Тақырыбы: Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі



бет10/11
Дата19.05.2022
өлшемі136.27 Kb.
#457784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Болашақ маманның ұлттық санасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негізі

Қорытынды
Адамзаттың мыңдаған жылдық тарихында жас ұрпақты тәрбиелеудің екі тармағы қалыптасты: отбасылық және қоғамдық. Бұл тармақтардың әрқайсысының өз алдына тәрбие жөніндегі бір әлеуметтік институт бола тұрып, бала тұлғасын қалыптастыруда ерекше мүмкіншіліктері бар. Ерте уақыттан бері тұлғаның қалыптасуындағы бастысы: отбасы немесе қоғамдық тәрбие (балабақша, мектеп) деген талас пікірлер бар. Кейбір ұлы педагогтар отбасының пайдасына ыңғайланады, басқалары басымдықты қоғамдық мекемелерге береді. Мысалы, Я. А. Коменский анасының қолы мен аузынан білім жинағын ана мектебі деп атады. Ана сабақтары – оқу кестесіндегі үзіліссіз, демалыссыз және каникулсыз. Баланың өмірі неғұрлым жан-жақты және мағыналы болған сайын, солғұрлым ана қамқорлығының аясы кеңи түседі. Заманауи ғылым бала тұлғасын дамыту үшін шығынсыз отбасы тәрбиесінен бас тарту мүмкін емес екендігін куәландыратын көптеген деректерді біледі, себебі оның күші мен ықпалдылығы ешқандай, тіпті балабақша мен мектептегі өте жоғары деңгейде деген тәрбиемен салыстыруға келмейді. Мектеп – баланың және отбасының өміріндегі жаңа саты. Бала да, ата-ана да жаңа статус алады. Баланың мектепте жақсы оқуы көбінесе, оның қаншалықты дайындалғандығына байланысты. Көпшілік жағдайда мектепке дайындық дегенді баланың жазуды, оқуды, санауды үйрену деп түсінеді. Бала әріптерді буынмен қойып, сөз құрастырса ата-ана оған өте риза болады. ал мектепте оқуға дайындық деген – ол мүлдем басқа екендігін ойламайды. Мектепке дайын болуды қалыптастыру мамандардың да, балалардың ата-аналарының да қатты назар аударуын қажет ететін кешенді проблема. Отбасымен жағдайда баланың мектепке дайын болуын қалыптастырумен Т. А. Березина, Т. И. Бабаева шұғылданды.
Олар психологиялық және әлеуметтік дайын болуды, психофизиологиялық функциялардың дамуын, отбасы жағдайындағы танымдық іс-әрекетті қарастырды. Көптеген авторлар жанұяда оқу іс-әрекетінің мотивациясын қалыптастыру қажеттігін көрсетті. Ф. А. Сохин баланы мектепке отбасында дайындау заңдылықтарын қарастырды. Баланы мектепке дайындау – педагогиканың, заманауи білім берудің аса бір маңызды және өзекті проблемаларының бірі. Балаларды тәрбиелеу, өмірінің алғашқы күнінен бастап бала тұлғасын 176 қалыптастыру – ата-ананың негізгі міндеті. Отбасы балаға ықпал етеді, өмірге араластырады. Баланың басты тәрбиешілері - ата-аналары. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін жанұя – оның өмірін қоғамдық ортамен байланыстыратын бірінші және негізгі буын және бұл өте маңызды. Заманауи отбасы әлеуметтік ортаның ықпалымен емес, тек қана өзінің ішкі өмірімен өмір сүруі мүмкін емес. Ата-ана бала үшін бірінші мұғалім және еліктеу үлгісі болады. Баланың адамгершілік-еріктік аясын қалыптастыруда (бала тұлғасын жан-жақты қалыптастырудың маңызды шарты) отбасына жетекші рөл беру маңызды.
Баланың адамгершілік-еріктік тұрғыда тәрбиеленгендігінен оның мектепте жақсы оқуы ғана емес, өмірлік ұстанымының қалыптасуы да байланысты. Дегенмен мектепке дайын болу ұғымы баланың тек қана адамгершілік-еріктік қасиеттерінің қалыптасқандығын қамтып қана қоймайды, басқа элементтерді де қатыстыратын білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынының болуын да қарастырады. Бұған мотивациялық та, тұлғалық та дайындық, еріктік және интеллектуалдық, «оқушының ішкі ұстанымы» кіреді. Басты нәрсе көптеген ата-аналар үй жағдайында баланы балабақша педагогтарындай мектепке дайындай алмайды. Көбінесе ата-аналар баланы мектепке дайындаймын деп тәртіптің «қате сценарийін» таңдайды, соның салдарынан балаларда мектепке деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды, қорқыныш пен күйзеліс пайда болады. Үйде тәрбиеленген балалар бірінші сыныпқа «оқушының ішкі ұстанымының» оқуға құлықсыз және оқу іс-әрекеті жөніндегі дұрыс емес түсініктерімен келеді. Сонымен, баланың мектепке дайын болуының ең оңтайлы нұсқасы отбасы мен мектепке дейінгі мекеменің өзара тығыз әрекеті, баланы мектепке дайындаудың барлық аспектілері бойынша серіктестігі болып саналады. Тәрбиеші өз жұмысында отбасы көмегіне, ал ата-аналар – өз жұмысын жалпы нәтижеге – баланы мектепке дұрыс және толық дайындауға жету үшін балабақша жұмысымен келісіп жүргізуі тиіс, өйткені бұл тек ата-ана мен балабақша жұмысының бірлігі мен серіктестігі жағдайында ғана мүмкін болады. Баланы мектепке дайындауда ата-ананың рөлі зор: жанұяның ересек мүшелері ата-ананың да, тәрбиешінің де және мұғалімнің де функияларын атқарады. Бірақ ата-аналардың бәрі мектепке дейінгі мекемеден қол үзгендіктен баласын мектепте оқуға, мектеп бағдарламасын меңгеруге дайындауды толық, жан-жақты қамтамасыз ете алмайды.
Балабақшасында болмаған балалардың мектепке дайындық деңгейі балабақшаға барған балалардікінен төмен болады. «Үй» балаларының 177 ата-аналарының мектепке дейінгі мекемеге барған, балабақшада мектепте сабақтарда арнайы дайындалған балалардың ата-аналарына қарағанда әрқашан мамандармен кеңесуге мүмкіндіндігі бола бермейді де, оқу-тәрбие процесін өзінше құрады. Дайындау кезінде олар басты назарды арнайы дайындықты қалыптастыру жағына (оқи білу, жаза білу және т.с.с.) аударады да, ал өзінділік, тиянақтылық, жауапкершілік, жинақылық сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге аса бір үлкен маңыз бермейді. Ойлау, адамгершілік, еріктік, эстетикалық және дене даму дайындығын қалыптастыруға аз көңіл аударылады. Балалардың мотивациялық, оқу білігі мен қасиеттерінің қалыптасуында қайшылықтар байқалады. Дегенмен барлық ата-аналар балаларды мектепке дайындау проблемасына кездеседі, бірақ бәрі бірдей оны шеше алмайды. Қазіргі кездің жанұясы жағдайында баланы мектепке дайындауды ұйымдастыру жөнінде ата-аналар үшін кешенді материалдар мен ұсыныстардың жеткіліксіздігі байқалады, соның салдарынан мектепке дейінгі мекемеге бармаған балаларды мектепке дайындау мәселесі туындайды. Қолда бар ата-аналарға арналған құралдардың кешенді сипаты жоқ, балаларды мектепке дайындаудың жекелеген тұстарын ғана қарастырады, ол ата-аналарға тұтас процесті көруге мүмкіндік бермейді. Баланы отбасы жағдайында мектепке дайындау аса қажет. Оның жемісті болуы бірқатар ұйымдастырущылық-педагогикалық шарттарды орыдауды қарастырады. Басты шарты – баланың отбасы мүшелерімен тұрақты бірлестігі.
Баланың қиыншылықтарды жеңе білуін қалыптастыру. Баланы бастаған ісін міндетті түрде аяқтауға үйрету қажет. Көптеген ата-аналар баланың оқуға қаншалықты құлықты екенін түсінеді, сондықтан оған мектеп туралы, мұғалім мен мектепте алатын білім туралы айтып береді. Осының бәрі мектеп туралы жағымды көзқарас туғызады. Ары қарай баланы оқудың оңай емес екендігі жөнінде дайындық жүргізеді. Бұл қиындықтарды жеңуге болатындығын түсіну баланың сәтсіздіктерді дұрыс түсінуіне себеп болады. Үлкендер баланың сабақтарын, ойынын, шамасы келетін жұмыстарды және басқа да іс-әрекеттерін басқаруы, мадақтауы ұйымдастыруы тиіс. Ата-аналар баланы мектепке дайындауда баланың жеке өзіндік іс-әрекетінің маңызды екендігін түсінуі керек. Сондықтан баланы мектепке оқуға дайындаудың рөлін тек сөзбен нұсқау беру дәрежесінде түсінбеу қажет. 12–7463 178 Баланы мектепке дайындаудың және жан-жақты дамытудың тағы бір қажетті шарты, М. М. Безрукихтің пікірінше, жетістікке жету. Үлкендер балаларға міндетті түрде жетістікке жететіндей іс-әрекет жағдайын жасауы керек. Бірақ жетістік шынайы, мақтау – оған тұрарлықтай болуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындауда эмоционалдықеріктік сфераны байыту, сезімді тәрбиелеу, жаңа жағдайға бейімделе білуі ерекше орын алады. Өзіндік сананың өсуі өзін-өзі бағалауда айқын көрінеді, яғни бала өзінің жетістіктерін басқалардың бағалауына қарай отырып, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін қалай бағалайтындығын көрсетеді. Бұл мектепке психологиялық дайын болу көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі дұрыс бағалаудың негізінде соған сәйкес мадақтау және ескертулер жасау көзқарасы қалыптасады. Таным қызығушылығын қалыптастыру, іс-әрекетті және эмоционалдық-еріктік сфераны байыту – мектеп жасына дейінгі балалардың белгілі бір білімді, білікті, дағдыларды жақсы меңгеруінің алғышарттары болып табылады. Өз кезегінде, қабылдауды, ойлауды, есті дамыту баланың білім алу тәсілін қалай меңгергендігіне, оның қызығушылығының бағытталғандығына, жүріс-тұрысының еркіндігіне байланысты.
Баланы мектепке дайындағанда ата-аналар оны салыстыруға, қорытынды жасауға және жалпылауға үйретеді. Ол үшін бала оқып берген кітапты, үлкендердің әңгімесін мұқият тыңдауға, өз ойын дұрыс және жүйелі айтып беруге, сөйлемді сауатты құруға үйренуі тиіс. Оқығаннан кейін баланың қалай түсінгендігін анықтау керек. Бұл оқығанын талдауға, баланы адамгершілікке тәрбиелеуге, сонымен бірге қисынды жүйелі сөйлеуге үйретеді, сөздік қорында жаңа сөздер болуын қамтамасыз етеді. Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ата-аналардың өнегесінің маңызы үлкен. Ата-аналардың күшімен және олардың көмегінің нәтижесінде бала дұрыс сөйлеуге үйренеді, яғни ол мектепте оқуға, жазуға дайын. Мектепке келген баланың эстетикалық талғамын дамыту керек, бұл жерде ең басты рөл отбасына тиесілі. Эстетикалық талғам баланың назарын күнделікті өмір құбылыстарына, айналадағы тұрмыстық заттарға аудару процесінде де дамиды. Отбасында ойын әрекеттерін дамыту мен жетілдіруге ықпал ету қажет. Баланың ойлауы мен сөйлеуінің дамуы көбінесе ойынның даму деңгейіне байланысты. Ойында орын басу процесі дамиды, бала онымен мектепте математиканы, тілді оқығанда кездеседі. Бала ойнай жүріп 179 өз әрекеттерін жоспарлауға үйренеді, бұл келешекте оқу іс-әрекетін жоспарлауға көмектеседі. Сурет салу, жабыстыру, қию, құрастыруды білуі керек. Осыларды жасау арқылы бала өз әсерін, эмоционалдық күйін бейнелей отырып, шығармашылығынан қуаныш алады. Сурет салу, құрастыру, жабыстыру баланы айналасындағы заттарды көре білуге, талдауға, олардың түрін, түсін, пішінін, шамасын, бөліктерінің қатынастарын дұрыс қабылдауға көмектеседі. Бұл бір мезгілде баланы жүйелі іс-қимыл жасауға, өз ісін жоспарлауға, олардың нәтижелерін берілгенімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Барлық осы білік мектепте аса қажет болады. Баланы оқытып тәрбиелей отырып, сабақты көңілсіз, жағымсыз, атааналардың балаға мәжбүрлеуі және баланың өзіне де керексіз әрекетке айналдырмау керек. Ата-аналармен қарым-қатынас, оның ішінде бірлескен жұмыс балаға ләззат және қуаныш әкелуі тиіс, танымдық белсенділігін арттыруы, оқу-танымдық мотивация қалыптастыруы қажет. Баланың ақыл-ойына артық жүк түсіруден қорқатын ата-аналар дұрыс жасамайды. Сол сияқты, баланың санасына көп мөлшердегі әртүрлі және жасына сай келмейтін «ақылды» деректермен салмақ түсіру де дұрыс емес. Ата-аналар бала жыл сайын дамиды деп есептейді. Тексергенде олардың жеңіл, үстірт, шашыраңқы, ал кітап кейіпкерлері жөнінде үлкендерден естігендерін айтады. Тіпті өмірлік жағдаяттарда бәрін білгіш сияқтанып көрініп, үлкендерден естіген дайын сөздерін мағынасын түсінбей қайталай береді.
Баланың білуге құштарлығын алғашқы күннен бастап байқап және оларға түсінікті деректер арқылы мектеп «ертеңіне» дайындаған ата-аналар дұрыс жасайды. Балаларын тәрбиелей бастағанда, олар негізінен болашақ мектеп оқушысын дайындай бастайды: оның алдыңғы жинақтаған тәжірибесі оқудың жемістілігін анықтайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет