Техника ұғымы және оның қолданыстағы мәні Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын қарастыруға болады. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдар бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді.
Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.
Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.
Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.
Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.
Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно — оптимистік көзқарас дейміз.
Техника- адамның заттар өндіуге және өзінің күнделікті қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшінжасап шығарған құралдар, автоматтар,машиналар сияқты еңбек құралдары.Көне замандарда адамдар құрал ретінде таяқ тасты қолданып,оларды өңдеудің алғашқы тәсілдерін меңгерді.Осылайша тас балғалар мен балталар,шақпақ тас және сүйек ұшты найзалар пайда болды. Оның дамуында үш маңызды кезең бар: қол еңбегінің құралдары, машиналар, автоматтар. Техниканың өзі ғылымға жаңа талаптар қойып отырады. Қазіргі қоғамның даму деңгейін ғылым мен техниканың дамуы анықтайды. Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт.
Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.
Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді:
1) техника тарихын және оның мәдениетпен қарым – қатынасын зерттеу;
2) қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау;
3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу;
4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлемнен техникалық әлемнің бөлуінуін қарастыру;
5) басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзара қарым – қатынасын зерттеу.
Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.
Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.
Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.