Сабақ: 1 Мектеп : Қарағанды нзм уақыты : Мұғалімнің аты



бет1/4
Дата14.12.2023
өлшемі405.68 Kb.
#486560
түріСабақ
  1   2   3   4
Ж.Жабаев 1- гуманистік


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Мектеп: Қарағанды НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.К.

Сыныбы: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық»
Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Сабақ мақсаты

Кейіпкерлердің тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап, өз көзқарасын білдіріп, шығарма тұжырымдамасын айқындайды.

Бағалау критерийлері

  1. Өлеңдегі кейіпкерлердің тұлғалық болмысын гуманистік көзқарас тұрғысынан талдайды.

  2. Өз көзқарасын білдіріп, өлеңнен шығатын тұжырымды айқындайды.

Дескрипторлар

  • кемінде 8-10 түсініксіз сөздің мәнін ашып, синонимдік қатарын табады;

  • екі кейіпкердің бейнесіне қатысты ұстаным, қажеттілік, мүдде тұрғысынан талдау жасайды;

  • кейіпкерлердің тұлғалық болмыстарына автор көзқарасы тұрғысынан баға береді;

  • өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.

Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

АКТ-ны қолдану
дағдылары:

Ақын туралы деректі фильм, бейнебаян және таныстырылым көрсетіледі.
Зілді бұйрық - Жамбыл Жабаев - Өлеңдер - Bilim - All

Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану, тарих, ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар.
Сабаққа тарих пәні мұғалімін шақыруға болады. Тарих пәні мұғалімі 1916 жылғы июнь жарлығы туралы әңгімелеп беруіне болады.

Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер: тақырып, идея, мазмұн, кейіпкер, ұстаным, мүжже, қажеттілік, көзқарас т.б.
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің байқағаным,...
Менің ойымша,...
Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім



Айтыс өнерінің құдіреті, халықтың әлеуметтік мәселесін қозғап, шешуге түрткі болуы.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы
6 мин



Қызығушылықты ояту:
«Шаттық шеңберіне» жиналған оқушыларға төмендегі суреттер таратылады, оқушылар осы суреттер бойынша сабақ мазмұнына болжам жасап сөйлейді. Осы суреттер арқылы топтасады.















С. «Миға шабуыл» стр. бойынша оқушыларға ББ кестесін толтыру ұсынылады.
«Жамбыл Жабаев жайлы не білемін?»



Білемін

Білдім

-ақын
-күйші
-жыршы
-айтыскер




Ж.Жабаев туралы деректі фильм көрсетіледі. Деректі фильм көргеннен кейін оқушылар ББ кестесінің «Білдім» бөлігін толтырады.


Ж.Жабаев туралы деректі фильм 
video.yandex.kz›ж.жабаев туралы деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=Ji1jsPlLHoU




"Қазақ әдебиеті" бағдарламасы - Жамбыл Жабаев
Мұғалім бейнебаянды 1 минуттан бастап, 3 минутқа дейін, яғни 2 минут қоюына болады.


Оқушылар кестені толтырғаннан кейін,
Жеке жазып, жұппен және топта талқылап, араларынан спикер өз ойларын ортаға салады.

Ж.Жабаев туралы деректі фильм 
video.yandex.kz›Ж.Жабаев туралы деректі фильм

https://www.youtube.com/watch?v=Ji1jsPlLHoU




Зілді бұйрық - Жамбыл Жабаев - Өлеңдер - Bilim - All


Ортасы
34 мин



Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 2 мин.
Ой шақыру.
Сұрақтар:
«Зілді бұйрық» дегенде ойымызға не келеді, ойымызға келгенін 2 минут жазамыз. Топта ойымызды ортаға салып, сыныпқа ұсынамыз.


Мағынаны тану сатысы


ЖЖ. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.
Тапсырма

  1. Өлеңді түсініп оқы.

  2. Төмендегі кестені негізге алып, сөздік жұмысын жаса.

Мағынасы түсініксіз сөздер

Білдіретін мағынасы

Автор ойын жеткізудегі орны



































































  1. Өлеңде сипатталған екі кейіпкердің бейнесіне қатысты ұстаным, қажеттілік, мүдде тұрғысынан талдап, тұлғалық болмыстарына автор көзқарасы (гуманистік ) тұрғысынан баға бер. Екі кейіпкерге талдау жасауда төмендегі «Түйнек» сызбасын пайдалан.

Ұстаным

  1. 3-4 сөйлеммен өлеңнен шығатын тұжырымды жазып, өз қөзқарасыңды білдір.

  2. Жұмыстарыңды өзге 2 жұпқа барып қорғап, өзге 2 жұптың жұмысын тыңдап, бағалаңдар.

«Зілді бұйрық» өлеңі


Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Бір сая бола ма деп шыбын жанға.
Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
Қарғалы деген тасқын бір өзенге.
Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -
Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол пристав жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жанында қан, малында қалмаңыз.
Оразаның күні еді сол уақытта,
Бұл күнде оразаны не қыламыз!
Суында Қарғалының ауыз ашты,
Бір пәлекет халыққа душарласты.
Басшылары кеткен соң, тағат алмай,
Жиылған жұрт дағдарып, жанталасты.
Келді де, алып кетті жақсыны айдап,
Барады боздақтардың көзі жайнап.
Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз,
Жөнелді абақтыға соры қайнап.
Жақсыдан жақсы қоймай, алды санап,
Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ.
Білмеді не болғанын сырттағы ел,
Қамалғандар тірідей тартты азап.
Шулайды абақтыға қамалған көп,
Сырттағы жүр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
Бекболат бола қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
Байбосын қоса кетті арасында.
Абақтыда қалғандар естен танды,
Көзінің қамшы тиіп қарасына.
Әкетті байғұстарды арбаға сап:
«Иманыңды айтатын молдаңды тап.
Үндеріңді шығарма, өңкей надан,
Мұнан былай сөйлеме, аузыңды жап!»
Самсыны* алған екен Ботпай** қамап,
Оларды жігітімен кетті сабап.
Тұтқындарды босатып ала алмады,
Бір пәлеге екінші пәле жамап.
Пристав та Самсыға барған екен,
Жәнібектің мешітін қамап алған екен.
Жәнібек қажы жанына ара тұрды,
Бір болыс ел жиналып барған екен.
Ала алмай күні бойы әлек болды,
Жәнібек приставқа себеп болды.
Ертеңінде құтылып, Ұзынағашқа
Паңдатып келе жатты қара жолды.
Бөлек-бөлек топтанып, шоқтай болып,
Бай көпесті өлтірді Ботпай болып.
Қолына онан басқа түк түспеді,
Кезсе де бұл маңайды әбден шолып.
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын бұл істің біле алмастан,
Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді кек алмастан.
Шиенде* де әскерлермен ұрыс болды,
Сол ұрыста топ басы Саттар өлді.
«Саттар өлді, ел қашты» деген хабар
Ел-елдерге жайылды оң мен солды.
Шұбырып тауға қарап ел жөнелді,
Не боларын соңының кім біледі?
Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.

* Самсы - жер аты.


* Ботбай - ру аты.
* Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтүстігіндегі елді мекеннің аты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет