6)Кооперация-ресми және бейресми құрылымдары қалыптасқан саны жағынан қоғамда ең көп тараған топтар.
7)Ұжым- қоғамдық имандылық және адамгершілік тұрғыдан алғанда сапасы жоғары әлеуметтік қарым-қатынастары қалыптасқан топ.
8)Сығымдалған топ-саны жағынан аз, бірақ өзара үйлесімділігі өте жоғары топтар.
Әлеуметтік тап-өте үлкен топ. Сол тапқа кіретін адамдардың барлығы да бірдейге жақын материалдық, әлеуметік және т.б жағдайлары болуы міндет. М.Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. М.Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек қана нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек капитализм дәуірінде дәуірінде пайда болды. Жалпы М.Вебер адамзат қоғамында тек қана екі типті қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екінші-нарықтық қоғам. Сонымен тап деген әлеуметтік топ тек қана капитализм қоғамында пайда болды. Осы қоғамда нарықтық экономиканың тірегі-капитал. Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болды. Олар, мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті т.б. М. Вебердің түсіндіруі бойынша капиталистік қоғамда таптардан басқа , таптық деңгейге жетпейтін біраз статустық топтар да орын алады.