Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Ұйым туралы түсінік және оның түрлері



бет5/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

  1. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

  2. Ұйымның жалпы сипаттамалары

  3. Ұйымды тиімді басқарудың сипатты белгілері

1. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

Ұйым деп – алға қойылған мақсатқа жету барысындағы адамдар тобы еңбегінің сапалы үйлестірілуін айтамыз. Ұйымның мақсаты жан - жақты болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның басты міндеті - белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал, осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру арқылы қаржы көздерімен мүмкіншіліктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және т.б. Яғни, ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс-әрекеттер орындалады және осы мақсаттың өзі әр түрлі ұйымдарға байланысты болып келеді.


Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегі талаптар қойылады:

  1. ұйым тобының мүшесі кем дегенде екі адамның болуы;

  2. топ мүшелерінің алға қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы;

  3. топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

Осыдан ұйымды белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамдардың саналы, жүйелендірілген іс-әрекетінің бірлестігі деп айтуға болады. 




Ұйым негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:

Осы аталған процестердің біреуі өз кезегінде болмайтын болса, онда ұйым қызмет етуін тоқтатады. Ұйымдағы басқару тиімділігі осы процестер арасындағы байланысты қолдап тұруы қажет.


Ұйымдардың негізгі түрлері:
Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құрылып, олар ресми, бейресми және күрделі болып жіктелінеді.
Ресми ұйымдар дегеніміз – мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылықтың өз еркімен құрылыған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет - қызметкерлер ара-қатынасы тағайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.
Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылады. Олар да ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия, жетекшілерге ие болады. Сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау шаралар жүйесі болады.
Күрделі ұйымдар құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Мұнда ресурстар мен мүмкіндік мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет