Тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы – кемел ойлы, көркем сөзді шежіре Орындаған



бет6/7
Дата22.03.2023
өлшемі123.5 Kb.
#471000
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба

ҚОРЫТЫНДЫ

Тау тұлғалы талант, ғұлама ойшыл Әбіш Кекілбайұлының ерен еңбегі қандай құрметке де лайық екенін айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев заңғар жазушы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына тағзым ету тек Маңғыстау өңірі ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға деп бағалады.


Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті – ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы.
Қос ғасырдың тоғысар тұсында замананың тұрпатын, Тәуелсіздіктің кемшін тұстарын көре білген, оны танып, жеткізе білген жан кемде-кем. Әбіш Кекілбаев жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы Әбіш Кекілбаев феномені – қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс!
Зерттеу жұмысын тұжырымдай келе айтарымыз:
- Әбіш Кекілбаев - поэзияда, прозада, аудармада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес, өшпес шығармалар берген суреткер;
- қазақ халқының өткен заманындағы өмірін зерттеуші, біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып қалыптасқан жан;
- ол - өз халқының тарихында тау шыңындай боп тұрған тұлға;
- Әбіш Кекілбаев – қазақтың ұлттық санасының озық үрдістерінің насихатшысы;
- жазушы - адам баласының ішкі философиялық-психологиялық құбылыстарын түрлі көркемдік әдіс арқылы жеткізе алатын суреткер;
- Әбіш Кекілбаев шығармаларын терең біліп, тәлімін алу – жас ұрпақ үшін таптырмас қазына.
Әбіш есімі бізге осынысымен қымбат.
Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді.
Әбіш – халқымыздың абызы, қайраткері. Оның прозасы мен публицистикалық шығармалары және ғылыми еңбектерінің ең басты объектісі – адам, басты мақсаты – тұлға тәрбиесі. Адам болғанда да «өзі үшін оттаған хайуанның» бірі емес, адамдар үшін еңбек ететін, «ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын», жан-жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ал «толық адам», «жетілген адам» дегендердің мағынасы – терең философиялық ұғымдар. Адамды адамгершілік тұрғысынан, кісілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан күрделі мәселе.
Әбіштің прозасы – бұл сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік, тұлға қалыптастыру, елдік, тәуелсіздік мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
Әр нәрсенің пайдалану реті болады. Сол сияқты Әбіштің бізге қалдырған мол рухани мұрасын ХХІ ғасыр тұрғысынан зерделей білуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет