің барлығы, оның ішінде бір-біріне қарама-қайшылық жан-жақты талдауға түсуі керек. Қарама-қайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Психологиялық зерттеулерді құрудың тағы бір маңыздылығы, психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеу принципі болып табылады. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста жəне өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес.
Психикалық құбылыстарды олардың даму барысында зерттеу адам бойында қалыптасқан психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді зерттеудің, əсіресе, оқушы психикасын бақылаудың маңызы зор. Жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу. Түрлі жағдайларда жəне қызмет бабында, өзге адамдармен қарым-қатынас барысында жеке адамның сан-салалы психикалық ерекшеліктері, бет бейнесі ашылады. Анализдік зерттеу психиканың элементтерін жеке адамның өмірі жəне қызметінің түрлі жағдайын тануға мүмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлық психикалық көріністердің өзара байланысын анықтауға жəне адамды толық сипаттайтын тұрақты қасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принциптік ұстаным қажеттілігі жеке адамды терең, жан-жақты зерттеу, танымдық, эмоциялық, ерік-жігерлік процестердің жеке жақтарын, қасиеттерін зерттеу жəне адамның тұтас психикалық бейнесіндегі өзара байланысын, шарттылықтарын зерттеуді қажет етеді. Бұл екі бағыттың бірлікте болуы, бір жағынан жеке адамның психикалық ерекшеліктерін түсінужəне дұрыс бағалау болса, ал екінші жағынан жеке адамның ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырмалы талдау, олардың өзара тəуелділігі мен бірлігін ұғыну. Сонымен психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі принциптері: объективті принцип, психикалық құбылыстарды олардың даму барысында зерттеу жəне жеке адамды анализдіксинтездік зерттеу. Жеке адамды зерттеу процесі негізінде оның типтік ерекшеліктерін, жəне жеке қасиеттерін, олардың өзара байланысын анықтауды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |