Тақырыбы: «Білім кілті кітапта» Мақсаты



бет1/2
Дата22.06.2023
өлшемі15.61 Kb.
#475295
түріОқулық
  1   2
Білім кілті - кітапта


Тақырыбы: «Білім кілті - кітапта»
Мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер.
Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар,балалар ақын-жазушылардың суреттері қолданылды,жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.
Кітапханашы:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,
Деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі оқушылар дайындаған
«Кітап білім бұлағы» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы:
Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
2-оқушы:
Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?
3-оқушы:
Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Кітапханашы:
Балалар,бізге бүгін қонаққа Кітап келіп отыр,кітапты ортаға шақырайық.
Кітап:
Балалар,мен білім көзі – Кітап мені жасау үшін көп адам еңбек сіңіреді.Кітаптың қайдан шығатыны туралы әңгімелеу.Кітап қайдан шығады екен?
Ағаштан.
Кітапханашы:
Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады.
Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.Кітап сен бізге қонақ болып,балалардың өнерін тамашала.


1-оқушы:
Адамның досы кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет