Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы



бет13/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

1. Идеялардың тууы. Ақпараттармен алмасу әрқашанда ойда немесе идеяны тұжырымдау арқылы іске асады. Хабарды жөнелтушi алмасу болу үшiн қандай мәлiметтi айырбас процесi тиiмдi болуы үшiн басшы оны көптеген факторларды есепке алып отырып шешкенi дұрыс. Мысалы, басшы ақпаратпен алмасқысы келсе өз ұжымындағы қызмет туралы, оның iшiндегi жұмыстың бәсең және күштi жақтарын бағыныштыларына айтуы қажет.
2. Шартты белгiлер және олардың таңдап алынуы. Идеяны бермес бұрын жөнелтуші символдардың көмегімен хабарды кодтау керек. Бұл үшін жөнелтуші сөздер, дауыс серғасы дене қимылын колданады. Бұндай кодтау идеяны хабарға айналдырады. Сондай-ақ, жөнелтуші жiберу арналарын (электронды байланыс құралдары, компьютерлер) да таңдауы қажет. Хабарларды беру арналары тек қaнa бiр құралмен шектелмеуi керек.
3. Хабар беру. Мәліметтi женелтушi қабылдаушыға жететiндей арнаны табады.
4. Декодирование (декодалау). Бұл алынған хабарды түсiндiру, ұғындыру қабылдаушыға келiп түскен мәлiмет сол мағлұматтарды түсіну үшін қызмет етедi. Tүciну немесе ұғыну дегенiмiз - хабар жолдаушының символын қабылдаушының ойына, сана-сезiмiне жетуi.
Ең алдымен ақпараттар мен мәлiметтер айналысын, кезеңдерiн қарастыpa отырып, өте қажетті екі тұжырымдамаға тоқталған жөн, олар:
- кepi байланыс;
- кедергілер немесе шуылдар.
Kepi байланыс арқылы жөнелтушi және қабылдаушы өздерiнiң коммуникативтiк бейнелерiмен алмасады.
Шуылдар дегенiмiз - хабарлардың өреспес түрде бұрмалануы. Хабарлармен алмасу кезiнде шуыл мен кедергiлердiң негiзгi кездерi ретiнде тiл түрлерiн құбылту және өзгертуден бастап, ұғынуға дейiнгi әр түрлiлiк деп тыңдайды. Мысалға, басшы мен бағынышты арасындағы құрылымдық немесе заң арқылы хабарды нақты түрде жеткiзуге мүмкiндiк болмайды.
Әр бiр ұйымдарда кедергiлер және шуылдар болып отырады, себебi берiлген хабарлардың мағыналары бұрмаланып кетiп жатады. Fылыми турде даңғыл, шуыл дегенiмiз мәлiметтiң хабарлауын дұрыс бермеу, бұрмалау, түрлендiрiп жiберу.
3. Жеке адам арасындағы және топтық коммуникациялар жолындағы кедергілер
Жеке адамдар арасындағы байланысты келесi проблемалар (кедергiлер) жиынтығы peтіндe қарастыруғa болады.
1. Қабылдауды түсiнудегi кедергiлер. Бұл кедергi түpi хабарды беру шеңберiндегi жiберушi мен қабылдаушы арасындағы дау-жанжал нәтижесiнде пайда болады. Адамдар бiр мағынадағы мәлiметтердi хабарларды жинаған тәжiрибелерiне байланысты әр түрлi түсiндiредi және жеткiзедi. Қабылдаудың 2-шi кедергiсi адамдардың әлеуметтiк жағдайлары. Адамның мiнез-құлқы хабарлардың бұрмалануына ықпалын тигiзедi. Көптеген зерттеулер бойынша басшылар бағыныштармен ақпарат ағымдарымен және адамдар ағымдарымен ашықсөйлесу сенiмдiлiктi күшейтедi.
2. Семантикалық кедергiлер. Kepeкті қарым-қатынастарға түсе отырып, шартты түрде берiлген белгi символдарды пайдалану арқылы мәлiметтер мен хабарлармен алмасуға және оны мағынасын түсіндіреді. Семантикалық бөгеттер көп ұлтты ортада жұмыс iстейтiн компаниялар үшiн байланыс қиындықтарын тудырады. Мысалға, “Дженерал моторс” компаниясы латын америка нарығына «Чеви Нова» деген жаңа моделiн шығарған болатын, бiрақ, олар өздерiнiң көздеген мақсаттарына жете алмады. Олар зерттеу өткiзгенде “Нова”сөзi “ Ол жүрмейдi” деген сөздiң мағынасын беретiндiгiн анықтады.
3. Сөзбен емес пайда болатын кедергiлер (невербалды компания). Бұл компанияға сөзден басқа кез келген символдар қолданылады. Бұларға бет пiшiн әлпетi, дене қимылын саусақпен көрсету, т.б. жатады.
4. Kepi байланыстың сапасыздығы. Жеке адамдар арасындағы байланыстың пiшiнсiз болуы кepi байланыстың нашарлығы әсерінен болады. Жөнелтушінің пiкiрi, ойы қабылдаушыға келiп, түсiнiлген жағдайда ғaнa кepi байланыс жүзеге асады.
5. Дұрыс естімеу немесе қабылдай алмау. Дұрыс тындау менеджерлерге қойылатын негiзгi талаптардың бiрi.
3ерттеушi Мэт Девис тиiмдi тыңдау үшiн 10 өсиет ақыл айтқан:
1. Сөздi доғарыңыз. Сөйлеп отырып тыңдау мүмкін емес.
2. Сөйлеп тұрғанда өзiн бос ұстayғa көмектесiңiз, сонда шешiм қабылдау мүмкiндiгi артады.
3. Сөзiңiз арқылы тыңдауға дайын екендiгiңiздi көрсете бiліңiз, әрқашанда тыңдауға құштар болыңыз және соған әрекет етіңіз.
4. Сөйлеушiнi тiтiркендiретiн жаrдайлардан аулақ болыңыз.
5. Сөйлесушiге әсер етiңiз, сөйлесушiнi сезiне бiліңiз.
6. Шыдамды болыңыз.
7. Мiнез-құлық шыдамдылғын көрсетіңiз. Ашуланған адам сөздiң мағынасын өзгертедi.
8. Сөз таластырмаңыз, тайталаспаңыз. Сынамаңыз.
9. Cұрақ қойыңыз.
10. Сөздiң немесе сөйлеудi доғарыңыз.
Тиiмдi тыңдаудан басқа да бiрнеше тәсiлдердi жеке адамдар арасындағы байланыс үшiн қолдануға болады. Бұған байланысты қарым-қатынас өнерін жетiлдiру керек. Ол үшiн:
1. Өз ойыңызды хабарламас бұрын оны нақтылай түсiңiз.
2. Семантикалық сөздердiң мағынасына зерек болыңыз.
3. Өзiңiздiң тiл байлығыңыз сөз екпiнi, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалысыңыз, бет пiшiнiңiзге үнемі бақылау жасап отырыңыз.
4. Ашық сөйлесіңіз.
5. Kepi байланыс болуына күш салыңыз.
4. Коммуникациялық тараулар
Коммуникациялық тараулар - бұл коммуникациялық процеске қатысатын адамдарды белгiлi түрде ақпараттық ағымдар көмегімен бiрiктiру болып табылады.
Сыртқы коммуникациялық тарау
Басшымен құрылатын тарау вертикалды, горизонталды және диагоналды байланыстардан тұрады.
Вертикалды байланыстар - басшылардың ойы бойынша басшыдан бағыныштыға қарай құрылады.
Горизонталды байланыстар бiр-бiрiмен тең деңгейлер, яғни бөлiмдер және бағыныштылаp арасында құрылады.
Диагоналды байланыстар - басқа басшылар және басқа бағынышталар арасындағы байланысы.
Бұл байланыстардың тараулары ұйымының нақты құрылымын құрады. Ұйымдағы бөлiмшелердiң көлемi коммуникациялық тараулардың даму мүмкiндiгiн шектеп қояды. Егер топтың көлемi үлкейетiн болса, онда коммуникациялық қатынастар мүмкіндігінін саны көбейедi. Коммуникациялық тараудың бiрнеше үлгiлерi бар:
1. “Шеңбер” түрiндегi тарауда топ мүшелерi тек қанa өзiне жақын орналасқан адамдармен ғана хабар алмаса алады.
2. “Дөңгелек” түрiндегi тарауда билiктiң ресми, орталықтандырылған иерархиясы көрсетiлген болып, мұнда бағыныштылар бiр-бiрiмен тек қанa бастығы арқылы хабар алмаса алады.
3. Осы жағдайда келесi түрдегi тарауда да көру мүмкін. Мұндай тараулар орталықтандырылған деп аталады. Мұнда жеңiл мәселелер шешiлетiн болса олар тиiмдi болуы мүмкін.
4. Билiк иерархиясын көрсететін тараудың басқа түрі “тiзбектеме” (цепочка) деп аталады. Бұл түрiнде горизонталды байланыстар пайда болады.
5. “Барлық каналдық” тараулар топтың толықтай орталықтандырылмағанын көрсетедi. Бұл тараудың түpi күрделi мәселелердi шешуде барлықтарының қатысуын керек еткенде қолданылады. Бұл жанасуды ашық коммуникация деп те атайды.
Коммуникациялық тараулардың түpiн бiлу ұйымдағы билiк және бақылау қатынастарын түciнy үшiн керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет