Тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы – кемел ойлы, көркем сөзді шежіре Орындаған



бет3/7
Дата22.03.2023
өлшемі123.5 Kb.
#471000
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жоба

ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Әбіш Кекілбаевтың суреткерлік келбеті, шеберлігі

Әбіш Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Ол толғанса - роман, көсілсе көркемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер.


«Көптеген басқа қаламгерлер сияқты Әбіш ағаның да әдебиетке өлеңмен келгені белгілі. Ол жан түкпіріндегі сырларын, көкейіндегі көркем ойларын өлеңмен өрнектеді. Сонау студент кезінде жазған «Махамбет» поэмасы жастардың ортасында азаттық рухын шалқыта жырлауымен резонанс тудырғанымен, толығымен жариялануына тиым салыныпты,
Кемеңгер Кекілбаев келе-келе көшелі проза мен келісімді көркемсөз саласында кеңінен көсілер шаққа жеткенде де өлеңді жанынан тастаған жоқ. Қасиетті де киелі өнермен арасын суытқан емес. Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың күнделігінде айтылғандай, күллі өмірін поэма түрінде өлеңмен өрнектеп кетті.
Суреткер деген үлкен атақ. Суреткер деп ең биік дәрежедегі сапалы шығарма жасаушыны айтады. Суреткердің еңбегі шығармашылық тұтастығымен, ойын және өзі діттеген шындықты көркем түрде суреттей алуымен, оны жанды бейнеге айналдыру өнерінің жоғарылығымен, талғамының биіктілігімен мойындалуға тиіс.
Ф.Достоевский: «Жазушының суреткер ретінде танылуы оның жақсы жаза алғандығының белгісі» деген. Оның айтуы бойынша, романшының көркемдік биік таланты образдар арқылы бейнеленген ойдың салмақтылығымен өлшенеді. Оны оқырман да дәл сол қалпында түсіне алуға тиісті.
Жазушының көркем жазуы деген сөз - оның жақсы жазарлық қабілеті мол деген сөз. Шын талантты адам шығарма сыртын жылтыратып әрлеу, мәнерлеу, сырлау дегеннің бәрін жоққа шығарады. Шынайы көркемдік дегеніміз өмірдің өзіндей қарапайым қалпын сақтайды. Ол шындықтың сырын да, жарқын суретін де, әдемілігін де көз алдына жайып салады», - деген пікірі ақиқат шындық .
Ә.Кекілбаевтың жазушы ретінде ерекшелейтін - өрнекті де көркем тілі. Ол өз ойын бейнелі жеткізуге, әрбір нәрсені жанды суретке айналдыруға өте ұста. Ұлттық тілдегі сиқырлы сөз саптаулар мен әдеби нәрсені жанды суретке айналдыруға өте ұста. Ұлттық тілдегі сиқырлы сөз саптаулар мен әдеби тілдегі мың иірімді оралымдарды қиюын тауып қиюластырып, ой мен суретті дәлдікпен бере білу осыны танытса керек [2].
Суреткер тілінің поэтикалық қуаты өте зор. «Сылдырлап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» деп Абай таныған келісім бір-бірімен байланысатын жазушы сөйлемдері арқылы әсем жарасым тауып, жүрекке қонып, көңілге ұялап, бойды аралап, тамырдағы қызу қанды лүпіл қақтырып, ойды оятады.
Көркем әдебиеттің жаны-көркем образ десек, жазушы шеберлігінің хас белгісі көркем бейне жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданып, ең бір тиімді тәсілдерді тап басып тани алуында [3].
Көркем бейне сомдаудың сыры адамның ішкі әлемінің, яғни жан дүние шындығын ашумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Әбіш Кекілбаев – адам болмысына терең бойлаудың сан тарау көркемдік тәсілдерін шеберлікпен меңгерген суреткер.
Жазушы кейіпкерлері қарапайым ғана адамдар болғанымен, олардың адами жан дүние құбылысының мәнін ашар өзіне ғана тән өмірі мен тіршілігі, тағдыры мен мінез-құлқы бар. Сондықтан да жазушы ішкі әлем ирімдерінің тереңіне бойлап, кейіпкерінің іс-әрекетіне жеке басындағы түрлі сезім халдерін сипаттай отырып баға береді [ 4].
Сөйтіп, өз көркемдік шешімімен көркемдік шындық үшін тағдыр талқысына салған кейіпкерлерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіретінен жаралған толғауды ой арқылы өреді.
Заман сырын жан-дүниесімен сезіну, мұқтаждықты, халық тілегін терең оймен барлау - ұлы жазушыға тән қасиет.
Ол бүгінгі адамды танып қана қоймайды, оның алдындағы өмірмен, жалғастықты өмір сабағын үйренумен сабақтастырады. Қоғамдағы ұнамсыздықты, білімсіздікті көреді.
С.Торайғыров айтқандай, «Қараңғылықтың көгіне күн болуды» армандайды, алдымен, адам ретінде жетіледі, ақыл-ой алыптарын игереді. Көргенін суреттеумен шектелмей өмір құбылыстарын ойшылдықпен талдайды [5].
Ә.Кекілбаев жүріп өткен, игерген жол да осы жол. Оның жазғандары – қазақ өмірі, халқының тағдыры, оның көргені мен басынан кешкені, кешегісі мен бүгінгісі, солардың бір-бірімен сабақтастығы. Жазушы суреттеуінде қазақ елі, оның тіршілігі – жалпы адамзат тіршілігінен бөлек, оқшау өмір емес, соның бір бөлігі. Оның тарихы да, рухани өмірі де әлемдік өркениетпен байланыста.
Халықтың сол ұзақ өмірінің бүгінгі қорытындысы – қазақтардың тәуелсіздігі болса, Әбіш мұрат еткен шындықтың өзі де сол екенін оның шығармашылық жолын танып барып түсінеміз.
Ә.Кекілбаев шығармаларында екі үлкен тақырыптық жүйе бар. Бірі – аңызда сақталған дала халықтарының рулық және таптық талас-тартыстары да, екіншісі – қарапайым, халық ортасының тіршілігі, оның адамдарын суреттеу талабы.
Ә.Кекілбаев суреттеген халық аңыздары жазушының өзі өскен ортада көп айтылып, санаға жатталып қалған шындыққа негізделеді. Жазушы тарихтың, көшпелі тіршіліктің сүреңсіз әдет-ғұрыптары мен салттарын бүгінгі оқырман көз алдында тірілтті.
Тарих сабағы жақсылықтан ғана тұрмайтынын, ұрпақты одан безіндіретін, өзін аулақ ұстауға үйрететін ауыр оқиғалар сабағы болатынын көрсетті. Солардың қатарында ел арасы жауласушылығының қатігездігі, дәлелсіз, себепсіз қақтығысқан араздық сезімдері, ар-намыс дегенді жамылып, соны сылтау етіп рушылдықты, бөлінушілікті күйттеген сол заманның ұғым-түсініктері айқын ашылады.
Ел мен елдің, көрші халықтардың осындай ойсыз жауласушылығын тоқтатар күшті зорлыққа зорлықпен жауап беруден іздеу мүмкін емес еді. Ол өмірі бітпейтін зорлықтарды тудырар еді. Сондықтан Әбіш қол күшіне емес, ой күшіне жүгінеді. Ол зорлықшының санасына сәуле түсіріп, ойландыратын өнер күшін таңдайды.
Бұл - Әбіш ойдан шығарған дүние емес. Халық ұғымына сіңген аңыздық сипаттағы сюжеттер болатын. Әбіш осыны Маңғыстау қазақтары мен түркімендер арасындағы жауласушылық оқиғаларына ыңғайлап «Күй» атты хикаятында пайдаланады [6] .
Әбіш Кекілбаевтың таза қазақ өміріне арналған шығармаларына қарай ойыссақ, оларда туған халқының кең далада қиыншылық астында өмір кешкен, бірақ тіршілікке деген құрметі мен тілеуін жоғалтпаған өкілдерімен танысамыз. Жазушы олардың күрделі тіршілігінің жағдайларына, сыры мен толғаныстарына үңіледі. Сол арқылы өмір сүрудің мән-мағынасы жайлы ойлануға итермелейді.
Қазақ өмірі қашанда даламен, туған жермен, атамекен-қоныспен байланысты. Құмды даланың жұтаңдығына көніп, тағдырына табандылық көрсеткен, қайратты, жаны таза, парасаты мол адамдар – Әбіш шығармаларының негізгі кейіпкерлері.
Олардың бәрі қарапайым халық өкілдері, даланың табиғатымен туысып кеткен, кешегі қазақы тіршілікке көнбіс, қайсар ұлы мен қызы. Бүгін біз қазақы мінез-құлықтарды іздегенде Әбіш жасаған осы бейнелерге, соларды ашуға, тануға көмектесіп тұрған этнографиялық детальдар мен адам өмірінің ішкі иірімдеріне үңілеміз. Олардың ішінен ескінің көзіндей, тұрмысы ауыр болғанымен, көңілі сара Тілеуді («Бір шоқ жиде»), күйеуі майданда қаза тауып, жалғыз ұлды жеткізген қайсар кемпірді («Құс қанаты») танимыз.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел басына түскен ащы шындықты шынайы қалпында көз алдына жайып салған «Бір шөкім бұлт» хикаятының эпиктік танымы өзгеше.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет