Тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы – кемел ойлы, көркем сөзді шежіре Орындаған



бет2/7
Дата22.03.2023
өлшемі123.5 Kb.
#471000
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба

Зерттеудің мақсаты: Әбіш Кекілбаев – поэзия, проза, драматургия, аударма, публицистика салаларында өндіріп жазған, соңына мол мұра қалдырған жазушы. Ол қалдырған әдеби мұраның әр жанр туындысы арнайы қарастыруды қажет ететін еңбектер. Біз бұл ретте қаламгердің «Аңыздың ақыры» романының жазылу жайы, жанрлық-тақырыптық сипаты, идеялық-көркемдік ерекшеліктерімен қоса арнайы туындыдағы ішкі монолог құбылысын зерттеуді жөн көрдік. «Аңыздың ақыры» романы арқылы қаламгердің шығармашылық шеберханасын танытуды мақсат етіп отырмыз. Біздің айтып отырғанымыз – әдебиеттану ғылымындағы тұлғатану мәселесі. Тұлғатану – кез келген жазушының шығармашылығы арқылы жүзеге асады. Әбіш Кекілбаевты тұлға ретінде таныту – оның бай әдеби мұрасын талдау арқылы жүруі керек.
Жоғарыда айтылған мақсаттқа жету барысында төмендегідей міндеттерді айқындап, шешу көзделді:
- Әбіш Кекілбаевтың роман жанрына келу жолын қарастыру;
- «Аңыздың ақыры» романының жазылу тарихын, табиғатын таныту;
- «Аңыздың ақыры» романының жанрлық-тақырыптық сипаты, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін жете зерттеп, оларды бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша бағамдау;
- дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін басшылыққа ала отырып, роман жанрын дамытудағы Әбіш Кекілбаевтың жазушылық ролін анықтау,
- жазушы шығармасының көркемдік құндылығы, «Аңыздың ақыры» романындағы ішкі монолог құбылысының жеткізілу жолын жан-жақты қарастыру;
- Әбіш Кекілбаевтың көркем дүниелеріне сыни тұрғыдан баға беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зepттeу жұмыcындa қaзaқ әдeбиeттaну ғылымының нeгiздepiнe cүйeнe oтыpып, Әбіш Кекілбаев романының жазылу жайы, идeялық-көpкeмдiк epeкшeлiгi мeн жaнpлық құpылымы, романдағы ішкі монолог құбылысының жеткізілу жолы, coндaй-aқ cтиль дapaлығы қapacтыpылды.
Зерттеу жұмыcтың құpылымы. Ғылыми жұмыс кipicпe, негізгі бөлім, қopытынды және пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды.

І. Кіріспе.
Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың 70-80 жылдар аралығында мәдениет, әдебиет, кино салаларында ұйымдастыру-шығармашылық қызметтерін атқара жүріп, өзінің жазушылық кәсібін алдыңғы қатарға қоя білді. Партияның Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде әдебиет секторының меңгерушілігіне Әбіш Кекілбаев жазушыларға да, қоғамға да сөйлесе, сөзі өтетін, қажет кезінде басқарушы билікке олардың да талап-тілегін, сөзін өткізе алатын беделді қаламгер, тәжірибелі саясаткер ретінде қызметке шақырылды.
Ә.Кекілбаев Орталық Комитеттен Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне жіберіліп, қысқа мерзімде қыруар істер атқара алды. Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді атқарып келді.
Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар [1].
Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.
Әбіш – әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап, халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы.
Әбіш Кекілбаев қазақ шежіресі мен аңыздарын аса мұқияттылықпен пайдаланып, халық игілігіне жарату керектігін нақты дәлелдермен көрсетті. Сонымен қатар ол шежіре арқылы тарих жасайтындарға талай рет ескерту де жасады. Оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары – тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар.
Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Әбіш Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет