Әсері - Термореттеуші орталығын тежейді, морфинмен уланғанда дененің температурасы кенетте түсіп кетеді..
- АДГ шығуын ынталандырады, Бұл зәрдің тоқтауына алып келеді.
- Пролактин и соматотропиннің шығуын ынталандырады
- ЛДГ шығуын тоқтатады.
- Тәбетті төмендетеді.
- Тыныс алу орталығын тежейді жас балаларда жеңіл дамиды.
- Жөтелу рефлексінің орталықтық түйінін тежейді және жөтелге қарсы белсенділікке ие.
- IY қарыншаның түбінде орналаақан хеморецепторлық триггерлі зонаның нейрондарын ынталандыру, жүрек айну мен құсуды шақырады.
- Ауырсыну шогының дамуымен қауіптелген өткір ауырсынулар. Мысалы: ауыр травма (түтікті сүйектің сынуы, күйік), операциядан кейінгі кезеңді жеңілдету.
- Миокардтың инфарктісінде, өкпе артериясының эмболиясында, жедел перикардитте, пневматороксте. Аяқ астында пайда болған ауырсынуды жеңілдету үшін морфинді көктамырға енгізеді, бұл шоктың даму қатерін төмендетеді.
- Коликаларда, мысалы, ішек, бүйрек, бауыр және т.б. Бірақ бұл жағдайларда морфинді спазмолитиктермен атропинмен бірге қолдану керек екенін есте сақтау керек
Морфиннің жанама әсері
дисфория
іштің қатуы
ауыздың құрғауы
ойлау қабілетінің қараңғылануы
бас айналуы, жүрек айну және құсу
тыныстың тежелуі
бас ауруы, шаршағыштық,парестеия
брадикардия.
Кейбір кездерде, тремор және сандырақтау
пайда болады, және де аллергиялық реакция.
Транквилизаторлар - Транквилизаторлар, атарактиктер (лат. tranquіllo – тыныштандырамын) – тыныштандыратын қасиеті бар, психотроптық құралдар тобына жататын дәрілік препараттар.
- Сипаты:Транквилизаторлар адамның эмоциялық ширығуын, қозуын, бір нәрсеге алаңдауын азайтып, бұлшық еттің жиырылуын төмендетеді, вегетативті жүйке жүйесі қызметіне әсер етіп, кейбір ұйықтатын дәрілердің әсерін күшейтеді. Транквилизаторлар адамның қорқыныш, үрейін, шектен тыс мазасыздануын бәсеңдетеді, тежелу, шамадан тыс ұйқышылдық және жүйкелік бұзылуларды тудырмайды. Транквилизаторлардың токсиндік әсері аса жоғары емес, дегенмен оларды үнемі қабылау организмнің транквилизаторларға деген құмарлығын арттыруы мүмкін.
Диуретиктер - Денеден сұйық шығаратын препараттар. Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид, хлорталидон, триамтерин. Әлбетте бұлар салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ басқадай тыйым салынған препараттарды қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің арқасында ағзадағы химиялық преператтар сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері — сусыздандырады; құрыстырады; басты ауыртады, бас айналады; жүрек айныйды; бүйрекке зақым келтіреді.
Қорытынды - Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсері жоғарылау жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін. Дәріге тәуелділіктің алдын алу мен емдеу медициналық және әлеуметтік күрделі мәселесі болып табылады.Дәріге тәуелділік шақыратын дәрілерді мұқият пайдаланған жөн.
- Сақтықпен қара!
- Ауырып ем іздегенше ,ауырмайтын жол ізде.
Достарыңызбен бөлісу: |