Тапсырмаларға балл қою кестесін
әзірлеу
Обзор долгосрочного плана учебной программы
Оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға шолу жасау
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына шолу жасау
Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
тоқсанды аяқтау бойынша бағалау рәсімдерінің мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды анықтайды
бір параллельдегі барлық сыныптар үшін бірыңғай талаптар белгіленеді
тапсырманың мақсатын, күтілетін нәтижесін, деңгейін, орындау уақытын, құрылымын, сипаттамасын анықтайды
тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері ұсынылған
ТЖБ спецификациясы –
бұл құжат
Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясының мазмұны:
- тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
- пән бойынша күтілетін нәтижелер;
- пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты;
- ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды әр тоқсан бойынша бөлу;
- тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі;
- тоқсандық жиынтық бағалауға шолу;
- тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;
- тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
- тапсырмалардың балл қою кестелері.
Балл қою кестесінде жауап үлгілерін дескриптор түрінде жазуға болмайды, себебі балл қою кестесінде тапсырманы орындау қадамдары емес, балл тағайындалған дұрыс (болжамды) жауап үлгілерін көрсету керек.
Балл қою кестесіндегі қосымша ақпарат әртүрлі маңызды ақпаратты қамтуы мүмкін, мысалы:
✓ бірнеше балл берілетін тапсырмалар. Бұл жағдайда әр балл не үшін қойылатыны туралы нақты түсініктеме жазылады;
✓ оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар;
✓ қабылдауға болмайтын жауаптар;
✓ дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық балама (альтернативті) жауаптар.
Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?
- Сыныпта меңгерілген материалды бағалаңыз
2. Оқушылардан берілген дереккөздерге сүйеніп, дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 тапсырма құрастыруды сұраңыз
3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін келесі ақпараттарды қолданыңыз:
! шындықты анықтау тапсырмасы үшін – 30 секунд;
! көп таңдауы бар тапсырма үшін – 60 секунд;
! қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін – 120 секунд;
! толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге – 10-15 минут;
! жұмысқа шолу жасау үшін – 5 - 10 минут.
4. Оқушылардың кем дегенде 50-70 пайызы жауап бере алатындай немесе күрделілігі орташа тақырыпты таңдаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |