Тақырыбы: Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі


Кіріспе Тақырыптың көкейкестілігі



бет2/11
Дата19.05.2022
өлшемі136.27 Kb.
#457784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой - пікірлері мен іс-тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Еліміздің егемендікке қол жеткізуі халқымыздың мәдени, әдеби, кәсіптік және ғылыми бағыттарының жаңаша рең алып, өркендеуіне себепші болды. Осы тұрғыда жаңа ұлттық тәрбие, тұлға қалыптастырудағы оқу-тәрбие жұмыстары да жаңа мазмұнға – ұлттық мазмұнға ие болды.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауында: «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» деп атап көрсетті [1]. Осыған орай, қазіргі жастардың бойында ұлттық сананы ұлтаралық келісім, толеранттылық негізінде қалыптастырудың маңыздылығы – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін тәрбиелік мүмкіндіктер, жағдайлар жасалу керек», - деп көрсетілген [2].
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық, балажандық, қонақжайлық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және ақын-жыраулардың саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.
Республикамызда ұлттық сананы жинақтап зерттеу, саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған ұлттық сана мен ұлттық құндылықтардың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен әдістеріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде.
Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі қарым-қатынас мәселесінің мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне айрықша ден қоюда. Әсіресе, болашақ мұғалімдердің ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов , Ы. Алтынсарин , А.Құнанбаевтардан басқа А.Байтұрсынов , Ж.Аймауытов М.Жұмабаев , Ш.Құдайбердиев , т.б. үлкен мән берген.
Ұлттық сана категориясын философиялық аспектіде қарастырғандар
Д. Кішібеков , С.Қ. Мырзалы Ә.Н. Нысанбаев ,
Қ. Мұхамбеталиев ,Ж.Ж. Молдабеков , Т. Бурбаев , Ә. Қалмырзаев , А.Х. Қасымжанов т.б.
Бүгінде Қ.Бөлеев , Қ.Жарықбаев С.Қалиев [, С.А. Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова С. Ғаббасов , Р. Әбдіқасымов ,
Ә. Табылдиев, Р. Төлеубекова т.б. көптеген қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын, оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.
Осындай жетістіктермен қоса педагогикалық әдебиетте, баспасөзде жазылып, қоғамда, өмірде көрініс беріп жүрген талғамсыздық, сыңаржақтылық, ұраншылдық, мәселенің ішкі мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне әуестенушілік секілді келеңсіз құбылыстар бой көрсетуде. Мұның өзі уақыт талабына сай оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың қажеттілігі мен педагогика теориясы мен практикасындабұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.
Осыған орай, зерттеу проблемасы оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық сананы қалыптастыруды пайдаланудың педагогикалық негізін қарастыру, педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын «Болашақ мұғалімдердің бойында ұлттық сананы қалыпастырудың педагогикалық негіздері» деп таңдауға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет