Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Сыртқы орта және оның ұйым жұмысына әсері



бет10/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Сыртқы орта және оның ұйым жұмысына әсері
1.Сыртқы орта және оның факторлары туралы түсінік
2.Тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
3. Жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары
1.Сыртқы орта және оның факторлары туралы түсінік
Ұйымның нақты қызметіне байланыссыз бірақ, оның қызмет етуіне әсер ететін және де басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін, барлық жағдайлар мен факторларды ұйымның сыртқы ортасы деп айтуға болады. Кез-келген ұйымның ашық жүйе принципінен келіп шығуды қалайтын басқарушы бірінші болып сыртқы ортаны анықтау проблемасына кез келеді. Басқарушы әр уақытта ұйымның табыстылығы тәуелді болатын факторларды ескеріп отыруы қажет. Мысалға, Джеральд Беллдің айтуы бойынша, ұйымның сыртқы ортасы келесі элементтерді өз ішіне алады: тұтынушылар, бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар, жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары және т.б.
Ұйымға әсер ететін факторларды келесі 2 топқа бөлуге болады:
1. тікелей әсер ететін факторлар;
2. жанама әсер ететін факторлар.
Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей яғни, бірден әсер ету қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады.
Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға: халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады. Мысалы: “Дженерал Моторс” фирмасын материалдармен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар, бағаны реттейтін және жұмысқа алу тәртібін реттейтін заңдар, тұтынушылардың қалаулары, бәсекелестердің негізгі әрекеттерін айтуға болады.
Сыртқы орта мынадай мінездемеге ие:
- сыртқы орта факторларының өзара байланысы;
– сыртқы ортаның күрделілігі;
– сыртқы ортаның әрекетшілдігі;
– сыртқы ортаның анықталмағандығы.
Күрделілік – бұл ұйымға әсер ететін факторлардың саны мен түрлілігі.
Әрекетшілдік – бұл ұйымның қоршаған ортасында болатын ортаға байланысты өзгерістердің салыстырмалы жылдамдығы.
Сыртқы ортаның анықталмағандағы – бұл орта туралы ақпараттардың салыстырмалы саны. Егер ақпарат аз немесе оның дәл екендігіне күмән болса, орта анық болмайды. Сыртқы орта қаншалықты анық болмаса, соншалық тиімді шешім қабылдауда қиын болады.
2.Тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
Тікелей әсер ететін сыртқы орта факторларына жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады.
Жүйелік жанасу көзқарасымен алғанда, бұл ұйымның кірістерін шығысқа айналдыратын механизм. Кірістерге материалдар, ресурстар, құрал-жабдықтар, энергия капитал және еңбек күші жатады. Бұл кірістерді қамтамасыз етуде фирма жабдықтаушыларға тәуелді болады.
Ұйымның дамуы үшін капитал да қажет. Қажетті капитал мен ұйымды қамтамасыз ететін инвесторларға банктер, акционерлер, облигацияларды сатып алушы тұлғалар жатады. Ұйымның жұмысы қаншалықты жақсы болса, соншалық оның жабдықтаушылармен келісу мүмкіндігі жоғары болады.
Ұйым өзінің мақсатына жету үшін, алдына қойылған міндеттерді орындау үшін, керекті мамандардырылған мамандар, яғни еңбек күшімен қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Заңдылықтардың жағдайы оның күрделілігімен ғана емес, ол оның әрекеттілігімен, кейбір кездерде анықталмағандығымен сипатталады. Мысалы: заңдардың түрлілігі, қауіпсіздік және жұмысшы орнында денсаулықты қорғау туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы, тұтынушылар мүддесін қорғау және т.б заңдар жиынтығы.
Ұйымдар мемлекеттік реттеу органдарының талаптарын орындауы қажет. Бұл органдар өздеріне тиісті заңдарды орындауды талап етеді. Мысалы, құнды қағаздар және биржа бойынша компаниялар акционерлері қалай қаржылық және бухгалтерлік есеп жүргізуі керектігін анықтап береді. Ал еңбекті қорғау басқармасы жұмыс жағдайының нормативтерін жасайды.
Бәсекелестер – әр бір фирма басшылары егер тұтынушының қажеттілігін бәсекелестерге қарағанда тиімді қанағаттандырса, ұйымның өмір сүруі нарықта көп ұзамайтындығын өте жақсы түсінеді. Көп жағдайларда қандай өнімді сату керектігін және қандай баға қою керектігін тұтынушылар емес, бәсекелестер анықтап береді.
Өндірушілер - еңбек ресурстары, материалдар, капитал және жаңалықтарды қолдану құқығы үшін бәсекелестік күрес пайда болады. Еңбек ақы, жұмыс жағдайы, басшы мен бағыныштылардың арасындағы қарым-қатынас сияқты ішкі факторларды бәсеке жағдайында болған реакцияға тәуелді болады. Бірақ, кейбір кездерде бәсекелесуші фирмалар бір-бірлеріне көмек беруі мүмкін. Мысалы: “Дженерал Моторс” фирмасы “Крайслер” корпорациясына 1979 ж. кризистік жағдайдан шығуы үшін бірнеше миллион доллар көмек беріп тұрған болатын.
3. Жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары
Жанама әсер ететін сыртқы орта факторлары тікелей әсер ететін факторларға қарағанда күрделі. Бұл орта факторларына технология, экономика жағдайы, әлеуметтік, мәдени, саяси факторлар, жергілікті ұйымдар мен қарым-қатынас және т.б жатады.
Технология ұйымның ішкі факторы және де сыртқы факторы бола алады. Технологиялық жаңалықтар енгізу қандай жаңа өнім шығару және сату керек, қандай қызметтер мен өнімдерді тұтынушылар ұйымнан күтіп отыр, т.б. сондай мәселелерді шешуде көмек береді.
Әлемдік экономика жағдайы барлық кіріс ресурстарының құнына және тұтынушылардың тауар және қызметтерді сатып алу мүмкіншіліктеріне әсер етеді. Мысалға: егер инфляция жағдайы күтілетін болса, басшылық ресурс запастарының көлемін көбейтуі мүмкін, ал егер экономикалық құлдырау жағдайы болжамданатын болса, ұйым дайын өнімнің санын азайтады, неге дегенде оны өткізуде қиыншылықтар тууы мүмкін. Экономика жағдайы ұйымның қаржы алу мүмкіндігіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін. Бірақ, экономика жағдайының өзгеруі кейбір ұйымдарға тиімді, кейбір ұйымдарға тиімсіз әсерін тигізуі мүмкін.
Кез-келген ұйым кем дегенде бір мәдени ортада әрекетте болады. Сондықтан да, өмірлік құндылықтарды орналастыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер сияқты әлеуметтік мәдени факторлар ұйымға өз әсерлерін тигізіп отыруы мүмкін.
Саяси факторларға:
1. Әкімшілік заңды органдардың және соттардың көңіл күйі. Бұл көңіл-күйлер фирманың табыстарына салық салу, салық жеңілдіктерін және жеңілдетілген сауда пошлиналарын анықтау, тұтынушыларды қорғау заңдылықтары және т.б. өкімет әрекеттеріне әсерін тигізеді;
2. Ерекше қызығушылар топтары;
3. Саяси тұрақтылық;
4. Жергілікті халық пен қатынас. Әрбір қоғамдастық ұжымда белгілі бір заңдар, бизнеске қатысты белгілеулер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет